Жоспар
Кіріспе. 2
І тарау. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.. 4
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы.. 4
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі 6
1.3. Жібек жолы бойындағы керуен жолдары.. 9
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары.. 15
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар. 29
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған Түркістан алқабы 29
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы мен Оғыз және және Қыпшақ қалалары 37
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары.. 44
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар 47
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары.. 47
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы.................. 52
Қорытынды.. 62
Әдебиеттер тізімі 65
І тарау. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары
... Өлікті жерлеу рәсімі ІХ ғасырдың екінші жартысы мен Х ғасырда өзгереді. Ол мұсылманға тән сипатта және белгілі бір қағидаларға сәйкес жүргізілді: өлік жерден қазылған шұңқырларға, шикі кірпіштен қаланған сағаналарға қойылды. Өлік басын солтүстік-батысқа беріп, бетін оңтүстікке бұрып жатты. Қабірлерде құрал саймандар жоқ. Ең ертеректегі мұсылман мазарларының кешендері Отырар алқабынан табылды, олар ІХ-Х ғасырларға жатады. Соның бірі – Х ғасырлық ескі Боран қаласындағы мазарлар кешені.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы зираттар кешендерінде зәулім де сәулетті мазарлар құрылысы бой көтерді. Мұсылман мазарларының ертеректегі бір тобы ескі Боран қаласы жұртынан аршылды.
Тараздың шығыс бетіндегі 18 шақырым жерде Головочевка селосы маңында екі мазар – мавзолей сақталған. Солардың бірі – Бабаджи-хатун-ою-өрнекті қасбеті жоқ және Х ғасырға жататын мавзолей. Екіншісі Айша-бибі мазары. Оның әсемдік бедерлері мен геометриялық ою-өрнектерге толы жапқан жұқа кірпіштерді пайдалана отырып, сыртқы тегіс бетіне бай әшекейлер салынған батыс беттегі қабырғасы ғана сақталған. Бұл мавзолей ХІ-ХІІІ ғасырларға жатады.
Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлытам мазары – ХІІ ғасырлық мавзолей. Оның күйдіріліп, оймышталған сары саз тақталармен безендірілген биік қасбеті бар, ХІ-ХІІ ғасырларда салынған.
Жылтыр сыр жалатылған, ою тәрізді арап әріптерімен әшекейленген ыдыстардың көпшілігі қыштан жасалған. Мұндай жазулардың бір бөлігі жазу деуден гөрі әшекейге көп келеді, оқылмайды, дегенмен бірқатарында әр алуан діни мазмұнды оң тілектестіктер мен өсиет сөздер жазылған.
Сәндік үлгілердің таратушысына айналған мыстан, қоладан жасалған металл бұйымдарға да әлгіндей тілектестік және діни мазмұнды сөздер жазылып, әшекейленген.
Осы бір дүниежүзілік өркениеттің айшықты да айрықша куәсі - «Жібек жолы» проблемаларына қысқаша шолуды тұйықтай келсем, ұлан – ғайыр қазақ даласы сахараларын, биік таулар мен етектегі құнарлы алқаптарды кәсіп етіп, Европадан Азияға дейін және оған керісінше бағытта созылып жатқан сауда жолдарына сипаттама бере отырып, сондай-ақ сол жолдармен ағылған сан-алуан таңсық тауарлар, ежелгі өнер мен дін жолдары туралы әңгімелей келіп, орта ғасырлық тарих пен рухани өмірдің аса күрделі болғанын атап айтпасақа болмайды. Шығыс пен Батыс, Азия мен Европа тоғысқан Қазақстан қалаларында бір-біріне мүлде ұқсамайтын мәдениеттердің өзара кірігіп, бір-бірін байыта түсулеріне аса қолайлы жағдай, ахуал туды. Өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай жарқыраған таңғаларлық мәдениет жасай алады. ...
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған Түркістан алқабы
... Сол сияқты, Сури туралы да Хафиз Таныш шығармаларынан белгілі. Ол Абдолла хан әскерлері «Түркістанның қарамағындағы жер-Суриға келіп лагерь болып орналасты», - деп мәлімдейді.
Сури Түркістанның шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан және ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Материалдарын берген Сортөбе атты бұзылған ескі қаламен тепе-теңдестіріледі.
