Мазмұны
СТРАТЕГИЯНЫҢ ПАСПОРТЫ.. 4
КІРІСПЕ.. 9
Ι-Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ.. 12
Көліктің жай-күйі мен дамуы Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызға ие. 12
ΙΙ-Тарау. МАҚСАТ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР МЕН ҚАҒИДАТТАР.. 22
ΙΙΙ-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ... 25
3.1. Көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру.. 25
3.2. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.. 27
3.3. Көлік қызметтері нарығын дамыту.. 29
3.4 Көлік жүйесін өңірлік дамыту.. 30
3.5 Көліктегі қауіпсіздікті арттыру.. 31
3.6 Транзиттік әлеуетті пайдаланудың тиімділігін арттыру.. 33
3.7 Көлік саласындағы инновациялық даму.. 37
3.8 Көлік саласындағы ғылыми және кадр әлеуетін арттыру.. 39
ΙV-Тарау. КӨЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНДЕ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 41
4.1. ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ.. 41
4.1.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.. 41
4.1.2. Көлік қызметі нарығын дамыту.. 43
4.1.3. Транзиттік әлеуетті іске асыру.. 44
4.1.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру.. 46
4.2. Автомобиль көлігінде. 47
4.2.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.. 47
4.2.2. Автокөлік қызметтері нарығын дамыту.. 50
4.2.3. Транзиттік әлеуетті пайдалану.. 51
4.2.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру.. 52
4.3. Қалалық жолаушылар көлігінде. 53
4.3.1. Дамытуды жоспарлау.. 53
4.3.2. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру.. 54
4.3.3. Инвестициялық және қаржылық саясат. 56
4.4. Әуе көлігінде. 56
4.4.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.. 56
4.4.2. Ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік. 58
4.4.3. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және. 59
сертификаттау.. 59
4.4.4. Әуе тасымалдарының нарығын дамыту және реттеу.. 60
4.4.5. Аэронавигациялық кешенді дамыту.. 60
4.4.6. Транзиттік әлеуетті пайдалану.. 61
4.4.7. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру.. 62
4.5. Су көлігінде. 63
4.5.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.. 63
4.5.2. Транзиттік әлеуетті пайдалану.. 65
4.5.3. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру.. 65
V-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІ. 67
5.1. I кезең: 2006-2010 жылдар.. 67
5.1.1. Темір жол көлігі саласында: 69
5.1.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында. 70
5.1.3 Әуе көлігі саласында: 73
5.1.4. Ішкі су көлігі саласында. 74
5.1.5. Теңіз көлігі саласында. 75
5.2. II кезең: 2011-2015 жылдар.. 75
5.2.1. Темір жол көлігі саласында. 77
5.2.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында. 77
5.2.3. Әуе көлігі саласында. 79
5.2.4. Ішкі су көлігі саласында. 80
5.2.5. Теңіз көлігі саласында. 81
5.3. Іске асыру тетіктері 81
VΙ-Тарау. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ. 83
6.1. Негізгі қағидаттар.. 83
6.2. Қаржыландыру көздері 84
Қорытынды.. 86
Ι-Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
... 2000 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасының өсуі ІЖӨ-мен білдіргенде 42,7 %-ды, ал тауарлар мен қызметтер өндірудің өсімі тиісінше 41,9 % және 43,7 %-ды құрады. Бұл ретте көліктің барлық түрлерімен жасалатын жүк тасымалдарының көлемі 28,5 %-ға өсті. Мұның нәтижесінде, көлік инфрақұрылымының қолданыстағы қуаттары экономиканың өсу қарқынын тежейтіндей жағдай қалыптасты.
ІЖӨ-нің жылдық өсу қарқынын 8,8-9,2 % деңгейінде сақтауды болжай және өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 %-ға жеткізе отырып, Қазақстанның экономикалық даму перспективалары көлік жүйесіне, әсіресе, елдің ішіндегі өнеркәсіптік және экономикалық процестерде және оның экспорттық-импорттық және транзиттік тұрғыдан шешуші рөл атқаратын көліктің темір жол және автомобиль түрлерінің инфрақұрылымына түсетін жүктеменің артуына сөзсіз әкеп соқтырады.
