Дипломная работа: КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Международные отношения, Халықаралық қатынастар
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
62

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ. 3

І тарау. Қазіргі әлемдегі ядролық көпполярлылық жағдай және КХДР ядролық дағдарысы.. 7

1.1 Ғаламдану жағдайындағы халықаралық қатынастағы ядролық көпполярлылық жағдайдың орнауы.. 7

1.2 КХДР ядролық бағдарламасының тарихи алғышарттары.. 16

ІІ тарау. КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы.. 25

2.1 КХДР тарабы.. 25

2.2 АҚШ, Жапония жәнеКорея Республикасы.. 28

2.3 Қытай және Ресей. 37

ІІІ тарау. КХДР ядролық дағдарысын шешу жолдары мен нәтижелері 42

3.1 КХДР ядролық дағдарысын шешудегі алтыжақты келіссөздердің нәтижелері 42

3.2 КХДР ядролық дағдарысын шешудің болашағына болжам. 48

ҚОРЫТЫНДЫ.. 53

Сілтемелер. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 60

І. Оқу-анықтамалық құжаттар. 62

 

 

І тарау. Қазіргі әлемдегі ядролық көпполярлылық жағдай және КХДР ядролық дағдарысы

 

1.2 КХДР ядролық бағдарламасының тарихи алғышарттары

 

 

... Бұл мәселе Корей түбегімен көршілес мемлекеттердің алаңдаушылығын туғызды, өйткені жаңа ядролық державаның пайда болуы ешкімге тиімді емес еді. Себебі, бұл жағдай ядролық қару жасауға мүмкіндігі бар, бірақ ядролық қаруды таратпау режиміне сәйкес бұл істі жүзеге асырмай отырған мемлекеттер үшін «үлгі» болуы мүмкін еді.

 

Пхеньян мен Вашингтон өзара қатаң мәлімдемелер жасауы кезінде бұл аймақта біршама ықпалға ие державалар Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония оларды келіссөздер жүргізуге үгіттеді. КХДР мен АҚШ бұл мәселені ұзақ талқылауға алып, ақырында КХДР, АҚШ, Қытай, Ресей және  Оңтүстік Корея қатысуымен болатын алтыжақты келіссөздерге келіп тірелді.

 

Алтыжақты келіссөздердің  алғашқы раунды 2003 жылдың 27-29 тамызында Пекинде болып өтті. Бұл келіссөз сәтсіз аяқталуының себебі АҚШ пен КХДР-дың өзара мәмілеге келуге ниетсіздігінен туды: Вашингтон КХДР талап еткен жазбаша кепілдіктер тек Пхеньян алдымен өз ядролық бағдарламасынан бас тартқаннан кейін ғана мүмкін болады деген пікірді  ұстанды. Өз кезегінде Солтүстік Корея да бірінші болып АҚШ талабын орындағысы келмеді.

 

Алтыжақты келіссөзден кейінгі кезең диалогқа қатысушылардың әртүрлі құрамымен кездесулері мен ондағы тараптардың келісулері мен ұсыныстары және оған қарсылықтарға толы өтті. 2003 жылдың қазанында Пхеньянда  өткен келіссөзде Ким Чен Ир  ядролық мәселе бойынша алтыжақты келіссөздерді жалғастыруға келісімін берді. 5 қарашада АҚШ КХДР- мен 1950-1953 жылғы Корей соғысы аяқталуы кезінде қол қойылған соғысты тоқтату келісімінің орнын басатын жаңа көпжақты бейбіт келісім жасауды ұсынды. Вашингтоннның басты талабы- Пхеньянның ядролық бағдарламаны тоқтатып, химиялық және баллистикалық зымырандарға қатысты кепілдік беруі. ...

 

 

 

ІІІ тарау. КХДР ядролық дағдарысын шешу жолдары мен нәтижелері

 

 

 

3.1 КХДР ядролық дағдарысын шешудегі алтыжақты келіссөздердің нәтижелері 

 

 

... Одан әрі қарай, алтыжақты келіссөздер кезінде Солтүстік Кореяға ядролық бағдарламадан бас тартуы үшін берілетін қауіпсіздік кепілдіктерді беру туралы келіссөздерді КХДР-ға экономикалық және энергетикалық көмек беру туралы келіссөздерден бөлек жүргізу керек. Экономикалық көмек тек КХДР-дың ядролық бағдарламадан бас тартуы үшін емес, нарықтық реформа жүргізуі үшін берілуі керек.

