Реферат: Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі әр түрлі жастағы адамдарға білім беру мен тәрбие мәселелері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика, Философия
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
28

                                       ЖОСПАР

 

 1. КІРІСПЕ

2.  НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2.1. Ыбырай Алтынсарин және дәуір.----------------------------- 4 - 6

 

2.2. Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы -- 7 -10

 

2.3. Ы. Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы-------11 - 15

 

2.4. Ы. Алтынсарин мұраларына көбірек көңіл бөлінсе... ---16 -17

 3. ҚОРЫТЫНДЫ

 4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

2.     Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  педагогикасының негізін  қалаушы.

 

 

... Бұл  әңгіме  отырықшы  тұрмыстың  артықшылығын  айта  келіп,  байларға  жалданбай – ақ  өз  бетімен  еңбек  ету  арқылы  да  дәулетті  тұрмыс  құруға  болатынын  дәлелдейді.  Екіншіден,  отырықшы  халықтың  ынтымағы  да,  бірлігі  де,  шаруашылық  экономикасы  да  күшьті  болатынын  суреттейді.  Үшіншіден,  мәдениет  пен  ғылым  тек  отырықшы  халықта  блатынын  айтады.  Төртіншіден,  оңай  олжа  табу  үшін  барымтамен  күн  көрудің  баянсыз  болатынын  дәләлдеп,  балаларды  одан  жирендіреді.  Ыбырай  шығармаларының  тілге  жнңіл,  жүрекке  жылы  тиетінін,  оқушының  санасын  оятып,  сүйсіндіре  түсетін  құнды  жақтары  осысында.  Балалардың  түсінігіне  жеңіл  тиетін  ерекшелегі  де  осы  тұрғыдын  баяндалады.

 

     Сондай – ақ  жазушының  баларды  әдеп  пен әділеттіліке,  қанағатшылдық пен  жомарттыққа,  сақилық  пен  тазалыққа,  ізеттілік  пен  бауырмалдыққа  шақыратын  әңгімелеріде  бір  төбе.  Бұлардың  ішінде  жан – жануар  тіршілігінен  алып  жазылғандары  да  аз  емес.  Мысалы,  «Түлкі  мен  қарға»,  «Сауысқан  мен  қарға»,  «Қарға  мен құрт» және т.б. Алайда,  оның  балалар  табиғатына  жақын,  қазақ  өмірінен  алып  жазған  шығармаларының  өзі  аса  елеулі.  Осы  орайда  қара  сөзбен  келсе  де  айтыс  өнерін  еске  түсіретін  «Жан – жануарладың  дауласқаны»,  «Байұлы»,  «Жәнібек  батыр»  тәрәзді  топтамалары  тапқырлық,  шешендікке  баулуды  мақсат  етеді.  Ыбырай  өз  әңгімелерін  де  шешендік,  нақыл,  аталы  сөздерді  жиі  қолданып  отырады.  Айталық,  ол  «Әке  мен  бала»  әңгімесінде  ақыл – насихатқа  толы: «Аз  жұмысты  қиынсынсаң,  көп  жұмысқа  тап  боларсың.  Азға  қанағат  ете  білмесең,  көптен  құр  қаларсың»  жолдарды  ұсынса,  «Қыпшақ  Сейіткұлда»: «Сейітқұл  жұрт  ағасы  болды,  енді  сол  жұртының  адал  бейнет,  табан ет,  маңдай  термен  тапқан  дәулетін   аңдыған  жаудан,  ұрыдан,  даладағы  бөріден сақтаудың  қамын  ойлап,  уайымға  қалды», - деп шешендік  үлгіде  сөйлейді.

 

      Сонымен  Ыбырай  Алтынсарин өзінің  қара  сөздерінде  тәрбиелік мәнді,  қысқа  сюжетті,  шағын  әңгімелердің  алғаш  негізін  салды.

