Дипломная работа: Сақтандыру ісін ұйымдастыру


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
67

Жоспар

 

КІРІСПЕ. 3

І ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР  6

1.1 Сақтандырудың экономикалық мазмұны мен мәні 6

1.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының жалпы сипаттамасы   19

2 ТАРАУ. «ЛОНДОН-АЛМАТЫ» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ТАЛДАУ.. 30

2.1.  Сақтандыру компаниясының жалпы сипаттамасы және оның қаржылық көрсеткіштеріне талдау. 30

2.2 Сақтандыру ісін дамытудың негізгі бағыттары.. 48

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫ: ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.. 55

3.1. Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін  дамыту  проблемалары55

3.2. Сақтандыру рыногы қызметтерінің даму перспективасы.. 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

 

 

І ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының жалпы сипаттамасы

 

 

... 1 қазандағы жағдай бойынша қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының сомасы 17,1 млрд. теңге болды, оның ішінде резидент еместерді қайта сақтандыруға сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасының 27,1%-ы берілді (01.10.2004.ж-ға резидент еместерді қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының үлесі 44,1% немесе 13,6 млрд. теңге болды).

 

2005 жылғы тоғыз ай ішінде сақтандыру төлемдерінің көлемі 6,74 млрд. теңге болды, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,13 млрд. теңгеге (46,3% ) жоғары болды. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,31 млрд. теңгені (0,28 млрд. теңгеге (13,8%) көп), ерікті жеке сақтандыру бойынша  - 1,21 млрд. теңгені  (0,31 млрд. теңгеге (34,4 %) көп) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша  - 3.23 млрд. теңгені  (1,55 млрд. теңгеге  (92,3%) көп) құрады.

 

 1 қазандағы жағдай бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттарының жалпы саны 2 121 756 шарт болды, олардың 58,8%-ы міндетті сақтандыру түрлері бойынша жасалды. Қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің жалпы көлемі (сақтандыру сомасы) 11 941,1 млрд. теңге болды.

 

2005 жылғы қазанда Агенттік сақтандыру рыногының қызметін реттейтін заңдарды бұзуын жою мақсатында сақтандыру ұйымдарының адресіне 1 ұйғарым-хат жіберді.

 

Қазіргі кезде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне 31 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысып отыр.

 

2005 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 8 сақтандыру компаниясы мәжбүрлеп таратылу процесінде болып отыр.

 

2005 жылдың қазанында Агенттік Басқармасы сақтандыру заңдарын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша мынадай қаулыларды қабылдады: «Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша, не жалпы алғанда барлық сақтандыру портфелі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін және олардың ұйғарымды мәнін айқындауды сипаттайтын коэффициенттерді есептеу әдістемесі жөніндегі ұсынымдарды мақұлдау туралы» және «Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымына арналған рейтингті айқындау талаптары мен ең төмен рейтинг және рейтинг агенттіктерінің тізбесін беру туралы». 

 

Қазіргі кезде сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия 37 сақтандыру ұйымында бар. Бұл рынок қатысушыларының саны тұрақталғанын көрсетеді.

 

 

 

11 

 

 

 

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫ: ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

3.1. Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін  дамыту  проблемалары 

 

 

... Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдарының басшыларының және мамандарының мейілінше көпшілігінің не арнайы білімі, не сақтандыру ісі саласында жеткілікті тәжірибесі және білімі болмай отыр. Бұл сақтандыру ұйымдары менеджерлерінің дұрыс тарифтік және инвестициялық саясат белгілеуіне, оңтайландырылған сақтандыру портфелін және тағы сол сияқтыларды қалыптастыруда көрініс беріп, нәтижесінде сақтандыру ұйымының тұрақтылығына, олар көрсеткен қызметтің саны мен сапасына теріс ңсер етіп     отыр.

      Сақтандыру индустриясы кадрларының басым бөлігінің кәсіби дайындығының болмау проблемалары негізінен республикада сақтандыру саласы бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және білім беру орталықтарының болмауына байланысты. Бүгінгі күні сақтандыру мәселелерін зерттеу заң және экономикалық жоғарғы оқу орындарындағы жекелеген пәндермен (сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп, сақтандыру құқығы және басқалар) шектеліп       отыp.

      Сақтандыру ұйымдары мамандарының қайта даярлау және кәсіби деңгейін көтеру жөніндегі біртұтас бағдарламаның болмауы осы мәселелердіәр сақтандыру ұйымының жеке өз аясында шешуге мәжбүр етіп отыр, бұл ірі материалдық және өзге де шығындармен байланысты. Сондықтан өз қызметкерлерін шетелде оқытуды немесе осы мақсат үшін шетелдік мамандарды таратуды тек ірі сақтандыру ұйымдары ғана ұйымдастыра      алады.

      Сақтандыру саласындағы кадрларды кәсіби даярлауға қатысты осы және басқа проблемаларды шешу мақсатында мынадай негізгі міндеттерді шешу қажет: ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 1.                 Нормативтік-құқықтық база

 

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

 

2) 18 желтоқсан 2000 ж. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы № 126-II (16 мамыр 2003 жылдың №416-II өзгертулері және толықтырулармен)

 

3) Қазақстан Республикасы қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, 2005 жылғы 1 қарашадағы қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы №31 баспасөз-релизі 4) ...