Жоспар
КIРIСПЕ. 3
І-ТАРАУ. АҚШАНЫҢ МӘНI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ.. 5
1.1 Ақшаның шығу тегi 5
1.2. Ақшаның эканомикалық мәнi мен ақша қызметтерi. 8
1.3 Ақша айналысының сипаттамасы. 18
ІІ-ТАРАУ. АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСI 22
2.1 Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы: 22
2.2 Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен түрлерi 31
ҚОРЫТЫНДЫ.. 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 36
І-ТАРАУ. АҚШАНЫҢ МӘНI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ
1.3 Ақша айналысының сипаттамасы.
... Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма – қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.
Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi. Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр. АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.
Сонымен, бүкiл ақша айналысы : қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалар болып бөлiнедi. Сондай-ақ: ...
ІІ-ТАРАУ. АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСI
2.1 Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы
... Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:
Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. / А + АР
Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
Тб.с. – тауар бағасының сомасы;
Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Тс – қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтерi;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа саны.
Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi болып табылады.
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн, өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады. Ақша екi түрлi формада болады: қолма – қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi. Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста. Банктiк айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.
Ақша массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.
Бiздiң республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретiн болсақ, онда ол төмендегiдей:
М0 – айналыстағы қолма – қол ақшалар;
М1 - өзiне – М0 –дi қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есепт айырысу немесе басқа депозиттiк шоттардағы қаражаттардың қалдықтары, каптал салымдарын қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы , чектiк және аккредитивтiк шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейiнгi салымдары кiредi;
М2 - өзiне М1 –дi қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзiмдi салымдарын қамтиды;
М3 – М2-ге мемлекеттiк займ облигацияларын қосу. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г. ...