Жоспар
КІРІСПЕ. 3
1. ТАРАУ. «ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ» МӘНІ. 5
1.1. «Қаржы жүйесі» ұғымы, оның құрамы.. 5
1.2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі, маңызы. 10
1.3. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары. 14
1.4 Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі. 16
2.ТАРАУ. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ 19
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің моделі 19
2.2. Қаржы жүйесінің құрылымын жылдық салыстыру. 20
2.3. Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі 23
3 ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ІС-ШАРАЛАР. 26
3.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін жетілдіру. 28
ҚОРЫТЫНДЫ.. 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
1. ТАРАУ. «ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ» МӘНІ.
1.4 Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі.
... Сонымен қаржы жүйесін экономикалық тұрғыда қарастырайық, оның мынадай элементтерден тұратынын көреміз: негізгі салық жүйесі, бюджет жүйесі, шаруашылық субъектілерігің қаржылары, қаржылық механизм және қаржы, салық органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Енді мемлекеттің қаржылық қызметіне, оның жүзеге асырылу әдістері мен құқтық негіздеріне және нысандарына тоқталайық.
Қаржылық қызмет деп өз меншігіне ақша қаражаттарын жұмылдыру арқылы оларды ақшалай қорларға қалыптастыру. Осы қорлардан қаражаттарды қажетті тараптарға бөлу, сондай – ақ ақша қаражаттары қорларын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің өзінің немесе уәкілдік берген мемлекеттік органдардың іс - әрекеттерін айтамыз. Мемлекеттің қаржылық қызметі аясынан ешбір мемлекеттік органдар тыс қала алмайды және бұл қызмет іс жүзінде барлық шаруашылық субъектілерін қамтиды. Материалдық мағынасы бойынша мемлекеттің қаржылық қызметі ақша қаражаттарын жинау және оларды жұмсаупроцесі болып табылады. Қаржылық қызметтің әдістері дегеніміз қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезінде мемлекет жүзеге асыратын нақты шаралар мен тәсілдер. Ақша қорларының әр түрлі болуына байланысты оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану барысында да әр түрлі әдістер қолданылады. Ақша қорларын қалыптастыру әдістері:
1) Ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі және қайтарылмайтын түрде алу;
2) Ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі, бірақ қайтарылатын түрде алу. Мысалы кәсіпорындар мен ұйымдардың балансындағы өз қаражаттарын міндетті түрде банк мекемелерінде сақтаулары;
3) Ақша қаражаттарын ерікті және қайтарылмайтын түрде жұмылдыру (өз еркімен ақысыз тегін түде). Мысалы азаматтардың және заңды тұлғалардың әр түрлі қорлар арқылы мемлекетке өз ақшаларын берулері, сондай – ақ қайырымдылық көрсетулері;
4) Ақша қаражаттарын ерікті және қайтарылатын түрде жұмылдыру. Мысалы, бюджет кірістерінің түсім көзі болып есептелетін мемлекеттік заемдар, халықаралық несиелер;
5) Қор ұстаушының (иесінің) өз комерциялық қызметінен түскен табыстарын пайдалануы. Мысалы, басы артық немесе қолданылмаған жабдықтарды сатудан түскен ақша қаражаттарын кәсіпорын қорына жіберу;
6) Эмиссия, айналымға жаңадан ақша (немесе бағалы қағаздар) шығару. Мысалы, мемлекеттің шығындарының орнын толтыру (мұқтаждықтарды өтеу) мақсатында айналымға қосымша ақшалар шығару;
Ақша қорларын бөлудің негізгі әдістері:
1) Қаржыландыру, яғни, белгілі бір қордан нақты алушыға бөлінетін ақша қаражаттарын біржола, тегін беру;
2) Кредиттеу (несиелеу), яғни, белгілі бір қордан нақты алушыға бөлінетін ақша қаражаттарын қайтарып алу шартымен ақылы түрде пайдалануға беру;
3) Қор ұстаушының (бұл жерде мемлекеттің) өз қаржылық міндеттерін орындауы. Мысалы, ішкі және сыртқы заемдарды өтеу, банктерде сақталған аманат ақша – салымдарды иелеріне қайтару;
Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері:
1) Ақша қорларын пайдаланудың тәртібін белгілеу;
2) Ақша қаражаттарын пайдаланудың лимиттерін және қаржылық нормативтерін белгілеу;
3) Ақша қаражаттарын пайдалану жоспарларын жүзеге асыру;
4) Ақша қорларын пайдаланылуына бақылау жүргізу;
Мемлекеттің қаржылық қызметі нақты құқтық нысандар бойынша жүзеге асырылады. Құқтық нысан дегеніміз ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану кезіндегі мемлекеттік органдардың құқтық нормаларға сәйкестендірілген әрекеттері. ...
