Реферат: Қазақстан қорықтары және қызыл кітап


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

Жоспар

 

 

Кіріспе. - 3 -

1 Қазақстан қорықтары және қызыл кітап. - 5 -

2 Ақсу – Жабағылы  қорығы. - 6 -

Қорытынды.. - 10 -

Пайдаланған әдебиеттер. - 12 -

 

 

1 Қазақстан қорықтары және қызыл кітап 

 

 

 

... Қазақстан  мен Орта Азияның  басқа  республикаларында                 қорықтар 1926 жылдан,  Оңтүстік  Қазақстандағы  Батыс  Тянь-Шань  табиғатының  үлгісі  ( эталоны )  ретінде  бұл  өңірде  бірінші  болып                  Ақсу – Жабағалы қорығы  ұйымдастырылған  жылдан  ашыла бастады.  Екінші  болып, Қостанай  облысының  тың  бидайықты  далаларын,  ең   шеткі  оңтүстіктегі  қарағай  ормандарын  және  жануарлар  дүниесіне                 өте  бай  далалық  аймаққа  тән  бірнеше  көлдерді  қорғауға  алған  Наурызым  қорығы  ( 1930  жылы  құрылған )  ашылды.  Одан  әрі                 солтүстік  Тянь- Шань,  оның  әр түрлі белдеуімен  қоса, табиғатының  эталондық   учаскелерімен  таныстыру  мақсатымен   Іле   алатауы жотасының  орталық бөлігінде  орналасқан. Алматы қорығы                      құрылды  ( 1931 жылы ).  Төртінші  қорық – Көкшетау  облысының    далалары,  гранитті  тас  сілемдерінде  өсетін  қарағайлы – қайыңды     ормандарымен  айдын  көлдерін  ( Бурабай,  Шортанды,  Шабақты ) қорғауға  арналған  « Бурабай »  қорығы.  Бұл  қорық  бар-жоғы  15 жыл жұмыс істеп, 1951 жылы таратылды.

 

Бесінші  Барсакелмес  қорығы,  1939  жылдан  Арал  теңізіндегі                осы  аттас аралда жұмыс істейді. Алтыншы қорық , Қорғалжын қорығы                    1958  жылы  құрылды,  негізінен  Орталық  Қазақстандағы ( Ақмола             облысы )  Теңгіз  және  Қорғалжын   көлдерінің  су айдынын  және                 оларға жақын жатқан тың даланың аздаған учаскелерін алып жатыр.

 

Бұл жерлер су құстарының,  соның  ішінде Азияның ең  терістігіне  қоқиқаздар  тобы (колониясы)  орналасқан  нағыз  қанаттылар базары.

 

Келесі  қорық – Марқакөл, осы  аттас  көл  мен  Оңтүстік                Алтайдың  таулы  тайгасымен  таныстыратын,  20  жылдан  астам                уақыттан  кейін, 1976 жылы ұйымдастырылды, ал  шөлді  өлкедегі                  Үстірт  қорығы 1984 жылы  құрылған, ол  үстірттің  батыс тік                жарларының  ең биігінде орналасқан.  Батыс  Алтай  тайгасының  қол тимеген  учаскелерін қорғау үшін  осы  аттас қорық  1992 жылы  ұйымдастырылды.  Тентек  өзенінің  12,5 мың  га  атырауы  қорғауға   алынып, соңғы  есеппен Алакөл қорығы 1998 құрылды.

 

Өкінішке  орай, айтылған  қорықтардың  көпшілігі  орман –                      аңшылық  және  аңшылық-қорық  деп  аталатын  шаруашылықтар болып бірнеше рет қайта құрылды.  Бұл  кезде олардың  территориялары көп өзгеріске  ұшырап,  тіпті  бір  жерден екінші  жерге  ауыстырылды                         ( мысалы, Алматы  қорығы ).  Тек  Ақсу – Жабағылы  қорығы ғана                                       75 жылдан аса батыс  Тянь – Шань  табиғатының  эталоны  қорғау                 қызметін бұлжытпай орындап келеді.

 

«Табиғат эталоны» термині – жай бейнелі сөз емес.                                                    Ол қорықтар құрудың бастапқы негізгі мақсатын білдіреді.                                                                                          Бұл   барлық   табиғи   комплекстерді   адам    баласының   қызметі араласпаған    күйінде   эталандоқ    учаскелер   экосистемалардың   даму  бағыты  мен   қарқыны  зерттеліп, мал   жайылған   немесе   шөп   шабылған  көршілес  осындай   учаскелерде   болып   жатқан  өзгерістермен  салыстыру

 

–  адам  баласының   шаруашылық  қызметі  өздері  пайдаланатын  табиғат ресурстары мен барлық табиғат комплекстеріне қалай әсер етеді                          екен деген сұраққа жауап  беруге тиіс.  Биологиялық әртүрлілікті  сақтау  міндеті маңызды  болғанымен де, бұл жерде ол комплексті  қорғаудан                     кейін  екінші  орында тұрады.

