Курсовая работа: Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Нарық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
28

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 3

I-ТАРАУ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ШОЛУ.. 5

1.1  Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы.. 5

1.2.  Құнды қағаздар рыногының қажеттілігі 6

II-ТАРАУ.  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ   7

2.1     Құнды қағаздардың түрлері, қызметтері және мәні 7

2.2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың қалыптасуы. 18

2.3 Бағалы қағаздардың құқықтық қатынастарда алатын орны.. 23

ҚОРЫТЫНДЫ.. 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 28

 

 

I-ТАРАУ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ШОЛУ

 

1.2.  Құнды қағаздар рыногының қажеттілігі

 

 

... Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орй құнды қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерін қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.

 

90-шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелденгендей шаруашылықты жетелдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың ең басты құралы – құнды қағаздар екені талассыз ақиқат. Құнды қағаздар ақша түріндегі капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттің меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жеке меншік иелері – халықтың меншігінде айналдыруы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвистициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. ...

 

 

 

II-ТАРАУ.  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

2.3 Бағалы қағаздардың құқықтық қатынастарда алатын орны

 

 

... Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, консамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөлінеді. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түпнұсқасы болады, ал түпнұсқасын ұсынушы келесі  тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек, ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады. (мысалы, облигация)

 

  Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже боцынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі юолып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.

 

  Сонымен бірге мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизімі жасалған.

 

Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді (“Қазақстан Республикасындағы вексельдік қатынастар туралы” Заңның 96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айырылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, құжатты қайтаруға виндикациялық талап  қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да уміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

1. Б. Кашенова «Ақша Несие Банктер» Валюта қатынастары.  Алматы «Экономика» 2000 ж.

 

2. А. Кашенова «Бағалы қағаздар нарығы» Алматы «Экономика» 2000ж.

 

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бағалы қағаздар рыногы туралы»  Қазақстан Республикасы желтоқсан №1424 қаулы Ресми газет 2003 ж. 25 қаңтар.

 

4. Мұқаметтей М. «Акция бізге береді» Алматы ақшамы 2001 ж. 7 маусым.

 

5. Ешкив Г. «Басты бағдар сенімге ие болу». Қаржы-қаражат 2000ж. №7,10,5. ...