3 ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ІС-ШАРАЛАР
3.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін жетілдіру.
... Қазақстан Республикасның ұлттық қоры активтерінің нарықтық құны 2002 жылдың бірінші қаңтарында 1240,0 миллион АҚШ долларын құрады. Қолданылып жүрген заңдар нормаларын, Республика бюджетінің орындалуының уақытылы және тиімділігін сақтау мақсатында жаңа қазыналық жүйе қызметін еңгізу жұмыстары жүргізілді. 2001 жылы ол Ақмола облысы және Астана қаласында енгізілді. Экономикалық өсудің ішкі резервтерін тиімді коньюнктурасы нәтижесінде экономикалық өсу қарқыны көтеріліп, мемлекеттік бюджет тұрақтандырылды. Төлем балансының жағдайы жақсартылды, экономиканың монетизациялау деңгейі жоғарылап, елдің есейілік рейтінгі көтерілді. Өткен жылда экономиканың нақты бөлімдерінде жағымды тенденциялар байқалды.
Осылайша осы жылы жасалған жұмыстардың жаңалықтары болып, жұмыс топтарындағы бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің жеткен жетістіктерін депутуттардың бір қатары айтып шықты. Осы алған тәжірибені әрі қарай тарату керек деп ойлаймын. Бұл мәліметтерде баяндалған, өткен жылдың бюджетінің орындалуы бойынша үкімет қызметінің көрсеткіштері елдің эконмикалық дамуындағы жетістіктерін білдіреді. 2003 жылы республикалық бюджет өте жоғары деңгейде орындалғаны анық. Бюджет шығындарын қаржыландыру мемлекеттік мекемлер сметасы негізінде жүзеге асырылады. Әр-түрлі жағдайларға байланысты (жүргізуі мен жұмыстардың мерзімділігі, тауар сатып алу тендерлерін ұйымдастыру мерзімі, жұмыстар мен қызмет көрсету мерзімі және тағы басқа). Шығындар сметасында жыл бойына бекітілген жылдық сомма теңбе-тең болып, ай сайын салынып, отырылуы міндетті емес. Мемлекеттік мекемелердің белгілі кезеңге жоспары қаржыландырылды. Қаржыландыру қаржылық ресурстармен бекітілген жөн. Бұл да үкіметпен қамтамасыз етілді. Өткен жыл бойынша республикалық бюджет шығындарын қаржылау динамикасын тоқсандық талдауы. 2001 жылдық төртінші тоқсандағы несиелермен шығындарды қаржыландыру көлемі (сыртқы зайымды есептемегенде) (136 млрд. теңге). ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Оқулықтар:
1. “ Қаржы” /оқулық/ Қ. Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев – Алматы 2005.
2. “ Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования” А.Б. Зейнельгабдин – Алматы 1995. Қаржы-қаражат.
3. “ Финансы” /учебник для вузов/ под. ред. М.В. Романского – 2001.
4. “ Общий курс финансов” /учебник/ В.Д. Мельников, В.Д. Ли – Алматы 2001.
5. “ Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” – Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы 2005.