 

      Демек,  осы  тұрғыдан  қарасақ  Ыбырай  ақын,  тұңғыш  педагог,  ұстаз  ғалым.  Оның  мұрасы  тарихқа  да  әдебиетке  де  тән,  ұстаздық  тәрбиелік  ой – пікірлері  қазақтың  таусылмас  қазынасы. ...

 

 

 

3.      Ыбырай  мұраларына  көбірек  көңіл  бөлінсе...

 

 

      Ұлы  қайраткерлері  халық  өмірінің  елеулі  бет  бұрысында  тарих  сахынасында  шығады.  Шоқан,  Ыбырай,  Абайды  туғызған  дәуір  де  сондай  бір  тарихи  кезең  еді,   яғни  олар  өмір  сүрген  20  ғасырдың  екінші  жартысы  қазақ  халқының  Ресейге  қосылу  процесінің  толықтай  аяқталып,  оның  Ресей  арқылы  баяу  да  болса  капиталистік  дамудың  жолына  түсе  бастаған  шағы  еді.  Ұлы  орыс  халқының  прогрестік  мәдениетінен   сусындаған  осы  үш  адам  өз  халқының  болашағы  үшін  елден  ерекше  орасан  зор  қызмет  етті.  Олар  қалдырған  асыл  қазыналар  халық  қажетіне  кеңінен  пайдаланып  отырғаны  мәлім.  Алайда  олардың  өшпес  те  ескермес  еңбектерін  жан – жақты  бағалап,  зерттеп  болдық  десек,  бұл  ұшқарырақ  айтылған  пікір  болар  еді.  Заман  өткен  сайын,  ғылым  өскен  сайын  ұлы  ағартушылармен  байланысты  жан – жақты  деректер  табылып,  олардың  еңбектері  жаңа  бір  қырынан  таныла  берері  хақ.  Осы  тұрғыда  бізге  Абайтану  ғылымы  бүгіндері  қандай  етек  алып  дамып  отырса,  Шоқантану,  Ыбырайтану  да  сондай  дәрежеге  көтерілуі  керек  сияқты  болып  көрінеді.

 

      Ыбырай  Алтынсарин  өз  халқына,  оның  жас  буынын  оқу - өнерге,  еңбекке  баулуда,  олардың  бойындағы  асыл  қасиеттерін  жетілдіріп,  ұнамсыз  жақтарын  жирендіруде  қаншама  еңбек  етті  десеңші?!  Ұлы  ағартушының  бар  саналы  өмірі  осыған арналды  деуге  болады.  Ол  қазақ  балалары  үшін  мектеп  ашсын  не  оқу  құрал  жазсын,  орыс  классиктерін  аударсын  не  өзі  өлең  шығарсын,  мейлі,  бәрі  бір  мақсатқа - өз халқын  ағарту  ісіне  арнады.   Алайда  Ыбырайдың  баарлық  мұралары  әлі  жиналаып  біткен  жоқ  және,  өкінішке  орай,  бұл  саладағы  жұмыс  белгілі  бір  жоспар  бойынша  жүргізілмей  отыр.  Ыбырай  мұрасын  жинап,   зерттеумен  айналасып  жүрген  жекелеген  тарихшы,  әдебиетші,  тілші,  педегог  ғалаымдар  бола  тұрса  да  олардың  басын  қосып,  бір  бағытқа  нұсқаушы  ғылыми  орталық  жоқ  деуге  болады.  Содан  болу  керек,  Ыбырайдың  бірнеше  жыл  еңбектеніп,  бітірген  «Қырғыз  хрестоматиясының»  2 – кітабының  қолжазбасы  әлі  күнге  дейін  табылмай  отыр. ...

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

1. «Ыбырай  Алтынсарин»  (семеннарий).  Әсет  Ламашев.  Алматы:  «Ана  тілі»,  1991ж

2. «Ыбырай  Алтынсарин  және  оның  достары  мен  ізбасарлары». (Тарихи  очерктер).  Әсет  Ламашев.  Алматы:  «Қазақстан»,  1998 ...