Жоспар
Кіріспе. 3
1 Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері 5
2. Әлеуметтік қорғау жүйесінің салалары.. 6
3. Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің ролі 13
Қорытынды.. 16
Пайдаланылған әдебиеттер. 17
2. Әлеуметтік қорғау жүйесінің салалары
... Біздің қоғамда социализмнен көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталып қалды. 1999 жылға дейін республикада натуралды әлеуметтік-тұрмыстық жеңілдіктер жасаудың тұтас жүйесі жұмыс істеп келді, олар: тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер төлемі, протездеу, қала көлігімен тегін жүру, медициналық қызметтер және санаторийлық-курорттық емдеу, дәрілер мен газетке жазылуларға жасалған шегерімдер, автокөлікі арзан бағалар мен тегін бөлу.
Жеңідіктердің ұзын саны бюджетке экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтн шамадан тыс салмақ салды және әлеуметтік трансферттердің 75% -нан астамы тек қағаз жүзінде ғана болды. ҚР-да әлеуметтік төлемдерді, жеңілдіктерді, жәрдемақылар мен дотацияларды 1999 жылдың бас кезінде халықтың ондаған әр түрлі санаттары (категориялары) алып келді, ал олардың тізбесіне 140-тан астам атулар кірді. Ол – КСРО ауқымында қалыптасқан төлемдер мен жеңілдіктердің салаланған жүйесінің Қазақстан егемендік алған жылдар арасында жаңа санаттық (категориялық) жеңілдіктермен толықтырылғанының салдары. 1999 жылы жеңілдікті әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектің көлемі едәуір қысқартылды. Бұл ретте соғысқа қатысушылар мен халықтың кейбір өзге жіктеріне ауыстырылды, ол бұрынғы тегін жеңілдіктерді толық емес шамда өтейді.
Қатаң қаржылық шектеулер жағдайларында халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы басым болуы тиіс, оның негізін « Әлеуметтік кепілденетін минимум» қалайды. 2002 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген «Мемлекеттің атаулы көмегі туралы» Заңға сәйкес аса мұқтаждық көрген отбасылар жеткілікі қамтамасыз етілмегені бойынша ақшалай жәрдемақылар алуға құқылы. Отбасылық жәрдемақылар- әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының немесе жеке азаматтың қайсыбір шамада жиынтық табысын анықтауға негізделетін әлеуметтік төлемдердің жалғыз нысаны. әлеуметтік қолдау көрсетудің бас қағидасы кедейшілік шегіне дейін қосымша төлем жасау болып табылады (2002 жылғы 1 қаңтарға қарй ол 2000 теңгені құрады). Өзге әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің барлығы мұқтаждықты алдын ала тексерусіз беріледі, ол жалпы әлеуметік көмек жүйеснің тиімділігін күрт төмендетеді.
ҚР « Мемлекеттің атаулы көмегі туралы» Заңынын қолданысқа енгізілуіне байланысты әлеуметтік жеңілдіктер бөлудің санаттық (категориялық) қағидасын, тек керек жерінде ғана (соғыс мүгедектері және I топтағы мүгедектер, кейбір аурулар кезінде медициналық қызмет көрсетулер және т.б.) сақтау қажет сияқты болып көрінеді. Қалған жағдайлардың барлығында, бұрын айтылғындай, шын мәнінде әлеуметтік көмекке кім мұқтаж болса, соларға жеңілдіктер берудің атаулылық қағидаты үстемдік құруы керек, ол былайғы тең жағдайларға бөлнетін әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшерін өсіруді қаматамасыз етеді. ...
3. Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің ролі
... 2000 жылы жас бойынша тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері республикада-4462 теңге, ал жас бойынша жәрдемақы (әлеуметтік зейнетақы) мөлшері2175 теңге болды. Ал күнкөріс минимумы 4007 теңге еді. 2002 жылға айтылғандардың салдарынан зейнетке шыққан адамдар, қағида бойынша, өздері қалағаннан гөрі анағұрлым төмен тұрмыс стандарттарымен күн көреді.
Әлемдік практикада зейнетақылардың мынадай түрлері ең көп тараған: еңбек, әлеуметтік, мүгедектік бойныша, асыраушыдан айырылған жағдайдағы зейнетақылар. Еңбек зейнетақылары халықтың жұмыспен қамтылуымен байланысты. Олардың мөлшері еңбек қызметінің ұзақтығына қарай белгіленеді.Қаржыландыру көзі- әлеуметтік қорғау жүйесі (Қазақстандағы әлеуметтік салық). Әлеуметтік зейнетақылар күнкөріске қаже ең төменгі қаражаттарды қамтамасыз етуге арналады да, жан басына шаққандағы табыстың төмен шамасы кезінде мелекеттік бюджеттен төленеді.
Мүгедектік бойынша зейнетақыларды еңбекке жарамдылық қабілетінен айырылған және еңбек зейнетақысын алу құқына еңбек сіңіре алмағандар алады (сақтандыру қорына жарналар төлеудің мерзімі 3-5 жылдан аспайды). Асыраушыдан айырылған жағдайдағы зейнетақы жетім балаларға беріледі. (бірқатар батыс елдерде егер күйеуі зейнеткерлер болса, соның жесірі де алады). Зейнетақылар төлеу үшін кейбір мемлекеттерде белсенді жұмыс істеу аралығында азаматтардың жинақтаушы қорға жасаған аударымдары да, сондай-ақжұмыс берушілер жүзеге асыратын әлеуметтік қорғауға төленетін жарналар да пайданылады. Осы қаражаттар жетіспеген жағдайда тапшылықты қаржыландыруға бюджеттен мемлекеттік қаражаттар бөлінеді.
Қазіргі кезде әлемде жұмыс істейтін зейнетақылық жүйелердің көпшілігі бөлу қағидаларына негізделген, яғни зейнетақылар зейнеткерлердің өздерінің жинаған қорларынан емес, ал жұмыс істейтіндер жарналарының есебінен төленеді.1998 жылға дейін қолданылып келген ҚР зейнетақылық жүйесі де сондай-ақ бөлу қағидаларына негізделіп, бұрынғы КСРО-ның зейнетақылық заңнамасына сүйенетін еді.
1991 жылдан бастап (зейнетақылар туралы бірінші заң қабылданған кез) Қазақстанның зейнетақылық заңнамасы оған қатаң талап қою мен азаматтардың көптеген санаттарының (категориялырының) әлеуметтік қорғауын азайту жағына қарай көбірек өзгере бастады. ...
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әлібаев А.Б. Қазақстанның зейнетақы реформасы: Алматы, 1998
2. Межибовская И.В. Қазақстан Республикасындағы мүгедегектерді әлеуметтік-еңбек тұрғысында қатарға қосу: теориялық-құқықтық аспект.-Алматы,1997
3.Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998 ...