 

Айтылғандарды мына мысал арқылы түсіндіруге болады:                  Наурызым  қорығы  үшін  өсімдіктер мен жануарлар  дүниесінің жеке топтарының  күрделі  жүйелі  өзара қарым-қатынасымен қоса  барлық         көп  комплексін  сақтау ол  жерде ұялайтын  сирек  кездесетін  түр-бұйра    бір  қазанының  санын көбейткеннен  әлде  қайда  маңызды  болып    табылады. ...

 

 

 

2 Ақсу – Жабағылы  қорығы.

 

      

 

Ақсу -Жабағылы – Орта Азиямен Қазақстандағы ежелгі қорық.           2006 жылы оған 80 жыл толды. Қорық құру мәселесін көтерген белгілі гидробиолог  А. Л. Бродский  болатын, ол  1920  жылы  бірінші  рет Жабағылы  және  Ақсу  өзендерінің  жоғарғы  жағында  болды.  Екі      жылдан  кейін  осы  жерді  Ташкент  университетінің  бір  топ профессорлары – Д. Н. Кашкаров, Е. П. Коровин, М. В. Культиасов,                         М. Г. Попов, Н. А. Димо  зерттеулер  жүргізді.  Олар  жердің  қорық              ретінде  бағалы екендігін  растады. 1925 жылы  мамырда Шымкент жер бөлімі  шешімі  бойынша  жерді  қорыққа  бөлу  басталды,  бір  жылдан  кейін  оның  шекарасын  көрсететін  белгілер  қойылды.  1926  жылы маусымда  Қазақ  Республикасының  Кеңес  халық  комитеті  Ақсу – Жабағылы қорығының құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама № 25 ) қабылдады,  ол  1927  жылы  27 мамырда  Ресей Федерациясының Кеңес халық  комитеті  шешімімен  бекітілді. Сонымен  Ақсу – Жабағылы  өз мерейтойын  үш  жыл  қатарынан  тойлауына  болады.

 

Қорықтың  қалыптасуы  және  бекінуі  Борис  Петрович Тризна (1867-1938 ) жұмыстарына  байланысты,  ол  Ақсу – Жабағылы қалыптасуының  ең  қиын  алғашқы  онжылдығында  басқарды.  Осы                кезде  маңызды  ғылыми зерттеулер  жүргізілді, қызметкерлер  саны мен қорық  территориясы  көлемі  алғашқы  30  мың га  1937  жылы  69 825 гектарға  ұлғайды.  Келесі  50 жыл  аралығында  оның  көлемі  мен шекарасында  шамалы  ғана  өзгерістер  болды. Тек  соңғы  онжылдықта Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  шешіміне  сәйкес  қорыққа Ақсай, Көксай  өзендерінің  жоғарғы  жағын  және  Майдантал  өзені  аңғарының  бір бөлігін  қосты. Қазіргі  кезде  Ақсу – Жабағылы  қорығының  көлемі 128118 га, ол  Қазақстанның  Өзбекстан  мен  Қырғызстан  шекарасы тоғысқан  жерінде  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жамбыл  облыстарында орналасқан.

 

Сонымен  қатар  қорықта екі  палеонтологиялық жер бар, олар Қаратау  тауында  орналасқан. Сол  уақытта  Шымкент  мұражайының директоры  болып  жұмыс  істеген Б. П. Тризнаның  белсенділігінің арқасында  1924 жылы  мамырда  көлемі  126 га  Қарабастау  жері құрылды. Қарабастау  Кеңес  Одағы  бірінші  палеонтологиялық  қорық  болды.           

 

Көлемі  100 га Әулие  жері тек 1973 жылы ғана қорық болып жарияланды. Осы  жерлерде  қорғалатын  юра  дәуірінің  жануарлар  мен  өсімдіктер қалдығы - әлемдік ғылымның бірегей асыл қазынасы.                                                                                                                                           

 

Ақсу – Жабағылының  негізгі  территориясы  Талас  Алатауы  жотасының батыс  бөлігі  мен  теңіз  деңгейінен  1100 – 4200 м  биіктіктегі  Угам жотасының  қиыр  солтүстік – шығыс  тарамын  алып  жатыр. ...

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары « Алматыкітап » 2006, Құрастырушы А.А. Иващенко; ...