ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 3
I – БӨЛІМ. НЕСИЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ. 4
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі. 4
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері. 5
1.3 Несиенің формалары және олардың жіктелуі. 6
II – БӨЛІМ. НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС. 11
2.1 Несиелеуді ұйымдастыру принціптері және несиелеу әдістері. 11
2.2 Несиелеу механизмі және несиелік процесс. 13
2.3 Несиелік тәуекелді басқару. 18
2.4 Қарыз алушының (жеке тұлғаның) несиелік қабілетін бағалау. 19
III – бөлім. Шетел тәжірибесі. 21
3.1 Ипотекалық несиелеудің үлгілері. 21
ҚОРЫТЫНДЫ.. 24
ГЛОССАРИЙ.. 25
ҚОЛАДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
II – БӨЛІМ. НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС.
2.3 Несиелік тәуекелді басқару.
... Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауылшарушылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әртүрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:
- - қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
- - несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
- - маржа деңгейіне;
- - несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
- - банкте бар ресурс көлеміне.
Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісн қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анқтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады. ...
III – бөлім. Шетел тәжірибесі.
3.1 Ипотекалық несиелеудің үлгілері.
... Бірақ та бұл балансталған автономдық үлгінің өзіндік артықшылығы да бар, яғни бұл үлгі өзінің автономдық күшіне байланысты жалпы қаржы-несие нарығының жағдайына тәуелсіз. Балансталған автономды үлгінің іске асырылуы барысында ипотекалық банк үшін қай жерден және қай бағада несиелік ресурс табу сұрағы мазаламайды, банкке тек өзінің көрсететін қызметі үшін ақыл-ойға сыйымды маржаны белгілеуі ғана қажет. Құрылыс қаражаттары салымы бойынша табыс мөлшері және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз мөлшері еркін жағдайда белгіленеді. Банк мақсаты жинақтарға табыс төлемей-ақ сол төленетін табыс мөлшерінде несиенің бағасын қысқарта белгілеуіне болады. Мысалға айталық, жинақтарға төленетін табыс 10%, ал несиеге қойылатын пайыз мөлшері 13% десек, онда банк жинаққа төленетін табысты несие бағасынан шегеру арқылы маржаны 3% деп хабарлауы мүмкін.
Демек, бұл үлгі қарызға алатын ақшалардың нарықтық бағасына да, сол сияқты бұл бағаның жалпы деңгейіне тәуелсіз болып табылады. Балансталған автономдық үлгінің бұл сапасы экономикасы тұрақсыз елдерде ипотекалық несиелеудің дамуы үшін аса маңызды. Бірақ та бұл жерде барлық өзара есеп айырысулар еркін алмастырылатын валютада жүргізілгенді қалайды. Сондай-ақ аталған үлгінің тағы да бір артықшылығы мұнда несие беруші несиенің қайтарылуында ең төменгі тәуекелге барады.
Қазіргі кезде Германияда бұл үлгі іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Мұндща қорлану (құрылыс қаражаттары) механизмінен нақты азаматтарды несиелеу механизміндегі сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға мақсатты қаражат жинақтау және пайдаланумен байланысты болатын азаматтардың инициативасына қаржылық қолдау көрсетуге байланысты мемлекеттік механизмдердегі сәйкестіктерді ескеретін, барлық елді қамтыған «құрылыс жинақтарының жүйесі» құрылған.
Тұрғын үй алғысы келген азамат, тұрғын үйді сатып алатын уақыттан бұрын, яғни 2-10 жыл бұрынырақ арнайы қаржы-несие жүйесімен өзара қатынасқа түседі. Өзінің мүмкіндігіне қарай арнайы банктерге немесе жинақ кассаларына (Bausparkasse, Schwabisch Hall құрылымдарына кіретін) болашақта сатып алатын үйдің 45% жинақтайды. Содан кейін барып, ол мемлекеттік дотация алуға (үйдің құнының 10% шамасында) және қалған төлейтін бөлігінің шамасында банктен жеңілдікпен 10-15 жылға несие алуға құқылы болып табылады.
Герменияның құрылыс қаражаттары жүйесінің ең басты бір артықшылығы – оның шегінде пайдаланылатын мқсатты құрылыс қаражаттарына, берілетін несиеге байланысты есептелетін пайыз мөлшері автономдық болғандықтан да, нсие-қаржы нарығының жалпы жағдайына тәуелсіз болып табылады. Бұл жүйені пайдаланатын банктер мақсатты салымдар бойынша нарықтан төменгі жағдайда, пайыз төлеумен қатар, нарықтан төменгі жағдайда несиелер беру мүмкіндігі бар.
Герменияда құрылыс жинақ жүйесіне мемлекет тарапынан қолдау бар. Мемлекет меншікті капиталдың жинақталуына тұрғын үй құрылысына сыйақылар беру немесе салықтық жеңілдіктер жасау арқылы ынталандырып отырады. Салым иесінің ынталандыру түрін таңдау құқы бар. Егер ол сыйақы (субсидия) жолын таңдаса, онда оның жинағы 300 неміс маркасына (жалғыз бастылар үшін) немесе 1600 маркаға (отбасылар үшін) жеткенде мемлекеттен 10% көлемінде қосымша сыйақы алынады. ...
ҚОЛАДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. М.С.Саниев «Ақша, несие, банктер». Алматы 2001
2. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер». Алматы 2005
3. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие». Алматы 2004
4. С.Б.Мақыш «Коммерциялық банктер операциялары». Алматы 2004 ...