Дипломная работа: Мемлекеттік басқару


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
70

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. 3

1.1 Мемлекеттің пайда болуы, негізгі белгілері, қалыптасуы.. 3

1.2 Мемлекетті басқару түсінігі, ерекшелігі, функциялары мен атқарушы билікпен қарым-қатынасы.. 16

1.3 Мемлекетті басқару қажеттілігі,тиімділігі, концепциялары мен әдістемесі 31

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ. 42

2.1 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеу. 42

2.2 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саланы басқару. 50

2.3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуын басқарудағы негізгі мәселелер. 55

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. 58

3.1 Еуропа (Германия мен Франция елдері) 58

3.2 Азия (Қытай Халық республикасы) 66

 

 

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

 

1.3 Мемлекетті басқару қажеттілігі,тиімділігі, концепциялары мен әдістемесі

 

 

... Сол кезде «4П» деп белгілеуге болатын құбылыстар мәнін түсіне бастады.Олар: предвидение – алдын–ала көре білу, прогнозирование – болжамдау, программирование – бағдарламалау, планирование – жоспарлау. Оларды интелектуалды бейнелеудің қиын екенін, ал іс жүзіне асыру тіпті қиын екендігін білеміз. Алайда мемлекеттік басқаруда бұл құбылыстар өте қажет. Басқарудың мәні мақсатты анықтаудағы қалыптасқан механизмді талап етеді. Абстрактілі жалпы алдын – ала көре білуден нақты болжамдауға логикалық жылжу, одан қазіргі заманғы математикалық және басқа да методиканы қолданып бағдарламалауға келу, соңғы жоспарлау қажетті әрекетті таңдау мен оны іске асыру. АҚШ зерттеушілерінің көрсеткеніндей, «жоспарлау – бұл алдын – ала кім, нені, қашан істейтіндіг туралы қабылданған шешім», сондықтан жоспарлаудан бас тарту мемлекеттік басқарудағы мақсатты анықтаудан бас тарту деген сөз, сәйкесінше мемлекеттік басқарудан да. Ондай жағдай болса бірінші орынға стихиялық механизмдер орын алады және оның салдары белгісіз құпия болады.

 

-  үлкен әлеуметтік мағынасы бар мемлекеттік басқарудың мақсаттарының иерархиясы.Маркстік экономикалық детерминализм концепциясының ықпалымен  бізде ұзақ уақыт бойы мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты болып экономикалық даму есептелді.  Мұндай көзқарас еге экономика қоғам үщін ресурстық базаны қалыптастырса және қоғам мәселелерін шешсе ғана тиімді. Қоғам мен мемлекеттік басқару үшін маңызды болып адамның тыныш, шығармашылық өмірі үшін жағдай қалыптастыру, қолдау мен жақсарту және тұлға, мемлекет пен қоғам арасында рационалды өзара қарым – қатынасты жасау табылады. Сонымен мемлекеттік басқарудағы мақсаттар келесідегідей:

 

1)  қоғамдық – саяси, қоғамның кешенді, тұтас, балансталған, сапалы дамуын біріктіретін мақсаттар; ...

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

 

3.1 Еуропа (Германия мен Франция елдері)

 

 

... Аймақтық кеңеске  консультативтік көмекті әлеуметтік – экономикалық кеңес көрсетеді. Ол жоспар мен бюджет бойынша қорытынды береді, кеңестің басқа да шешімдерін жобалауда көмектеседі, оларға алдын ала баға береді,сонымен қатар олардың төрағамен орындалуын бағалайды.Заң бойынша кеңесте келесідегідей құрам бекітілген. 35%-кәсіпорындар өкілдері мен жалдамалы жұмыс істемейтін тұлғалар, 35%-жалдамалы жұмыс істейтін тұлғалардың кәсіподақтарының өкілдері, 25%-аймақтың қоғамдық ұйымдарының өкілдері,  5%-эксперттер, көрнекті мамандар мен қоғам қайраткерлері, оларды премьер – министр өзі тағайындайды.

 

Департаменттер ең алғаш Ұлы Француз революциясы (1789 – 1790 жылдары) кезінде қалыптасқан.Департаменттің жетекші сайлаушы органы болып Бас кеңес табылады. Оған сайлау кантон бойынша өтеді, сол себепті кантональды деп аталады.Кантон- әкімшілік бірлік емес. Фактілік түрде бұл құрамына белгілі бір коммуна саны кретін сайлау округі.әрбір кантон бас кеңеске бір өкілден сайлайды. Департаменттердегі кантондар саны әр түрлі болады.Олардың саны департаментпен белгіленеді.

 

Бас кеңес департамент жұмысына басшылық жасайды, соның ішінде жергілікті және халықаралық көлікті, аз қамтамасыз етілгендерге әлеуметтік және медициналық көмек беруді, департаменттік мемлекеттік істерді, мектеп істері мен кітапханаларды басқарады. Ол ағымдағы қаржылық жылдың бюджетін қабылдайды, қиыншылық жағдайдағы кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсете алады.

 

Францияда жергілікті мемлекеттік қызмет 1983–1984 жылдары мемлекеттік қызмет туралы заңның қабылдануына орай қалыптасты. Егер сексенінші жылдардың бас кезіне дейін жергілікті ұжымдардың қызметкерлері жалжамалы еңбек шарттарында жұмыс істесе, аталған заңқабылданғаннан кейін  лауазымдық қозғалыс жүйесі жұмыс жасай бастады.Жергілікті мемлекеттік қызметтің орталықтан  басты ерекшелігі келесіде: жергілікті үкіметтік мекемелер мен биліктің атқарушы органдарына лауазымды қалыптастыру мен қысқартуға, лауазымға тағайындауға, қызметкерлерді профессионалды дайындауды ұйымдастыруға, мемлекеттік қызмет бойынша көтермелеуге  байланысты сұрақтарды шешуге, ранг беруге, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен оларды шығаруға байланысты белгілі бір құқықтарды беру.

 

Орталық мемлекеттік қызмет сияқты жергілікті мемлекеттік қызметтің әрекет етуі бірқатар консультативтік және әкімшілік органдармен реттеледі

 

Консультативтік органдар жүйесін жергілікті мемлекеттік қызметтің жоғарғы кеңесі басқарады. Ондағы орындардң жартысы коммуна, департамент пен аймақ  өкілдеріне беріледі (коммуна ірі ауылдар мен шіркеу приходтарының бірігуінен пайда болған), ал екнші жартысы жергілікті мемлекеттік қызметкерлердің кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне беріледі. Бір орын премьер – министрдің не жергілікті ұжымдардың істері жөніндегі министр өкіліне беріледі. Осылайша, Кеңестің жалпы саны 41 адам болады, сондай – ақ әрбәр өкілдің екі орынбасары болады. Кеңес төрағасы болып жергілікті ұжымның өкілі сайланады.Кеңестің құзыреттілігі алты жыл. ...