Курсовая работа: Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
19

ЖОСПАР

 

 

Кіріспе. 2

І. Әлеуметтік - экономикалық процестердегі қаржы саясаты мен қаржы механизмінің мәні мен маңызы. 4

1.1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен принциптері. 4

1.2  Қаржы механизмінің  жүйесі мен құрылымы және оны реформалау. 6

ІІ.  Қазақстан Республикасында қаржы саясаты және оны басқаруды ұйымдастыру  10

2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және  басқару. 10

2.2 Қаржы саясаты  нарықтық экономикада Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуші процесс. 13

Қорытынды.. 17

Қолданылған Әдебиеттер тізімі 19

 

 

 

І. Әлеуметтік - экономикалық процестердегі қаржы саясаты мен қаржы механизмінің мәні мен маңызы.

 

1.2  Қаржы механизмінің  жүйесі мен құрылымы және оны реформалау.

 

 

... Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары  міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады, бұл – қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.

 

          Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты- нарықтық қатнастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын  барынша дамытуды қамтамасыз етеді.

 

          Халыққа әлеуметтік кызмет көрсетуді жақсарту мақсатымен әлеуметтік сала мекемелері мен ұйымдарында жаңа шаруашылық механизмі енгізілді.  Бюджеттен олдрдың қажеттіліктерін қаржыландыру бір тұрғыдан жұмсалынатын әлеуметтік шығындардың есебінен немесе басқа көрсеткішке қарай анықталатын ұзақ мерзімді тұрақты нормативтердің негізінде жүзеге асырылады. Әлеметтік сала мекемелеріне ақылы қызметтер көрсетуге, алған табыстарын өзінше жұмсауға құқық берілген.

 

          Қаржы механизмін құру процесті база жасаумен қосарлана жүргізілуді. Сонғы жылдары Парламент қаржы қызметтерінің құқықтық негізін қалайтын бірқатар заңдар қабылданды. Оларға мемлекетті кәсіпорындар туралы, шаруашылық серіктестіктері туралы, шетелдік инвестициялар туралы, жаңа салық кодексі туралы және басқа заңдарды жатқызуға болады.

 

          Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты практикаға акционерлеу, бағалы қағазда дивиденттер, еркін бағалар, лицензиялар, кәсіорындардың тұтыну және қорлану қорлары, валюта қорлары сияқты ұғымдар енді; салықтардың жаңа түрлері, ақша қаражаттарының мақсаты  аударымдары енгізілді.   ... 

 

 

 

ІІ.  Қазақстан Республикасында қаржы саясаты және оны басқаруды ұйымдастыру

 

 

 

2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және  басқару.   

 

 

... Қаржы стратегиясы  экономкалық әлеуметтік стратегия мен анықталған перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны      

 

Экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығы мен үнемі анықталып отырады.

 

          Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды деп кезінде өзгеріп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамдық дамытудың нақты кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Қаржы стратегияның біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасының орамдылығымен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталынады.

 

         Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды  Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен  басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

 

         Бір жағынан, қаржы саясатын экономикалық қатынастарды тұрғызады; саясат экономикаға байланысты. Басқа жағынан, экономикалық базис негізінде пайда болып әрі дами отырып, қаржы саясаты белгілі бір дербестікке ие болды; оның өзгеше заңдары мен даму логикасы бар Осыған байланысты ол экономикаға, қаржы жағдайына кері ықпал етеді. Бұл түрліше болады: бір жағдайда саяси шаралар жүргізу жолымен экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады, басқа жағдайда ол кедергі болады.

 

         Саяси шешімдер экономикалық логиканың заңдары бойынша, белгіленген қаржы шараларын жүргізудің салаларын жүргізудің салаларын  анық етіп есептеу мен алдын ала көре білу негізінде  қабылдануы тиіс, бұл қаржы саясатындағы жиі ойда болмаған өзгерістерден құтылуға мүмкіндік береді және кәсіорындардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Осыған байланысты экономика мен әлеуметтік саладағы болып жатқан процестер туралы қаржы саясатының шараларын өткізудің нәтижелері туралы айқын ақпараттың жеткілікті ауқымының зор маңызын атап өту өте қажет.  Қаржы және саяси экономикалық ғылымдардың қорытындыларымен қатар ақпарат тиімді қаржы саясатын жасаудың қажетті  базасы болуы тиіс. Онда қаржы саясатының дұрыстығын тексерудің берік негізіне қызмет ететін кері байланыс принципін, қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларының дамуына оның әсер ету позитивтігі принципін сақтау өте қажет.    

 

          Мемлекет қаржы қатынастарын ұйымдастырудың әдістерін белгілей отырып, тиісті актілерде баянды етеді, заңдар шығарады. Мәселен Парламент салықтар туралы заңдар шығарады, жыл сайын республикалық бюджет туралы заң қабылдайды және т.б. Қаржы министрлігі мен оның аумақтық қаржы органдары, қолданып жүрген заңдар мен үкіметтің қаулылары негізінде, Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық органдары өзінің қызмет бабының шегінде төлемдерді есептеу мен алу жөнінде нұсқамалар, жеке және заңды тұлғаларға қаржы берудің ережелері туралы нормативті актілер және т.б. жасайды. ...

 

 

 

Қолданылған Әдебиеттер тізімі

 

 

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Републикасы үкiметiнiң актiлер жинағы.

2. Берлин С.И. Теория финансов. Учебник пособие. М: Приор, 2000г.

3. Бюджет жүйесi туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Астана: 2001ж.

 

4. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) – Алматы: ЮРИСТ, 2002ж