Курсовая работа: Ақшаның мәні мен атқаратын қызметі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қаржы, Финансы, Қаржы
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
18

Жоспар

 

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

І. АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ 5

1.1. Ақшаның түсінігі мен оның формасы.. 5

1.2. Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы. 6

ІІ. АҚША СҰРАНЫМЫ МЕН АҚША ТАБЫСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕРІ. 12

2.1. Ақша сұранымы теориясы.. 12

2.2. Ақша табысының жылдамдығы мен сандық теориясы. 14

ҚОРЫТЫНДЫ.. 17

 

 

І. АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

 

1.2. Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы.

 

 

... Біздер Германиядан технология, жабдықтар әкелдік. Металлургтер қорытпа іздей бастады. Оның бірнеше үлгісі ұсынылды. Тиын миллиондаған қолдан өтеді, оның өзіндік құны жоғары болмауы, оны шығаруы рентабельді болуы тиіс, сондықтан, қорытпаның сапасына бірнеше талаптар қойылды. Конструкторлар мен металлургтердің алғашқы жасаған тиындары ол талаптарға бірден жауап бере қоймаса да, соңында металл қоспасы табылды.

 

  Үлбіде тиын шығаратын желі дайын болғанымен, көпшілік ұлттық валютаны шығаруға дайындығымызды біліп қояды деп қауіптенгендіктен, оны шығара алмадық. Себебі, біз мұны ерте жария ете алмайтын едік. Сондықтан, қыркүйек айында Президент шешім қабылдаған кезде, теңгенің металлдан жасалған бөлігі дайын болмады.

 

  20 теңгелік металл ақша алғаш рет Германияда соғылып шығарылды. Тіпті алғашқысын, Ғ.Байназаров өзі соқты. Қазақстандық жұмыс тобының әрбір мүшесі станокта жұмыс істеп көрді. Сол кезде Грегорий Марченко тиынның соншалықты үлкен екендігін сұраған болатын. Ол кезде бұл өзіндік құны және басқа да көрсеткіштер жағынан өзін ақтап шыққан болатын. Ең бастысы біз прессті сынаудан өткіздік. Қазір 20 теңгелік тиын көлемі жағынан бұрынғыдан анағұрлым кіші, соған орай металл шығыны да азайды.

 

  Ұлттық валютаға көшу механизмін жасау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Құжаттардың бір бөлігін комиссия, енді бір бөлігін ұлттық банк әзірледі. Қажетті нормативті құжаттардың барлығы он сегіз күннің ішінде дайын болды. Тек тек ақша айырбасын жария етіп, іске көшу қалды. Дегенмен, қайталап айтамын, металл түріндегі валюта дайын болмады. Суретшілер дизайнды дайындап, үш ауысымда жұмыс істеліп, бір ай ішінде қағаз тиындар әзір болды.

 

  Ақша мен монета он күн ішінде, ақша айырбасына 2-3 күн қалғанда облыстарға жеткізілді. Сонымен, қарашаның ортасына қарай ұлттық теңгемізге көшідің барлық әзірлік жұмыстары аяқталды. Ақшаны жеткізу аяқталып біткен соң 1993 жылдың 13 қарашасында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теледидардың кешкі жаңалықтарында ұлттық валютаның енгізілетінін жария етті.

 

         Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында ресми түрде өмірге жолдама алып, айналымға табыспен енгізілді. 1 АҚШ долларына шаққанда 4,75 есебінен теңгенің алғашқы бағамын белгіледі. 500 кеңестік сом 1 теңгеге айырбасталды. Ұлттық банк басқармасының мүшелері айырбас бағамын 1:1000 алуды ұсынған еді. Осы негізде алу қажет болатын. ...

 

 

 

ІІ. АҚША СҰРАНЫМЫ МЕН АҚША ТАБЫСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕРІ.

 

2.1. Ақша сұранымы теориясы

 

 

... Ақша сұранымын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраным тұрғысынан қараймыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранымы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:

 

1. Нақты ақша сұранымы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады, соған сәйкес процент мөлшерлемесі, нақты табыс, нақты байлық та өзгермейді.

 

2. Номиналды ақша сұранымы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

 

Ақша экономикасында активтердің алуан түрі кездеседі, яғни валютадан түрлі қағаздар жиынтығы ақшаны құрайды. Осы активтердің қайсысын ақша деуге болады? Негізінен 4 түрлі жиынтығы бар: валюта, М1, М2 және М3. ...