Жоспар
1 Нарық қалыптасуының теориялық аспектілері. 3
2. Нарықтық жүйені құрып, жұмыс істейтін негізгі алғышарттар. 7
3. Басқару құралдарын жіктеу. 8
4 Экономикалық өсу теориясы және басқару ...11
2. Нарықтық жүйені құрып, жұмыс істейтін негізгі алғышарттар.
... Еркін кәсіпкерлік табиғаттының, нарық пен мемлекет рөлдерінің теориялық алғышарттарына Адам Смиттің көзқарастарын жатқызуға болады. Оның пікірі бойынша, өздерінің әл-ауқатын жақсартқысы келетін адамдардың табиғи тілек-қалауы – аса қуатты ынталандырушы күш болып табылады, егер олардың іс-әрекетіне толық еркіндік берілсе, олар өз күштерімен-ақ қоғамды өркендетуге қабілеттері жететін болады.
Француздық философ-материалист Гельвеций Клод Адриан қоғамдағы жеке мүдденің рөлін табиғаттағы бүкіл әлемдік тартылыс заңымен салыстырды. Бұдан қоғам ұтпаса, ұтылмайды.
Исаак Ньютон ақша сарайының жетекшісі болды әрі стерлинг фунты әлемдік валюта болуы үшін күш салды.
Нарықтық экономика қалай жұмыс істейтінін ұғу үшін әрбір экономикалық жүйенің жауабын тауып бере алатын бес іргелі меселенің барын мойындауымыз қажет:
1. Қаншалықты өндіру қажет? Ресурстардың қанша бөлігін немесе қанша көлемін өндірістік процесте пайдалануға болады?
2. Нені өндіру қажет? Тауарлар мен қызметтердің қандай іріктемесі қоғамдың материалдық қажеттілігін толық қанағаттандыра алады?
3. Бұл өнімді қалай өндіру қажет? Өндіріс қалай ұйымдастырылуы керек? Қандай фирма өндірісті жүзеге асыруы керек және өндірісте қандай технологияны қолдану қажет? ...
4 Экономикалық өсу теориясы және басқару
... Экономикалық өсудің жалпы теориясының контексінде бағыттар мен тұжырымдамаларды ескеру керек.Біріншіден, бұл өндірістік- шаруашылық қызметтерді ұйымдастыру осы заманғы ақпараттық және технологиялық негізде қайтадан құрады: екіншіден, корпорациялардың ішкі нарығы мен нарықтық шаруашылықтардың заңдылықтары мен принциптерін компаниялардың ішкі қызметіне енгізу тұжырымдамасы:
Үшіншіден,басқару тиімділігін өлшеу тұжырымдамасы.Көптеген жағдайларда қаржылық емес өлшеуіштер ұйымның жетістіктері туралы өте жақсы айғақтарды бере алады-зияткерлік (интеллектуальный) капитал, тұтынушының қанағаттану деңгейі, коммуникациялардың әсері және т.б.
Төртіншіден, даму барысын басқару-экономиканың тұрақты өсу факторы. Даму барысын басқара білу экономиканы реттейтін жаңа жүйенің қажетті қосалқы жүйесін құрайды.Ол әлеуметтік-экономикалық дамуды индикативтік тұрғыдан жоспарлауды,таңдау процедураларын, шаруашылық саясатын жүзеге асыруды және ҒТЖ (ғылыми-техникалық жетістік) внталандыру тетіктері мен инновациялық белсенділікті және т.б. қамтиды.
ХХІ ғасырдың табалдырығында тиімді басқару және өркениет талаптарына жауап беретін кәсіпкерлік сияқты екі негіз қалаушы аспаптарымен макроэкономика қайта өзгертуде алдыңғы қатарға шығады. ...