Курсовая работа: Еңбек ақыны ұйымдастыру Южнефтегаз АҚ мысалында


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Нарық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
38

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

1  НАРЫҚТЫҚ  ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ 5

1.1 Жалақының мәні, атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары.. 5

1.2 Еңбек ақы  нысандары мен жүйелерінің экономикалық мазмұны.. 8

1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны  мемлекеттік реттеу. 11

2. «ЮЖНЕФТЕГАЗ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ   15

2.1 «Южнефтегаз» АҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы.. 15

2.2 «Южнефтегаз» АҚ жұмысшылардың еңбек ақысын ұйымдастыруды талдау  19

3. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ   29

3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі 29

3.2 «Южнефтегаз» АҚ-нда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары   32

ҚОРЫТЫНДЫ.. 37

 

 

1  НАРЫҚТЫҚ  ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

 

1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны  мемлекеттік реттеу

 

 

... Жұмыс берушілер қызметкерлердің құқығын шектемеу керек. Кәсіпорынның  банкрот кезінде қызметкерлер  сол жағдайдың кредиторы болады. Мұнда жалақыны жұмысшыларға толық өтеу керек.

 

Қазақстанда мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:

 

- халықты құқықты және әлеуметтік қорғау;

 

- өмір сүру минимумы сай келетін жалақының минималды деңгейін құру;

 

- шет ел жұмысшы күшінің кіруін реттейтін шаралар қолдану;

 

- шаруашылық субъекті жұмысшылар жалақысына тиімді салық салу жүйесін құру;

 

- зейнетақыны, стипендияны, қосымша төлемді есептеу үшін орнатылған есептеу көрсеткіштері;

 

- кедейлік сызығын анықтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсету;

 

Мемлекеттік ретеудің қағидалары болып төмендегілер табылады:

 

- заңнамалық және нормативтік актілер негізінде мемлекеттің жалақыны сатып алу қабілетінің төмендеуін ары қарай болдырмау;

 

- еңбек ақының ынталандырушы функциясын орындауға мемлекеттік әсерді күшейту;

 

- макроэкономикалық үрдіске әсер ету;

 

- еңбек ақының минималды ставкаларын бекіту;                                                                                                                              

 

Сонымен бірге осы кодекс Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында,заңдарында және ҚР бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толық немесе ішінара) шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға қолданылады. 

 

Кодексте жұмыс уақыты түрлері мен ұзақтығы анықталған. Жұмыс уақыты қалыпты, қысқартылған және толық емес болады.

 

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмыс беруші әрбір қызметкердің нақты істеген жұмыс уақытының есебінен жүргізугі міндетті.

 

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы мынадай уақытқа қысқартылады:

 

-                     аптасына 16 сағатқа – он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;

 

-                     аптасына 5 сағатқа – I және  II топтағы мүгедек қызметкерлер үшін;

 

-                     аптасына 4 сағатқа – он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;

 

-                     аптасына 4 сағатқа және одан артыққа – Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті), жұмыстарды атқаратын қызметкерлер үшін.

 

Қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа орналасқан кезде, сондай-ақ жүкті әйелдердің, он төрт жасқа дейінгі  баласы бар (он алты жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) біреуінің, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын адамның өтініші бойынша толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін. 

 

Жұмыс уақытының барынша ұзақтығы 36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан, ал 30 сағаттық және одан да аз жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан асыруға болмайды.

 

Түнгі уақыттағы жұмысқа 22 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейінгі уақыт жатады. Жұмыстың ұзақтығы түнгі уақытта бір сағатқа азайтылады.

 

Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс негізіндегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен Қазақстан Республикасының барлық уақытына белгіленеді. ...

 

 

 

3. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі

 

 

...  Францияда жалақыны жекелеу тәжірибесі бір-біріне сай келетін келесі формалардан тұрады:

 

Жеке шығарым үшін төлем;

 

Кепілденген минимумнан (80%) және айнымалы бөліктен (20%) тұратын жалақы, бірақ тәжірибеде соңғы 10-15% құрайды, әсіресе сауда қызметкерлерінде;

 

Соңғы жылары «кадрларға» (Батыста басқарудың барлық деңгейінің мамандарын осылай атайды) еңбекақы төлеудің жалақы деңгейінің жалпы жоғарылауына тәуелділігі азайып келеді және еңбек нарығының жағдайына, қол жеткізген нәтижелерден және бөлінген құралдарды оптималды пайдаланудан көп тәуелді болып келе жатыр;

 

Жалақының белгіленген бөлігі қызметкердің біліктілігіне байланысты, ал айнымалы бөлігі бір жағынан цех, бригада жұмысының нәтижесіне байланысты, ал екінші жағынан қызметкердің жетістіктеріне байланысты болғандағы  формасы.