Халықтың орналасуының төмен тығыздығы жағдайында үлкен қашықтықтармен қатар мемлекет экономикасының шикізаттық бағыттылығы экономиканың көлікке барынша тәуелділігін білдіреді. ...
ΙΙΙ-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.7 Көлік саласындағы инновациялық даму
... Сондықтан, тауарлар өндіру мен қызметтердегі көліктік құрамдасының бөліктің үлестік салмағын азайтуды мемлекет көлік жүйесінің негізгі стратегиялық басымдықтары қатарына жатқызуы тиіс, бұл көлік өнімі мен қызметін халықтың барлық топтары үшін анағұрлым қол жетімді етуге мүмкіндік береді.
Бұл орайда, мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті құқықтық негіздерді қамтамасыз ету және мультимодальдық тасымалдарды дамыту мен логистикалық орталықтар құру үшін қажетті экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.
Көлік процестерінің тиімділігін арттыруда оларды ақпараттық қамтамасыз етудің елеулі маңызы бар. Спутниктік навигация жүйесін қарқынды дамыту, өндірілетін өнімдер мен қызметтер туралы ақпараттық деректер базасын құру қажет.
Көлік процестерінің қоршаған ортаға келеңсіз әсерін шектеу және реттеу көлік құралдарының экологиялық өлшемдерін бақылау үшін көліктік бақылау органдарын және экологиялық органдарды қазіргі заманғы жабдықпен және технологиялармен (газ анализаторлары, түтін өлшегіштер, отындағы ауыр металдардың құрамын анықтауға арналған құралдар және т.с.с.) жарақтандыруды қажет етеді.
Әрине, бастапқы кезеңде көлік жүйесінің техникалық және технологиялық деңгейін арттыру мемлекет тарапынан да, жеке сектор тарапынан да едәуір күрделі қаржы салымдарын талап етеді. Сонымен бірге, дамыған елдер тәжірибесі жаңа технологияларды дамытуға және енгізуге, энергия- және ресурстарды үнемдеуге, кешенді ақпараттандыруға инвестиция салудың толық ақталатынын және қысқа мерзімде жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. ...
V-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІ
5.1.4. Ішкі су көлігі саласында
... Ертіс өзенінде тоқтаусыз кеме қатынасын ашу, сондай-ақ бүкіл кеме жолының бойында тереңдігін және басқа да техникалық параметрлерін “өзен-теңіз” сыныбындағы кемелермен тоқтаусыз жолаушы және жүк кеме қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей тереңдікке жеткізе отырып, Жайық-Каспий арнасында жыл сайын жөндеу және табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу;
Қазақстанның кеме жүретін басты өзендерінің техникалық параметрлерін навигация барысында өзен кемелерінің көлік оқиғалары мен кідірістерге тап келуін болдырмайтын жағдайға дейін жеткізу;
Ертіс өзенінде Қытай – Қазақстан – Ресей транзиттік бағытын ашу үшін жағдайлар жасау;
Қазақстанның Каспий маңы өңірлерінің өзен көлігін Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиттік бағыт жұмысына қосу;
ішкі су көлігінде техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымды құру. ...
VΙ-Тарау. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
6.2. Қаржыландыру көздері
... Жеке бизнесті дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру негізгі құралдарды жаңартуға ынталандыратын жеңілдіктер мен преференциялар беру жолымен жүзеге асырылатын болады. Бағдарламалардың іске асырылуын қаржыландыру мемлекеттік бюджет және мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетігін белсенді пайдалану есебінен жүзеге асырылатын болады.
Стратегияны іске асыру кезеңінде көлік кешенінің шамамен алғандағы инвестициялық қажеттілігі 2005 жылғы бағамен шамамен 3,4 трлн. теңгені құрайды, олардың 70%-ын жекеше инвестициялар құрайды. Инвестициялық қажеттілікті шамамен бағалаудың негізінде көлік инфрақұрылымының түрлі элементтерін қалпына келтіру, қайта жаңарту және салу, жылжымалы құрамды жаңарту жатады. Стратегияны іске асыру үшін қажетті адам, қаржылық және материалдық-өндірістік ресурстарды барынша нақты бағалау көлік түрлері бойынша салалық даму бағдарламаларын әзірлеу және бекіту кезінде, соның ішінде тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жүргізілетін болады. ...