Курсовая работа: Әлемдік сауда жүйесінің негіздері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Международные отношения, Халықаралық қатынастар
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
40

ЖОСПАР

 

Кіріспе. 3

1. ДСҰ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ.. 5

1.1.СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы.. 5

1.2. Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд. 7

1.3. Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды.. 9

2. ӘЛЕМДІК САУДА ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 11

2.1. ДСҰ жүйесінің  принциптері 11

2.2. ДСҰ құрылымы  және  бюджеті 17

2.3. Соңғы жылдары ДСҰ- на кірген елдердің тәжірибесі 22

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДСҰ-НА КІРУІ 28

3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда, артықшылықтары көп болалы.. 28

3.2. Ауылшарушылығы- Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы   32

3.3. ҚР ДСҰ- на кіруі жайындағы келісім сөздер. 35

ҚОРЫТЫНДЫ.. 37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 40

 

 

1. ДСҰ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ

 

1.3. Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды

 

 

... 1998 ж. қарай келісім сөздер «орта мерзімді шолу» деңгейіне жетті. Ол министрлер кездесуі ретінде Монреаль, Канадада өтті. Нәтижесінде раундтың екінші деңгейінде келісім сөздерді жүргізу мандатынын жасап шығарылуына әкелді. Министрлер алдын- ала нәтижелер бумасы жөнінде келісімге келді. оларға дамушы елдерге көмек ретінде тропикалық жемістер нарығына кіру рұксаты берілді және СТЖК мүшелерінің ұлттық сауда саясаты мен тәжірибесін бақылауға мүмкіндік беретін сауда саясатын бақылау механизмдері жөніндегі мәселелерді реттейтін жүйе жасауға алғашқы қадамдар жасалды.

 

1990 ж. желтоқсанында Брюссельде өткен министрлер кездесуінде ауыл шаруашылық өнімдер саудасы жөнінде келісімге келе алмауына байланысты раундты жалғастыру шешімі кабылданды. 1991ж. Женевада Пунта-дель-Эстеде қабылған мандаттың әр элементі (нарыққа енуден басқа ) бойынша құқыктық кұжаттары бар «қортынды акті» мәтінінің проектісі дайындалды. Келесі екі жыл бойы келісім сөздер нәтижесі белгісіз болды. 1993 ж. ...

 

 

 

2. ӘЛЕМДІК САУДА ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

 

2.3. Соңғы жылдары ДСҰ- на кірген елдердің тәжірибесі

 

 

... Алайда елдер тәжірибесінде жағымсыз әсерлерді де айтпай кетуге болмайды. Көптегеп отандық өндірушілер, тіпті салалар нарықтан ығыстырылады, нәтижесінде ішкі өндіріс көлемдері азайып, енбекке жарамды халықтың көбісі жұмыстан айрылады. Бұл шынында болады. Алайда ДСҰ- на кіруге қарсы келушілер мұндай жағдайды отандық өндірушілер бәсекелестік қабілеті аз өнімдерді шығарумен байланыстырады, яғни протекционистік шараларды қолданбағанда. нарық шет елдік өніммен шектен тыс қанағаттанады деген ойды білдіреді. Алайда қалайша экономика осындай ынталандырушы шаралармен бәсекелестігі төмен салаларға көмек көрсетуі мүмкін? Нәтижесінде әрине экономикалық өсімге қол жеткізу мүмкін емес. Бәсекелестігі төмен салаларда жұмыссыздықтың өсуімен қатар, экспортты секторда керісінше өндіріс өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Эксперттердің айтуынша 7 жыл ішінде Қытайдың ауыл шаруашылығындағы жұмыс орындарының саны 9.7 млн. төмендейді, алайда машина жасауда- 600 мыңға, ал автомобиль жасауда 450 мыңға артады. Сонымен қатар азық- түлік өндірісінде 150 мың адам, инфрақұрылымдық салаларда- 38 мың, құрылыста-910 мың адам, қызметкөрсету саласында 2.7 мын адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі пайда болады.

 

Қорытындылай келе, бәсекелестік жағдайы төмен өндірістерді жабу- бұл ДСҰ- на кірудің кемшіліктері емес, қайта оның жағымды жағы болып табылады. Өйткені экономикаға керексіз кәсіпкерліктер жабылып, жалпы экономика тиімділігі артады да, ұлттык экономика дамудың жаңа сатысына көтеріледі.

 

ДСҰ- на елдердің кіру тәжірибеләрін қарастыра келе, мүше елдер кіруші елдерге оларлын масштабы мен потенциалына карап, талаптарды қояды деген қорытынды жасауға болады.

 

Қазақстан кіші елдер қатарына кіреді. Оның үлкен экономикалық потенциалы болғанымен, онын барлығы шикізат саласында жинақталған. Шикізат экспорты оларға керек, сондықтан мүше елдер. Қазақстанға көп қатаң талаптарды қоймайды. Қазақстан жағынан болатын өкілетті тұлғалар елге ұзақ мерзімде қажетті шарттарды қою керек. ...

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДСҰ-НА КІРУІ

 

3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда, артықшылықтары көп болалы

 

 

... Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның материалды өндіріс салалары болуы міндетті емес. Өндіріс тиімділігі артық өнеркәсіп түрлері дамиды да, қалғандары жойылады. Қазақстандағы ең тиімсіз өндіріс салаларына келесілер жатады: химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп. Алайда бұл салалардың ДСҰ-на енуден кейін дамуы үшін мүмкіндік пайда болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, еңбек сыйымды өндіріс салалары ұтыста қалады.

 

Кіргізу баждарын арттыру, отандық өндірушілерге көмек көрсету сияқты, іс-әрекеттер ҚР кейбір заңдарын бұзады.

 

«Адал емес бәсеке туралы» ҚР заңының 4 бабында келесідей айтылған: «мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына нарықтық қатынастарының бөлек субъектілеріне жағымды немесе дискриминациялық жағдайлар жасауға, бәсекені шектеу немесе жоюға, тұтынушылар құқықтары мен мудделерін бұзуға тыйым салынады.»

 

Бәсекелес және тиімді отандық өндірістің дамуына импорт кері әсерін тигізбейді, керісінше кедендік жәнс салық саясатының тиімсіздігі, бір сала кәсіпорындарына бірдей емес жағдайларды жасау, жоғары пайыздық қойылым дамуын тежейді.

 

Теңгенің нақты курсының азайтылуы импортты тауарларға тарифті және бейтарифті шараларға қарағанда үлкенірек шектеу болады. Импортерлер елге шет ел тауарларын әкелу ешбір табыс әкелмейді. Нарықты қорғаудың тағы бір механизмі- ұлттық стандарттарды қолдану. Бұл механизм әсіресе АҚШ- та кең түрде қолданылады. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1. Мамыров “Халықарылық экономикалық қатынастар” – Алматы, 2002 жыл

2. Аманжан ЖАМАЛОВ: “Дүниежүзілік сауда ұйымы құбыжық емес”. Алтын Орда газет. №13, 24-30 наурыз 2006 ж. 6-бет.

3. АНА ТІЛІ газет. №44, 3 қараша 2005 ж. 4-бет. ...