Курсовая работа: Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
27

Мазмұны

 

 

 

 

КІРІСПЕ. 2

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3

1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы.. 3

1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні 6

1.3 Шағын бизнес ерекшеліктері 8

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ   11

2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы   11

2.2 Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы потенциялды салалар. 14

2.3 Шағын бизнесті дамытудың проблемалары.. 17

3. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ.. 20

3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу. 20

3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты.. 23

ҚОРЫТЫНДЫ.. 26

 

 

 

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

         1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы

 

 

 

... Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады.Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып,тәуекелге барды.     

 

Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар , ол сол кезде-ақ  монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті.Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.

 

1776 жылы Адам Смит өзінің «Халық байлығының табиғаты  мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе айтылмады.Тек  1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерілді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап  ете  қалатынын айтты. Сэйдің  айтуынша  «Өндіріс  шеберлері»   келесі  қасиеттер  мен дарындарға  ие болуы  қажет:

- Төлем  қабілетті, тәртіпті, сақ, адал  және тұрақты  болуы; ...

 

 

 

3. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ

 

3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты 

 

 

 

...  Бәсеке артықшылығы үшін ең маңызды болып «мирасқорлық» факторы саналады. Яғни сол елде құрылған. Бұл жағдайда институционалды механизмдердің жоғары деңгейлі сапасын иеленген елдер бәсекеге қабілетті бола алады. Білім, тұрғындардың ерекшелігі, физикалық инфрақұрылым және капитал сияқты факторлар өте маңызды. Қазақстанда, Портердің айтуы бойынша, даму үшін потециал бар, сонымен қатар әрі қарай дамыған экономикаға жетуге қажетті активтер бар. Алайда мұнай және басқа табиғи ресурстасрды мақсатқа жетудің құралы ретінде қарастырмау керек.

 

Сұраныс талабы – тауарлар мен өнеркәсіп қызметтеріне сұраныстар жергілікті және халықаралық нарықта да талаптары. Қазақстан өзіндікң нарығы шектеулі және үлкен территорияға таралған, сыртқы нарық бәсеке қабілеттігінің анықтаушы талаптарының бірі болып табылады. Бізде үлкен халық жоқ, гигиант нарық жоқ. Кейбір елдерде инвеститциялық компаниялар өз инвестицияларын үлкен нарықтар үшін салады.

 

Бәсеке қабілеттігінің тағы бір талабы - өзара байланысқан және қолдаушы салалар. Бұлар фирмалардың бәсеке қабілеттігін көтеру үшін өте маңызды. Бұл саланың артықшылығы « ромбының » келесі компоненттеріне байланысты. Алайда бұл талап кластер құруда шешуші роль атқарады.

 

Фирма стратегиясы, құрылым және бәсеке « ромбының» төртінші компоненті болып табылады. Мұнда инновация және тиімді қызмет етуді ендіруде қатты қысым көрсететін жергілікті компаниялар арасындағы бәсеке өте маңызды.

 

Күшті бәсеке тек жергілікті нарықта артылықшылықтарды ойлап табуда ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарыққа шығуға мәжбүрлейді. Тек сирек жағдайларда ғана ішкі нарықта лайықты бәсекені кездестірмей, халықаралық нарықта жақсы бәсекелес ретінде көрінуі мүмкін.

 

ІІ этапқа өту кезеңінде қазақстандық, аймақтық және әлемдік деңгейдегі нарықтың қызықтырушысы және оның 223 саладағы кластері мен сегментерінің динамикасы бағаланды. Осы талдау тек  Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге әлемде кластердің даму потенциалын және оны 9 кластерге қысқартуға мүмкіндік берді. Мынадай 9 кластер:

 

 

 

 

 

  1. Туристік сала
  2. Құрылыс материалдарын өндіру
  3. Текстилдік сала ...