Мамзұны
КІРІСПЕ. 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі 5
1.2. Инвестициялық қызметті басқару. 9
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.. 12
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.. 16
2.1. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері 16
2.2. Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану. 19
2.3. Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау. 23
Инвестициялық жобалардың есептік көрсеткіштері 25
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ.. 27
3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі мәселелері 27
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары 30
ҚОРЫТЫНДЫ.. 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.2. Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану
... Инвестицияланған қаражаттардың өтелімділік кезеңін анықтау үшін инвестициялық жобаның салынған инвестициялардың сомасын толық қайтаратын кезеңдерді есептейміз. Біздің жағдайда бастапқы салынған 10000 мың теңге алғашқы үш жыл ішінде толық өтеледі:
****************************************8 = 3 жыл.
Табыстың есептік көрсеткіші біздің мысалымызда мынаған тең:
********************************************
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді есептеп болғаннан кейін инвестициялық жобаны талдаудың үшінші, яғни ең шешуші, инвестициялау немесе инвестициялар салудың қажет емес екендігі туралы шешім қабылдайтын, кезеңі басталады.
Талдау нәтижесінде алынған көрсеткіштердің мәндеріне көз жүгіртетін болсақ, кәсіпорынның инвестициялық жобаларды бағалаудың ұстанып жүрген әдісіне қарай әр түрлі қорытындылар жасауға болады. Мәселен, таза келтірілген табыс, табыстылықтың ішкі мөлшері және инвестициялардың рентабельділік индексі көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, онда инвестициялық жоба тиімсіз болып табылады, яғни оны қабылдаудың қажеті жоқ. Ал енді инвестициялардың өтелімділік мерзімі және табыстың есепті көрсеткішіне сүйенер болсақ, онда аталған инвестициялық жобаны қабылдауға болады деп қорытынды жасауға болады. Мұндай жағдайда бір немесе бірнеше көрсеткіштерге сүйене отырып шешім қабылдауға болады. Түптеп келгенде мұндай шешімдерді қабылдауға кәсіпорынның алға қойған басқа да мақсаттары, шешім қабылдаушы тұлғаның өзіндік түйсік сезімі, инвестициялық қызмет бойынша тәжірибесі немесе басқа да қосымша факторлар әсер ететіні сөзсіз. ...
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі мәселелері
... Тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі артып келеді. Айталық, 2000-жылы тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі 14,5% болса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 20,1% жеткен.
Өзге инвестиция көздерінің құрылымында лизингтік несиелердің ерекше орын алатынын айта кету керек. Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың құрамында лизингтік несиелердің үлесі дамыған елдерде 20-30% құрайды, дамушы елдерде 10-20% дейінгі шамамен сипатталады. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2003-жылы небәрі 1% құраса, 2004жылы 2% жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 5% құрайды. Бұл, әрине, отандың тауар өндірушілердің негізгі қорларын жандандыру мәселесіне қажетті көмек бере алмайтындығының куәсі.
Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелердің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде шағын несиелердің үлесі небәрі 2% ғана жетеді.
Қазақстан экономикасының негізі болып саналатын шағын бизнес субъектілеріне тоқталар болсақ, олар үшін инвестициялық қаражаттар тарту қазіргі таңда ең көкейтесті мәселе болып отырғаны анық. Олар үшін бүгінде инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі – банктік несиелер болып отыр. Шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар елімізде енді ғана қалыптасу үстінде. Шағын кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің үлесі де жыл санап азайып келеді (3.2-кесте). ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының 2003-жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» Заңы
2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
3. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2 ...