Курсовая работа: Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История Казахстана, История
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
31

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1. Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер. 4

2. Үйсін ұлысының іле өңіріне келіп іргелі елге айналуы.. 9

3. Үйсін елінің екіге бөлінуі 22

4. Үйсін елінің өкіметтік ұйымы.. 27

5. Үйсіндердің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениеті 29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 32

 

 

2. Үйсін ұлысының іле өңіріне келіп іргелі елге айналуы

 

 

... Екі ел арасындағы достық қатынасты күшейту үшін, бұлар құда болады. Құшарға ханы үйсін ханшасы Деспен қосылып той жасайды. Тойдан кейін, Жиейұй ханым Хан патшасына өтініш жазып: жиендеріңіз Деске хан патшалығының ұрқынан шыққан ханша деген атау беріліп,  хан патшалығына төркіндеп баруына рұқсат етілсе екен деп сұрайды. Б. ж. с. дейінгі 65-жылы Құшарға ханы мен Дес Чаңанге барады, Деске ханша атағы беріледі. Бұлар Чаңанде бір жыл тұрып, арнаулы таңба, сәнді күйме, көптеген музыка аспабы, ондаған музыкант, салтанат бұйымдары, асыл бағалы заттардан сый-сияпат алып, Құшарға еліне қайта оралады.

 

Үйсін елінің мемлекеттік беделі артылып, кемедіне келген кезде көрші елдер оны арқа тірек етіп, басына күн туғанда бассауға сұрайды, Мысалы, үйсіндердің шығыстағы көршісі Чес елінің ханы Оғұй һұн тәңірқұтынан қысым көргенде үйсін еліне қашып келіп паналайды. Ол үйсін елінде жеті жыл тұрып, 62-жылы хан патшалығының астанасы Чаң-анге барады.

 

Екі ел арасындағы одақтық байланысты үздіксіз күшейту үшін, үйсін күнмуы Оңқай би Чаңан қаласына елші жіберіп, өзінің үлкен ұлы (Жиеиұй ханымнан туған) Янгұй биге хан патшасының ұрқнан қалыңдық айттырып, «сүйек жаңғыртуды және һұндерге қарсы үздіксіз күресуді» талап етеді. Хан патшасы бұл талапты қабыл алып, Шиаңфо ханшаны беруді ұйғарады. Шуанди патша ілгеріде Шижұн ханшаның үйсін тілін білмегендігінен тартқан қиыншылығын ескеріп, Шиаңфо ханшаны жүзден астам адамымен Шаңлинфан деген жерге орналастырып, үйсін тілін үйретеді. Үйсін күнмуы Оңқай би өзінің мұрагері Янгұй биді қалыңдығын әкелуге қайнына аттандырады. Үйсін қолбасшылары мен бектері бастаған 300 адамдық құдалар онымен бірге жүреді. Бұлар мың жылқы, мың қашыр қалың мал айдап Чаң-анге барады. Шаңлинфанда сән-салтанатты той жасалып, оған һұн және басқа елдердің елшілері шақырылады. Шекарадағы ұлттармен байланысқа үлкен ықпал жасау үшін, бұл тойға Шуанди патшаның өзі де қатысады, Тойдан соң Шиаңфо ханша үйсін еліне ұзатылады. Оны ұзатып апаруға қолбасы Чаң Хұй бастаған елшілік қосылады. ...

 

 

 

5. Үйсіндердің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениеті

 

 

... Қазылған үйсін молаларының үлкен кішісі және оған сүйекпен бірге қойылған заттардың саны мен сапасы, құрбан етілген малдардың сүйегі ежелгі үйсіндерде меншікті мүліктің болғандығын, әлеуметтік теңсіздіктің барлығын дәлелдейді. Үлкен және мол мүлікті молаларға күнбилер, қолбасшылар, ақсүйектер жерленген, орташаларына ру-тайпа билері, батырлар жерленген, қарапайым молаларға әдеттегі адамдар жерленген, бұлардың ішіне сапасы нашар санамалы заттар ғана қойылған. Үйсіндердің мұндай мал-мүлік теңсіздігінің барлығы Хан патшалығы дәуіріндегі тарихи деректерде де жазылған. Онда: «Үйсіндердің иелігінде жылқы көп, барлардың жылқыларынын, саны 4-5 мыңға жетеді», дейді.       

 

Үйсін ескерткіштерін зерттеу бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткенін анықтайды. Бұлар: алғашқы кезең - біздің заманымыздан бұрынғы 3-1-ғасырлар, орта кезең - біздің заманымыздың 1-5-ғасырлары кейінгі кезең біздің заманымыздың 3-5-ғасырлары. Бұл Кезеңнің жағдайлары моладан шыққан қыш-құмыра ыдыстардан айқын байқалады. Алғашқы қыш құмыра ыдыстар қолмен жасалған, spt кішкене, әрі қарапайым келеді. Орта кезеңдердегілер қолмен істелген арнаулы дөңгелек арқылы айналдырып өңделген. Олар алғашқы кезеңдегілерден үлкен, бүйірлі әрі терең келеді. Соңғы кезеңдегілері арнаулы дөдгелек арқылы жасалған, жақсы күйдірілген, әрі үлкен, әрі сапалы, ыдыстардың сыртына әр алуан өрнектер түсірілген.

 

Үйсін обаларынан табылған сәндік бұйымдарда көшпелі тұрмысты, аңшылықты және үйсіндердердің нанымдарын, сенімдерін бейнелейтін суреттер: арыстан, жолбарыс, қабылан, құлжа, тауөшкі, бұғы, бөкен бейнелері бар. Ерттеулі атты ұстағы тұрған адамдардың мүсіні қойылған шамдалдар тым тамаша. Әйелдердің әшекейлі бұйымдарына түйелі көш, әр алуан құс бейнелері нақышталған. Бұлар өте әсем. Күнес ауданынан табылған қоладан құйылған сарбаздың мүсіні үйсін өңерінің даму деңгейін дәлелдейді.

 

Заманымыздың 6-7-ғасырынан бастап бұрынғы үйсін ордасына бағынған дулат тайпасы осы одақта үстем орынға шығып, бұл одақ дулаттар, яки бес тайпалы дулаттар деген жаңа атпен аталды. Сонда да үйсін аты сақталып отырды, бірақ бұрынғы дәуірдегілерге қарағанда жазба деректерде сирек кездесетін болды.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

1. Marguart 1. Uber Volkstum komanen. «Хұдұд Әл-Ғалам» 48-тарауында. М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы».

 

2.   У.  Тоған  «Жалпы  түрік тарихына  кіріспе»,  І-том.  3-басылуы, 69-бет,  Стамбул. 1981.М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» ...