ЖОСПАР
КIРIСПЕ. 3
I-ТАРАУ. АҚША ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. 5
1.1 Ақша айналысы заңы.. 5
1.2 Ақша агрегаттары.. 7
1.3 Ақша жиыны.. 7
II-ТАРАУ.АҚША ҰСЫНЫСЫНЫҢ ҮРДІСІ. 10
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер. 10
2.2 Орталық банк және ақша базасы. 12
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы.. 12
2.4 Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі 16
III-ТАРАУ. АҚША СҰРАНЫСЫ. 18
3.1 Келісімдер жөніндегі сұраныс. 21
3.2 Монетарлық жиынтық құрауыштары.. 24
3.3 Ақша – қаржы жаңалығы.. 25
ҚОРЫТЫНДЫ.. 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 30
I-ТАРАУ. АҚША ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
1.3 Ақша жиыны
... Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
- банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
- Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
- мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін Орталық банктің үкіметке несие беруімен;
- Орталық банктің асыл металдары, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
- чек шығаруымен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде қарыз беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша жиыны көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша жиынның өзгермелігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы пайыз деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша жиыны айналымының баяулауы - ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. ...
III-ТАРАУ. АҚША СҰРАНЫСЫ.
3.3 Ақша – қаржы жаңалығы
... Адамның ауқаттылығы – оының әр түрлі активтерді иемделінуіне байланысты. Бұл активтер қоржынын құрайды. Өтімсіз активтерден пайда жоқ екені белгілі. Әйтсе де олар әр түрлі қоржынды стратегияларға жетелейді. Әдетте кәдімгі инвентор стратегияны алдын – ала біле отырып, қамсыздандыру мақсатында берік активтер ұстағысы келеді.
Өтімсіз акивтерге қарағанда берік активтер табысты аз береді. Ақшаның атаулы құны белгілі болған жағдайда, ол берік актив ретінде сенімді болады. Джеймс Тобин өзінің белгілі еңбегңнде ақша инвестордың қоржынында берік актив ретінде сақталуы керек деп тұжырымдады. Бұл еңбегі «Тәуекелден гөрі өнімділіктің бағасын біл» деп аталады. Мақала жоғарыда айтылған мәселе жөнінде маңызды түсінік береді. Бұл тұрғыда ақша сұранысы берік актив табысы сол табыстың басқа активтерге қауіп төндіруіне байланысты болады. Табыстың басқа активтерге қаупі табыстың әртүрлілігімен өлшенеді. Қажетті де орынды болжамдарды пайдалана отырып, ол : «Басқа активтердің күткен табыстың және ақша иемдену құнының өсуі ақша сұранысын бәсеңдетеді», - дейді. Бұған керісінше, ақша активтердегі табыс қаупінің өсуі ақша сұранысын арттырады.
Ақша иемденудің пайдасы мен қауіптілігін алып қарағанда, сақтық кассадағы депозитер басқа да ақша тәрізді қатерге ұшырайды. Мұндағы негізгі қауіп инфляциядан бейхабар болудан туындайды. Актив сұранысы, мысалы, кассадағы депозит сұранысы – ақша сұранысынан әлдеқайда тәуір.
Сол себептен алыпсатарлық мақсатын көздеген ақша сұранысы жоғарыда аталып өткен келісімдер мен сақтық сұранысына ұқсас. Ұзақ мерзімді облигациялардан түсетін табыстың өсуі сұранысты азайтады. Жедел салымға төленеген пайыз мөлшерлемесінің өсуі , жедел салым сұранысын арттырады, ал болуы мүмкін ақшаға сұраныс халықтың инвестциялық қоржынына табыс түсуіне жағдай жасайды.
Көптеген адамдар шағын байлығының өзін қоржындағы активтерін көбейту үшін сақтық кассасына салады. Ал ауқатты инвесторлар көп пайыз түсетін бағалы қағаздар сатып алу арқылы тұрақты атаулы құнға ие болады. Ондай адамдар үшін орнықты активтерге сұраныс ақша сұранысын білдірмейді.
Ақша басқа активтерге қарғанда аз пайыз түсіреді: доллар пайызының түсуі көп болған сайын ақша сұранысы да артады, ал оны балама активтерге төленеген пайыз мөлшерлемесі аралғындағы айырмашылық арқылы өлшей аламыз және де басқа активтерге төленген пайыз арқылы өлшей аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесін – дербес пайыз мөлшерлемесіне жатады. Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі айырмашылыққа тең.
Сонымен, біз жүргізген теориялық зерттеулер нәтижесінде, ақша сұранысы сияқты күрделі мәселеге сараптама жасалды.
Ақша сұранысы - нақты балансқа сұраныс, оның саны емес, сатып алу қабілеті бар, оның негңзгң анықтамасы төлем құралы болып табылуы . Инфляция жағдайында ақша сатып алу қабілетін жоғалтады, ақша құнын инфляция айқындайды. Инфляция мөлшері жоғары болса, нақты баланс саны төлем болады. Табысқа қарай халық ақшаны аз мөлшерде жұмсаса, жылдамдық арта түседі. ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г. ...