 

Жалақыны жекелеудің соңғы формасы қосымша үстемелердің барлық түрлерін пайдалана алады, натуралды түрдегі төлемдерден бастап кәсіпорынның акциясын сатып алуға дейін. Жалақыны жекелеген кезде қызметкердің жағдайы емес, ал оның өндіріске қосқан жеке үлесі есепке алынады.

 

Жалақы саясатында сіңірген еңбегі үшін жүйесін де пайдаланады. «Қызметкерді бағалау» жүйесі квалификациялары бірдей, бірақ жұмыс сапасының көрсеткіштері әртүрлі қызметкерлерге жалақыны анықтауға арналған. Қызметкерлерді бағалау факторлары өндірістік (нормаларды орындау, ақау деңгейі, жұмыс уақытын пайдалану) және тұлғалық (бастамашылдық, еңбекті және шығармашылық белсенділік, өндірістегі шешімдер үшін өзіне жауапкершілік қабылдау, коллективте жұмыс істеу қабілеті) бола алады. Қызметкердің қызметін бағалау әдістері әртүрлі: баллдық бағалау, анкеталау, эксперттік бағалау, қызметкетлерді олардың жұмысының нәтижелері бойынша топтау. «Қызметті бағалау» әртүрлі елдерде кең қолданыс тапты.

 

Жұмысты бағалау компанияның персоналын басқару үшін оның негізгі кадрлық құрамын жоспарлау және қалымтастыру мақсатымен кең пайдаланылады. Ол АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландияда ең көп таралған. Германия, Финляндия және Швецияда оның пайдаланылуы бірнеше саламен шектеледі. Жапония мен Австралияда мүлде жоқ. Жұмысты бағалау – қызметкердің орыны және фирма ішіндегі жалақы иерархиясын жүйелі түрде анықтау құралы. Ол жұмыс оны орындаушыдан талап ететін нормалы өнімділікке қол жеткізу талаптарын талдау мен салыстыруға сүйенеді. Бірақ бұл кезде нақты қызметкердің женке қабілеттіліктері мен тырысулары ескерілмейді.

 

Қызметкердің қаржылық қатысуының әртүрлі формалары олардың фирма жұмысына қызығушылығын тереңдетуге көмектеседі, персоналды жоғарғы тиімді жұмысқа ынталандырады, бұл соңнда пайданың, еңбек өнімділігінің өсуінде көрінеді. Бірақ тікелей байланысты анықтау өте қиын. Себебі, қызметкерлердің арасында бөлінетін сыйақы қорының көлемі өндіріс тиімділігіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар ол фирманың коммерциялық жағдайына да (бәсекелестік деңгейі, тарату нарығындағы үлесі, шикізатқа, отынға, материалдарға бағаның өзгеруі), яғни персоналға байланысты емес факторларға тәуелді.

 

Қаржылық қатысу бағдарламаларына кәсіпорындардың қоятын талаптары келесідей: қатысу кепілділігі; бөлу қорының жалақы қорының нормативінен тәуелсіздігі (пайдаға қатысу бойынша бонустар негізгі жалақының бір бөлігі болмауы тиіс); барлық қызметкерлерге олардың жұмыс тәжірибесі және жұмыс уақытының ұзақтығына байланыссыз әрқайсысына сәйкес марапаттаулар беру; акционерлік қорларды құру зейнетақылық қор қаражаттарының есебінен жүзеге асырылмау керек.

 

АҚШ кәсіпорындарының (ірі және орташа фирмаларының) қаржылық қызметіне қатысудың негізгі түрлері: фирмадағы барлық жұмысшылар үшін пайдаға қатысу - 22%, акцияны жеңілдікпен сату - 30%, қызметкерлердің жинақтық салымдары - 28%.

 

АҚШ-тың ірі және орташа жеке фирмаларындағы табысқа қатысу жүйесі бойынша қызметкерлердің табысын зертеу келесіні көрсетеді: олардың көпшілігі (13%) кейінге қалтырылған төлем жүйесінің қатысушылары, онда бөлінген табысты кәсіпорынның депозитіне қызметкер зейнетақыға шығар алдында немесе шартта келісілген басқа бір күнге дейін қолма-қол берілу шартымен салынады; қызметкерлердің 1%-ы қолма-қол төлеу жүйесіне қатысады, ол бойынша барлық тиесілі пайда төленеді; қызметкерлердің 2% -ы аралас жүйеге қатысады. ...