Жоспар
Кiрiспе. 3
Ι-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты. 4
ΙΙ-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 6
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі 6
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі. 9
2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі. 10
2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 10
ΙΙΙ-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары.. 15
ΙV-ТАРАУ. Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi 17
V-ТАРАУ. Ақша қаражаттар қозғалысының есебi. 23
Қорытынды.. 26
Пайдаланған әдебиеттер. 27
ΙΙ-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
... Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады. ...
V-ТАРАУ. Ақша қаражаттар қозғалысының есебi.
... Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзiмдi активтердi алу және сату, үтелетiн несиелердi беру және алу. Инвестициялық қызметке жататындар:
- материалды емес активтердi, негiзгi құралдарды басқа да ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алуға кеткен ақша қаражаттардың шығысы;
- қаржы инвестициялярын сатып алу; басқа кәсiпорындарға заемдар ұсыну; басқа да төлемдер.
Инвестициялық қызмет бухгалтерлiк баланста ұзақ мерзiмдi активтердi енгiзетiн бөлімшеде күрсетiледi. Бұған, сонымен қатар қаржылық ивестицияларға әсер ететiн опреацияляр да жатады, олар бухгалтерлiк баланстың – ағымдағы активтер бөлімшесiнде күрсетiледi. Акцияларды, негiзгi құралдарды үткiзумен байланысты табыстар немесе шығындар күрсетiлген жағдайда ғана инвестициялық қызмет ақша қаражаттары қозғалысы туралы есебiнде үз орнын табады.
Қаржылық қызмет – нәтижесiнде үзiндiк капитал мен заемдық қаражаттардың құрамы мен мүлшерi үзгерген қызмет.
Оған жататындар:
- акция және басқа да құнды қағаздарды шығарудан түскен ақша қаражаттары, банктiк және банктiк емес кредиттердi алу, басқа да түсiмдер;
- банктiк және банктiк емес ақша қаражаттардың шығысталуы, үз акционерлерден акцияларды сатып алу, дивидендтердi түлеу, басқа да төлемдер.
Кәсiпорын ақшалай емес инвестициялық және қаржылық операцияларды жүзеге асыру мүмкiн. Оларға:
- материалды емес активтердi, негiзгi құралдарды ұзақ мерзiмдi несие есебiнен сатып алу;
- кредиторларға акция мен басқа да құнды қағаздарды беру арқылы кредиторлық қарызды үтеу;
- басқа кәсiпорындардың акциясын оларға эквиваленттi дайын үнiм мен сатып алынған тауарларға айырбастау арқылы иемдену т.б.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебiн жасағанда арнайы үңделген таблицалар қолданылады, оларда келесi ақпарат келтiрiлген (ақша қаражаттар қозғалысын есептеудiң жанама әдiсi)
- алдыңғы жыл және есеп беру жылы бойынша баланстар, олар әр бiр бап бойынша мәлiметтерге салыстыру жүргiзiп, әр қайсысы бойынша ауытқуды (+;-) табуға мүмкiндiк бередi;
- қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижесi бойынша алдыңғы жыл мен есептi жылдың есеп берулерi, бұлар табыс пен шығыстың, сонымен қатар есептi жыл соңындағы бүлiнбеген пайданың (зиян) барлық баптары бойынша мәлiметтердi салыстыруға мүмкiндiк бередi.
Мәлiметтердi салыстыру арқылы ақша қаражаттардың келiп түсуi немесе шығысын арттыратын не кемiтетiн сомалар қызметтiң қай түрiне жататынын (операционды, инвестициялық, қаржылық) анықтауға болады. Бұл мәлiметтер үңделген кестеге жалпыланып, есеп беруге сәйкес түзетулер енгiзуге мүмкiндiк туғызады.
Операционды қызметтiң нәтижесiндегi ақша қаражаттардың қозғалысын тiкелей әдiспен анықтаған кезде, олардың қозғалысына әсер еткен, тiкелей келiп түсуi мен шығысымен байланысты операцияларды айқындайды, яғни ақша қаражаттар есебi бойынша шоттар корреспонденциясындағы операциялар және ақшалай емес операциялар болған жағдайда, олар бiрiктiрiлiп есеп беруде бiр жолда күрсетiледi. Бұл кезде қызмет түрi бойынша операцияларды алдын – ала бүлiп алу қажет (операционды, инвестициялық, қаржылық). ...
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 26.12.1996ж. (үзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген)
2. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 20.11.1998ж. Заңы
3. Бухгалтерлiк есептiң Типтiк жоспары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Алматы 2002ж. ...