Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
І БӨЛІМ. «ИНДУСТРИАЛЬНОЕ СНАБЖЕНИЕ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 5
ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. 5
1.1.«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық қаржы құрлымы, экономикалық жағдайы. 5
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы. 13
ІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ.. 17
АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗІ 17
2.1. Бухгалтерлік баланс - қаржылық талдаудың ақпараттық. 17
негізі ретінде. 17
2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп. 24
2.3. Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп. 27
ІІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.. 31
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және. 31
әдістері. 31
3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау. 39
3.3 Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау. 48
3.4 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау. 57
ҚОРЫТЫНДЫ ПІКІРЛЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР. 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72
І БӨЛІМ. «ИНДУСТРИАЛЬНОЕ СНАБЖЕНИЕ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы.
... Зерттеу жүргізілген кәсіпорында бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын құру бугалтерлік есепті жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламалар пайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қарапайым есепті жүргізуде де, қосарланған есепті жүргізуде де пайдаланылатын әмбебап бухгалтерлік бағдарлама – “1С: Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңынан туындайтын қандай да болмасын өзгерістер жағдайында жұмыс істей алады. “1С: Бухгалтерия” бағдарламасын пайдалана отырып бухгалтер шот тізбегінде, проводкалар жүйесіне және аналитикалық есеп объектілерінің тізіміне өзі түзету еңгізе алады.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану мынандай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:
- есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін (жылдамдығын) жоғарлатады;
- Аралық ақпарат тасымалдаушыларды дайындауды қысқартады;
- Қол еңбегінің, қағаз өндеу шығындарын азайтуға жағдай туғызады.
Бухгалтерлік есетің 30 “Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі” деп аталатын қазақстандық стандартына сәйкес кәсіпорынның есеп саясаты деп - бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есептің мағынасын олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін субъектінің басшысы пайдаланатын тәсілдердің жиынтығын айтады.
“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қабылданған есеп саясатының басты міндеті – оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді,пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.
Есеп саясаты кәсіпорындағы есеп жүргізу процесінің барлық аспектілерін қамтиды - әдістемелік, техникалық, ұйымдық.
Бухгалтерлік есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері сияқты элементтерден тұрады.
Техникалық аспект – бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын (жеңілдетілген, автоматтандырылған) анықтайды.
Ұйымдық аспект – кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру элементтерін қамтиды.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесінде “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізгі құралдардың тозуын есептеген уақытта бірқалыпты әдіспен есептейді. Өндіріске босатылатын материалдарды бағалау кезінде серіктестік орташа құн әдісімен есептейді. Зерттеу жүргізілген серіктестікте типтік құжаттар қолданылады. Қаржылық есептілікті тапсырған уақытта кәсіпорын ескі Бас шот жоспарын қолданады. ...
ІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ
АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗІ
2.1. Бухгалтерлік баланс - қаржылық талдаудың ақпараттық
негізі ретінде.
... Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.
Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бугалтерлік талдау» оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].
Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс (14).
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
«Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».
Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) қысқа мерзімді активтер;
2) ұзақ мерзімді активтер;
3) қысқа мерзімді акитивтер;
4) ұзақ мерзімді актив;
5) меншікті капитал.
Бухгалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған. ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. “Қаржылық есептілікті дайындап тапсыру” Халықаралық стандарт 2001
2. Қазақстан Респубдикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру туралы” Заңы. Алматы 2002
3. Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарты. Алматы Есеп 1998
4. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж..Г. Жумағалиева “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау” Оқу құралы. Алматы Экономика 2001 ...