Доклад/Баяндама: Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
4

... Өз  өнеркәсібінің  көтеріліп  жатқанына  қарамастан  Қазақстан  темір,  хром,  марганец  рудаларын  үлкен  көлемде  сыртқа,  нң  алдымен  Рессей  зауыттарына  жөнелтуді  жалғастыруда.  Республиканың  елеулі  резервтерінің  бірі  болат  бұйымдар  шығаруды,  соның  ішінде  мырышпен  қапталған  болат  шығаруды  кеңейту  болып  табылады.   Жалпы  метеллургияның  дамуы  және  арнаулы  қорытпалар,  жоғары  сапалы  болат  пен  олардан  жасалған  бұйымдар  шығару  республикаға  13-14 млрд. АҚШ долларынан  астам  табыс  әкеле  алады.

 

Әлем  деңгейінде  215-ке  жуық  мемлекет  бар екенін  ескерсек,  оның  алдаңғы  шептегі  елеуінің  санына  қосылу  біздер  үшін  бұл  асқақ  арман.  Оған  жету  шебер  басқару  жүйесін, терең  білімді,  жоғары  біліктілікті,  жан-жақты  дайындықты,  қажымас  еңбекті, үлкен  ізденістерді  талап  етеді.  Алдағы  елдер  біздер  қатарына  қосылсын  деп  күтіп  тұрмайды.  Сондықтан  ад  біздер  осы  арманға  даму  қарқынын  жеделдетіп,  уақыт  ұтқанда  ғана  жетеміз.

 

1999-2004  Қазақстанның  ішкі  ұлттық  өнімі 60%  жуық  өсті.  өсу  қарқыны  жағынан  біздер  ТМД  елдерінің  алдына  шықтық,  ал  Шығыс  Еуропа  елдерімен  бір  деңгейдеміз.  Шама  бойынша  енді  2-3  жыл  ішінде  ұлттық  ішкі  өнім  2  есеге  көбейеді,  қуаты  жағынан  1 Қазақстан  2 Қазақстан  болады  деген  сөз.  Бір  кездері  күрделі  экономикалық  реформалар  жүргізген  Оңтүстік  Шығыс  Азия  елдеріне  олардың  ішкі жалпы  өнімінің  2  есе  өсуі  үшін  орта  есеппен  12-13  жыл  керек  болған,  біз  осындай  нәтижеге  8-9 жыл  ішінде  қол  жеткіземіз  деген  үміттеміз.  Яғни  алған  қарқын  жақсы,  осының  арқасында  алға  кеткен  елдермен  ара  қашықтықты  азайтамыз  деген  жоьаның  негізі  бар.  Бұл  қарқын  қолданып  отырған  саясаттың  дұрыстығын  растайды.  Сонымен  қатар  осындай  дамуға  бізге  Алла  сыйлаған  жер  байлығының  да  көмегі  молынан  тиіп  отырғанын  мойындауымыз  керек. 

 

Адам  басына  шаққанда  ІЖӨ  бізде  2004  жылы  2700  долларға  жетті,  яғни  6  жыл  ішінде  4  есеге  жуық  өсті.  2005  жылы  осы  көрсеткіш  3207  доллар  ал  2007  жылы  3800  доллар  болады  деп  жобаланып  отыр.  Осы  маңызды  көрсеткіш  бойынша  біз  Түркияның,  көптеген  Азия  елдерін,  Ресейден  басқа  барлық  ТМД  елдерін  басып  оздық,  Шығыс  Еуропа  елдеріне  біршама  жақындадық.

 

Дегенмен,  жоғарыда  аталған  ұлттық  байлықтың  адам  басына  шаққан  мөлшері  жөнінен  біз  көптеген  дамыған  елдерден  әлі  тым  қашықтамыз.  Мысалы,  осы  мөлшер  әлем  елдері  алдында  келе  жатқан  Сингапурда    30 мың  доллар  шамасында  болса   алдыңғы  қатарлы  50  елдің  қатарына  қосылуға  жақын  Венгрияда  14  мың  доллардан  артық.  Яғни  біздің  адам  басына  табысымыз  осы  елдерден  5-10  есе  төмен,  еңбек  өнімділігі  де  осыған  сәйкес  төмен.  Батыс  елдерінің  ауылында  бір жұмыскердің  істейтін  жұмысын  біздің  5  адамымыз  істейді,  олардың  бір  сиырдан  сауатын  сүтін  біздің  3  сиырымыз  әрең  береді,  1  га-дан  алынатын  астықтары  бізден  3-4  есе  артық.  Қазақстан  өндірісіндегі  еңбек  өнімділігі  де  осы  көрсеткіштерден аса  алшақ  кетпейді.

 

Дамудың  негізі- қазіргі  шығарылып  жатқан  өнімдерді  һәм  пайдаланып  отырған   табиғи  байлықты  өңдеуді  неғұрлым  тереңдету,  осы  арқылы  шикізат  емес,  терең  өңделген  бұйымдар жасап,  әлемдік  сауда  кеңістігіне  шығу.  Тек  2  жылдың  ішінде  банк  жүйесіне  6  млрд.  доллар  көлемінде  шетелдік  қаржы  келді. ...