Жазбаша деректер Хғ. авторы Аль-Макдиси Испиджат аймағындағы қалалардың тізіміне кіргізген алқаптың тағы бір қаласы – Шагильджаны атайды. Зерттеушілердің пікірі бойынша Шагильджан Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жердегі өзіне аттас селоның шетінде жатқан Шаға атты бұзылған ескі қалаға сәйкес келеді.
Мұнда бір-біріне жақын жерде біздің дәуірдің бірінші ғасырларындағы қоныстардан бастап, ҮІ-ХҮІІІғғ. қаласына дейінгі қалалық өмірдің біртіндеп дамуын беретін Шаға І, Шаға ІІ және Шаға ІІІ деген үш төбе жатыр. Қаланың қалыптасуының басы ҮІ-ҮІІІ ғасырларға жатады. Осы кезеңге науыстармен жерленген зираттар да жатады. ҮІ-ҮІІІ ғасырларға материалдарын берген олардың біразы, оның ішінде тиындар да қазылып алынған.
Түркістан алқабының қалалары мен қоныстары туралы бұл қысқаша баяндаманың өзінен де, оның Ұлы ЖІбек Жолы бойындағы зор мәдени және экономикалық орталық болғаны айқын. ...
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар
3.2 Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
... Көне қаланың жобасындағы түрі екі қабатты, жақтарымен жердің бөлімдеріне бет қойған тік бұрыш төбе. Төбенің түп кенересінің өлшемдері 140х140м., биіктігі 4-5м. Солтүстік-батыс бұрышында ішкі қамал орналасқан. Оның орнындағы төбенің биіктігі 10м., өлшемдері 30х30м. Шахристан барлық жағынан бұрыштары мен периметрі бойында мұнаралардан қалған төбешіктері бар шөккен дуалмен қоршалған. Ішкі қамалмен ұласып жатқан ең биік қабырғасы солтүстік жақта-8м. Шахристан территориясына кіретін жерлері екеу, орнында шығыс пен батыс жақтарында байқалады. Кіретін жерлері екі жағынан мұнаралармен мықталған. Қала қақпалары тұрған жақтарына екі алаң жанасқан – шығыс жағында, өлшемдері 70х70м. Және батыс жағында, өлшемдері 100х100м. Бұл рабад қалдықтары. Алаңдарынан территориясында ойдым жерлердің ізі байқалады – хауздардың қалдықтары.
Қаладан шығыстау жерде бөлек-бөлек төбешік болып қалған құрылыс іздері байқалады. Бұл қаланың ауыл шаруашылық аймағына кіретін жеке қоныс қалдықтары. Үлкен масштабты кварталдың аэрофотосуреттерінің мәнін ашып талдау бізге орталық қаусырықтардың айналасынан олардан 1,5-2км. Қашықтықтағы территорияны қоршап тұрған ұзын қабырғаның қалдықтарын табуға мүмкіндік береді.
Ішкі қамалда жасалған қазбалардың нәтижесінде жобасында тікбұрыш және шаршы болып келген бөлмелер тобы ашылды. Едендеріндегі жер-ошақтар мен олардың жанындағы тас төселген орындар тазартылды. Бөлмелердің бірінде күлгін қырдан жасалған өлшемдері 2,5х3,7 м. кішкене алаң болған. Оның жанында жерге қазып орнатылған биіктігі 1м., тұлғасының диаметрі 70см., хум табылған. Бұл құрылыс шарап жасайтын жердің қалдықтары болып шықты.
Ішкі қамалдың жоғарғы құрылыс қабаты Х-ХІІ ғасырлармен даталанған. Шахристанда жасалған қазбалар ошақтары мен тандырлары бар бірнеше үй-жай қора-қопсы құрылыстарды ашқан. Олар ҮІІІ-ІХ ғасырлармен даталанады. ...
Әдебиеттер тізімі
1. Зуев Ю.А. Китайские сведения о Суябе /Известия АН Каз.ССР.Серия истории, археологии и этнографии. Вып.3,1960г. С.87-89
2. Лубо - Лесниченко Е.И. Великий Шелковый путь 372-373
3. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. Соч. Т.П.4.2М 1963г. С.31
4. Байпақов К.М. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың орта ғасырдағы қалалық мәдениеті.-Алматы:1986,9-92б. ...