 

«Бестіктің» кездесулері Солтүстік Корея қатыссын не қатыспасын тұрақты түрде өткізіліп тұруы керек, дегенмен Пхеньян үнемі шақырулар алып отыруы тиіс. Бұл кездесулердің күн тәртібі болашақта аймақтық қауіпсіздік мәселелерімен толықтырылуы мүмкін.

 

Алтыжақты келіссөздерге қатысушылар Солтүстік Корея ядролық дағдарысын шешу үшін мына мәселелерді қарастыруы қажет:

 

Біріншіден, мәселенің негізі Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы емес, Солтүстік Кореяның жабық, тоталитарлық тәртібі және оның үнемі сыртқы әскери-саяси қауіп туралы үрей таратуы. Яғни Корей түдегіндегі қауіпсіздік сақтауға басты қауіп ядролық қару емес, Солтүстік Корея тәртібі болып отыр.

 

Екіншіден, КХДР АҚШ және басқа мемлекеттерді өзінде ядролық қару бар деп алдауы да мүмкін. КХДР-дың бұл саясатының мақсаты – ядролық бағдарламаны жою үшін емес, тәртіпті нарықтық қатынастарға өткізуі үшін АҚШ-тан қауіпсіздік және экономикалық кепілдік алу.

 

Үшіншіден, Кореядағы тұрақсыздықтың тағы бір себебі 1953 жылы АҚШ-КХР-КХДР қол қойған келісім негізінде құрылған тәртіптің ескеруі болып табылады.

 

Төртіншіден, КХДР ядролық бағдарламасының төндіретін негізгі қаупі – бұл Солтүстік Кореяның шетелдерге радиоактивті материалдар мен зымыран технологиясын сату мүмкіндігі.

 

Айтылғандарға сай, Кореяда қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау үшін ядролық бағдарламаға емес, Солтүстік Корея саяси тәртібін қайта құруға мән беру керек. Әскери жолмен тәртіпті қайта құру жолы ҚХР, Ресей, Оңтүстік Корея және КХДР-дағы адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, бұл мәселені шешуде қолданылмағаны жөн. Екіншіден, 1953 жылы Бітім туралы келісім орнына бейбітшілікті қолдайтын жаңа тәртіп орнату. Үшіншіден, Солтүстік Кореядан қауіпті материалдар мен технологияның таралуы жолын бөгеу.

 

Бұл жерде Солтүстік Кореяның мүлде қарама-қайшы мүддесін есепке алу керек: тәртіпті өзгертпей-ақ, ядролық бағдарламаны мүмкіндігінше қымбатқа сату.

 

Бір жағынан, соңғы кезде Пхеньянның 1953 жылғы Келісім негізінде құрылған қазіргі халықаралық-құқықтық тәртіпті қайта қарауға ынтасын байқауға болды.

 

Бұл келісімді ауыстыру Қытай үшін де қолайлы болар еді, себебі ол Пекинде 1950-1953 жылдары Корей соғысы кезіндегі КХДР одақтасы ретінде өз жауапкершілігі мен міндеттемелерінен құтылады [35].

 

Сонымен қатар, егер алтыжақты келіссөздерге қатысушылар одан әрі Солтүстік Корея қойған шарттармен жүрсе, қалыптасқан жағдай бұрынғы ізін қайталап шығады: Пхеньян келіссөздерге бірде қатысып, бірде қатыспай немесе жағдайды ушықтыруы мүмкін. Ал КХДР келіссөздерге қатысуға келісім беру арқылы тәртіптің қауіпсіздігі туралы кепілдік пен өзінің экономикалық кедейленуін тоқтату үшін экономикалық көмек алғысы келеді. ...

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

1. Бурмистров Р. «Япония – КХДР: обострение северокорейской ядерной проблемы» // Азия и Африка сегодня. - №, (575). -2005.

2. Булычев А.Р. «Ким Чен Ир отправляется в путь» // Проблемы Дальнего Востока. - №5. -2001. Сентябрь-Октябрь

3. Есин В. «Восточно-Азиатская подсистема после распада СССР» // www.google.ru4. Есин В. «Ядерное оружие КНДР: угроза или шантаж» // www.rambler.ru5. Жебин А.З. «КНДР: традиции и совремменость» // Восток/Orients. - №2. -2003. ...