Жоспар
КІРІСПЕ. 2
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ 4
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері 4
1.2 Жекеменшіктендіру - бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ.. 9
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан республикасының қазіргі заңдары.. 9
2.2. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.. 11
ҚОРЫТЫНДЫ.. 17
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 19
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ
1.2 Жекеменшіктендіру - бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі
... Жекешелендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорынның акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондар да жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады, Инвестициялық қорлардың акциясын сатып алушы сол қорлардың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке мекеме. Мемлекеттік инвестициялардың қорлаға салған чектерге кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге де болады. Біздің елімізде жекеменшіктендіру 1994-1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғаны мен олардың орнына акция алғандары аз.
Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі — жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа ұйымдастыру құқықтың формасы — акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепті болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру — бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең. ...
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан республикасының қазіргі заңдары
... Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Ұлттық комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға болады:
- бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.
- бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері - бағалы қағаздар нарығын реттейтін ережелер.
- басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына байланысты актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға мүмкіншілік бар. ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының банктермен банк қызмет туралы заңдары 05.1995 ж.
2. Бағалы қағаздар нарығы. Б.А.Көшенова, Алматы, Экономика, 1999.
3. Банковское дело. Г.С.Сейткасымов, Алматы, Каржы-Каражат, 1998. ...