ЖОСПАР
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1 Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары.. 3
1.2 Шағын кәсіпорындар қызметінің экономикадағы рөлі 12
1.3 Шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету проблемалары.. 20
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.. 31
2.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың даму тенденциялары 31
2.2 «АЛМАКА» ЖШС қызметінің экономикалық тиімділігін талдау. 39
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.. 50
3.1 Шағын кәсіпорындардың тиімділігін арттырудың шетелдік озық тәжірибелері 50
3.2 Шағын кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары 60
ҚОРЫТЫНДЫ.. 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 74
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.3 Шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету проблемалары
... Шағын кәсіпорындардың дамуына кері әсерін тигізіп отырған басты проблемалардың бірі кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының қажетті деңгейде нәтижелі жұмыс жасай алмауы болып табылады. Шағын кәсіпорындардың қаржылық проблемаларын шешуде қаржы институттарының қызметін жетілдіру маңызды. Бірақ, олардың қызметін жүзеге асыру кезінде де проблемалар кездесіп жатады. Атап айтсақ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының негізгі мақсаты өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану болғанмен, оның тиімділігі көңіл қуантарлық деңгейде емес. Қордың қаражаты шағын кәсіпорындардың қалыптасу үрдісінде оң рөл атқарады, бірақ соңғы қарыз алушы үшін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.
Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңгені құрайды. Берілген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 39%, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге – 29,5%, қызметтер мен көлік саласына - 23% келеді.(56) Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал, қордың негізгі проблемалары – оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімсіздігі.
Шағын кәсіпорындарға қаржылық қолдау көрсететін тағы бір негізгі қаржылық институт микронесиелік және микроқаржылық ұйымдар болып табылады. Ал осы ұйымдардың ортақ проблемалары ретінде осы уақытқа дейін микронесие беру жүйесінің дамуын тежейтін негізгі факторлар микронесие беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуетті инвесторлар үшін микронесиелік ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру мақсатында аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауын айтуға болады. ...
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын кәсіпорындардың тиімділігін арттырудың шетелдік озық тәжірибелері
... Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қолөнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі саласында қолдануға рұқсат етілген. Резерв 1 жыл ішінде түскен пайданың 20 %-ға дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.
Қаржы жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратын несиелер шағын кәсіпорындар үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның кадрлары «Кредитани – тольт фюр Видерауфбау», «Дойче аусглейхс банк» және «Берлинер Индустрибанк» сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиелер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктері негізінде іс жүзінде асырылады. Сонымен қатар, шағын және орта фирмалар федералды және жергілікті үкіметтің кепілдіктерін де пайдалана алады.
Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың аймақтық құрлымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді.
Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдың басында бір жыл ішінде 750 млн. маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырды. Бұл көмектің ұйымдық нысандары әралуан: индустриялды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелерін бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және еңес берушілік инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады. Сонымен жоғарыда аталған шетелдік озық тәжірибелердің ұтымды жақтарын Қазақстан жағдайында пайдалану шағын кәсіпорындардың дамуы мен қызмет тиімділігіне оң ықпал етеді деп есептеуге болады. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
1. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2005жыл, 18-ақпан.
2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2006жыл, 2-наурыз. ...