ЖОСПАР
1 Өркениет және ұлт. Ғасырлар сыры.. 3
1.1 Ұлт болашағы. 3
2 Ұлттық мәдениет. 9
2.1 Ғылыми Зерттеулер және Еңбектер. 12
Қорытынды.. 16
Пайдаланған әдебиет. 17
2 Ұлттық мәдениет
... Біртұтас қазақ әдебиеті бөлшектеніп, ұлттық тұғырынан аймақтық деңгейге аласарып бара жатқаны байқалады. Олардың ішінде қазіргі заманның тірі классиктері – КТК-ларда сан жоқ, кеудесін соққан жеке батырлар. Халық ақындары сарай ақындарына айналды. Кәсіби әдеби сын жоқ, оны керек етер жазушы, ақын, тыңдар құлақ жоқ десе де болады. Ата-бабасын, өзін, өзіндей көретіндерін дәріптейтін, тарихи шындықты бұрмалайтын естеліктер, тарихи эсселер көптеп шығуда. Жер астынан киізге оралып "көмілген" шежірелер, шипа өнері туралы жасанды қолжазбалар көбейді. Эфир, теледидар арқылы секс, зорлық, зомбылық, кісі өлтіру сияқты гуманизмнен ауылы алшақ өнер туындысысымақтары тәуліктеп насихатталады. Республикалық радиода жастарға, жасөспірімдерге, ауыл тұрғындарына арналған хабар редакциялары таратылғаны өкінішті-ақ. Жан-жақтан сұғанақтанып рухани интервенция жасалынып, етектен тартуда. Қазақ тілінде берілетін төл хабарлар азайды.
Бір сөзбен айтсақ, ұлттық мәдениеттің деңгейі төмендеп барады.
Оның себебі де жоқ емес. Біріншіден, жас тәуелсіз мемлекеттің мәдениет дамыту функциясы қалыптаспаған. Мәдениет - кітапхана ісі, мұражай ісі, т.б. салаларға бөлшектеніп кеткен. Екіншіден, қазақ мәдениетінің ұлттық тірегі – орташа тап еді (жұмысшы, колхозшы, зиялы қауым). Олар бұл күні быт-шыт болып шашырады. Жаңа орташа тап қалыптасқан жоқ. Жаңа қазақ болса – дүбәрә. "Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талдаңда" дейтін азын-аулақ қалталылар мәдениеттің қарабайырланған, бимаза, біркүндік туындыларына риза. Мәдени сұранысты зерттеу жолға қойылмаған. Мәдениеттің типтері – кедей мен байлардың, қала мен ауылдың, орталық пен шет аймақтың, көшенің, өндірістің, тобырдың мәдени сұраныстары зерттелмей қалды. Мәдениет тарихын саралайтын зерттеулер жоқтың қасы. Теориялық даярлығы бар кадрларды саусақпен санауға болады.
Абайдан бастап, бір ғасырға жуық қазақ мәдениеті жаңғыру дәуірін бастан кешті. Оған халқымыздың басына түскен отаршылық, геноцид дүмпу берді. Тәуелсіздік - мәдени, рухани мәдениетті жаңа сатыға көтеретін фактор. Ол үшін қазақ мәдениетінің қайраткерлерінің рухани бірлігі керек, мәдени даму жаңа жүйеге салыну керек. Жаңа ХХI ғ. мәдени дамуымыздың негізгі бағыттары анықталуы керек. Әлемдік кеңістікте қазақ мәдениеті өзіндік қолтаңбасы болуын зерделеу міндеті тұр. Алдыңғы буын ағалардың кейінгі буын інілері, балалары туын биік ұстап, мәдениеттің Хан тәңіріне бір сәт шаршамай, шалдықпай, торықпай өрлей беруі - үміт оты! ...
Пайдаланған әдебиет
Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты еңбегі
Х.Маданов « Қазақ мәдениетінің тарихы» Алматы;1998 жылы