Жоспар
Кіріспе. 3
I-Тарау. Инфляция және инфляцияға қарсы саясат. 4
1.1. Инфляцияның себептері және түрлері 4
1.2 Инфляцияның альтернативтің көздері 7
1.3 Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары.. 12
1.5 Инфляцияға қарсы саясат. 17
1.6 Әміршілдік - әкімшілік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері. 18
Қорытынды.. 20
Пайдаланған әдебиеттер. 22
1.3 Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары
... Бұлардың ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру мәселесін бөліп көрсету керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді “жалған күту” дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филипстің концепциясы бойынша инфляцияның өсуі жұмыссыздықты азайтуы мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды бірте-бірте азайтса, үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін ұсынбайды.
Мұндай өзара тәуелділікке 60-жылдары американ экономисі М.Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Сонымен, халық өзінің “жалған күтуін” сезіп, номиналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатуымен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбекті ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуінен жүреді.
Филипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте (мысалы 70-жылдардағы энергия көздеріне бағаның кенеттен өсуі)инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1979 жылдан АҚШ-тың (Рейган мен Дж.Буштың республикалық әкімшілігі) және Англияда (М.Тэтчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылады. ...
1.5 Әміршілдік - әкімшілік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.
... Инфляцияны бәсеңдету үшін баға мен табысқа түгелдей әкімшілік бақылауды күшейту нарық қатынастарының дамуына теріс әсер етті. 1992 жылға дейін бұрыңғы КСРО елдерінде инфляцияға қарсы жан-жақты ойластырылған шаралар жүргізілген жоқ. Мысалы, Ресей Федерациясындағы, Қазақстандағы жағдайлардың күрделілігі инфляцияға қарыс саясатты тек жанама экономикалық әдістер арқылы жүргізуге болмайтынын көрсетті. Халық шаруашылығы пропорциясын бірте-бірте мемлекеттің тиімді құрылымдық саясатты арқылы қалпына келтіруге болады. ОЛ үшін әскери өндіріс пен әскери шығындарды қысқарту, өндірісті бюджеттік қаржыландырудан гөрі кәсіпорындардың акционерлік капиталын пайдалануға көшу және экономикадағы монопольді құрылымдарды жою қажет. Бұлардың өзі ақша массасын азайту, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою, елдің валюта курсын тұрақтандыру және экономикада бәсекені күшейту сияқты қосымша шаралармен толықтырылуы тиіс.
Қорыта айтқанда қазіргі инфляция сан қилы, көп факторлы күрделі процесс, ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келтіреді. ...
Пайдаланған әдебиеттер
1. Стат.бюллетень Мин.финансов РК 10 (58) – октябрь 2003г.
2. Егемен Қазақстан 2002 21 қыркүйек (Дамытуға не кедергі)
3. Егемен Қазақстан 2002 желтоқсан (Мораторий)
4. Ақиқат 2003 №6
5. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Актілер жинағы 2002 №46 ...