Реферат: Каспий өңірінің экологиялық мәселелері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
17

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе. 3

1 Каспий өңірінің экологиялық мәселелері 5

2 Жарылыстар нәтижесі 12

Қорытынды.. 15

Әдебиеттер тізімі 17

 

 

1 Каспий өңірінің экологиялық мәселелері

 

 

... Орынбор мұнайгазконденсат орнында да бірнеше ядролық жарылыстар өткізілді. Олар бұл жарылыстың нәтижесі қандай болатындығын тексеріп, тіпті анализ жүргізген де жоқ. Кен орындарының өнімдерін зерттеу және газ сақтайтын жер асты резерварларды құру мақсатында өткізілген ядролық жарылыстар ішпласталық қысымының төмендеуіне, газ шығарушы тұнбалардың өзгеруіне алып келді. Қазіргі уақытта жас Орынбор кен орны газ өндірудің төменгі деңгейінде тұр. Орынбор кен орнындағы газ өндіру 1971 жылдан басталды. 1979 жылға дейін кен орнында көміртегі өндірісі жоғарылай бастады, ал содан кейін жыл сайын жаңа скважиналарды енгізуге қарамастан төмендей бастады. 1979 жылы газ өңдеу ең жоғарғы деңгейге жетті – 48,7 млрд м3. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына таман газ өндірісі 2 есе кеміді. Радиоактивті ластанудың әсерінен бұл кен орны аймағында ядролық қалдықтарын көму орталықтарын құруға мәжбүр болды. Газ скважиналарын жыл сайын су алу оларды пайдаланудан шығарғанына қарамастан тау жыныстарының жарылыстарынан пайда болған жер асты суының ағыны болып табылады. Бұл ағындар табиғи жолмен қалыптасқан радионуклейндерден құралады. Шығыс жер асты сулары Жайықтың үстінгі су тасқыш жиегін ұстап тұрады және суармалы жер жылуымен қамтамасыз етеді.

 

Жоғарыда біз Каспий өңірінің негізгі экологиялық мәселелерін қарастырып өттік. Қорытындылайтын болсақ, егер де бұл аймаққа дұрыс назар аудармасақ, болашақта Каспий теңізі жер бетінен мүлдем жоғалып кету қаупі туып тұр. Оның экосистемасын құтқару үшін жеке-жеке мемлекеттер мен компаниялардың өздері жай тазарту әрекеттері түкке де әкелмейді, оған барлығымыз осы адамзат мәселесін шешу үшін  бір жұдырықтай жұмылуымыз қажет. ...

 

 

 

2 Жарылыстар нәтижесі

 

 

... Мамандар айтуы бойынша, топырақ бөлшектерінің шаң-тозаңмен орын ауыстыруымен байланысты екінші ретті ластанудың анық қауіп-қатері бар, сондықтан осы учаскелердің рекультивациясын, яғни ластанған топырақ бетін жинап алып, көміп тастап, ал 6-Т скважинасының бастауын бетонмен жауып тастауды, өкізуді ұсынады.

 

Мұндай қауіптену өте негізделген. Облыстың радиологикалық бақылауы жүргізілу кезінде Ақтау қаласы территориясы мен жақын жатқан аудандардағы табылған радиоактивті ластану көздерін мұнда адамдардың жеткізгені анықталды, және де ең қатты радиоактивті сәулелерді мұнай кен орындарынан ұрланған металл құбырлар мен Маңғыстау химиялық кешенінің қалдықтарынан ұрланған жабдықтар бөліктері шығарады. Металды адамдар қаылдау пункттарына тапсырды да, бұрғылар құбырларын өз саяжайларында пайдаланылады.

 

Саяжайларда құрылған осы сияқты кейбір «бұйымдар» сағатына 1,5 мың микрорентген сәуле шығарды – ядролық жарылыс ауданындағы скважинадағыдай. Бұл радиоактивті сәуле шығару көздерін жергілікті тұрғындардан тәркілеп, арнайы полигондарда көмеді. Бірақ кейде ойламаған жағдайлар болады. Мысалы, осындай оқиға болды: саяжайлардың біреуінде сағатына 700 миллирентген сәуленетін тоттанбайтын метал қағазы табылды. Оның қожасын темірге жақындамауы және мамандар келіп оны алып кететіні туралы ескертті. Бірақ мамандар келгенде жаңағы радиоактивті металдан оның фоны ғана қалғаны анықталды. Радиация бар да, ал метал жоқ. Қайда? Сөйтсе, саяжай иесі оны үйдің жарына қадап, оның үстінен кілем іліп қойған. Радиоактивті болса да, өз дүниесімен қоштасқысы келмеген ғой. ...

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

1. «Экология и устойчивое развитие» газета, 10.2005;

2. «Егемен Қазақстан» газеті, 14 қаңтар 2004;

3. «Промышленность Казахстана» журнал, 08.2004 ...