Доклад/Баяндама: Баяндама/ Доклад: Ел экономикасындағы инвестициялық саясаттың ықпалы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
6

Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!

 

... «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасында: «Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға  шығуы үшін  бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту бізге қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға және отадық инвесторларды қалыптастыруға  тиіспіз». [8]   Демек, шетел инвесторларының капиталын пайдалануда біз тек ресурстарды немесе өзге де игерілмеген  сала тетіктерін пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар өндіріс көлемдерін өсіру, шығындарды азайту, өнім сапасын арттыру, жаңа негіздегі  технологияларды меңгеру, жұмыссыздықты жою сияқты мәселелерді толық қамтуымыз абзал тірлік.

 

2000 жылдан бері шетел инвесторлары капитал көздері ретінде өздерінің салымдық жобаларын енгізе отырып, бой көтере алмаған Қазақстандық аймақтардың көп салаларын қамтып, кейінгі кезекте қорытынды жұмыстар жасауға мүмкіндік берді. Ал, 2001 жылғы статистикалық мәліметтерге орай Қазақстанда негізгі капиталға инвестиция қосымша бағалануды есепке алғанда 775.7 миллиард теңге болса, бұл көрсеткіш 2000 жылға қарағанда 21 пайызға артқан.[9]

 

2001, 2002, 2003 жылдардағы инвестициялық тартылымдар құрылыс кешеніне жаппай бағытталды. Бір ғана Астана құрылысына 2001 жылы 792 миллион долларды, ал мұндаға дейін қала экономикасына құйылған инвестиция көлемі 2.5 миллиард АҚШ долларын құраған.[10]

 

2004 жылдың өзінде Қазақстан экономикасына 8.4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар алынған. Осы тұрғыда ел Президенті инвестициялық ахуалымызды және оның ел игілігіне, әлеуметтік мүддесіне жұмисалуы жөнінде: «Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі мемлекеттің және сіздер мен біздің күш салуымыздың нәтижесінде Қазақстанға тартылып отырған шетелдік инвестицияның көлемі өтпелі экономикадағы бірі болып отыр. 1993 жылдан бастап ел экономикасында 25.8 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды»- делінген болатын.[11]

 

Қазақстанда инвестиция тарту ісі жылдан-жылға көбейіп келеді. Соның ішінде ауыл шаруашылығына қатысты 14 келісім-шарт жасалып, 27 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы игеріліп, 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. Сондай-ақ Қазақстан өзінің белсенді инвестициялық саясатының арқасында әлемдік интеграцияда жыл өткен сайын беделі артып келеді. Мысалы, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім-шарт жасасып, 817 миллион АҚШ доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына тартылған. Ал, 1997-2001 жылдар аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім-шарт бойынша 40 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Мұның өзі жұмыссыздықтың тежелуіне және Қазақстандықтардың материалдық әл-ауқатының артуына қосылған елеулі үлес болды деуге негіз бар. 1168.5 мың АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 миллион долларының өнімі экспортталды.[12]

 

Соңғы мәліметтер бойынша 1993 жылдан қазіргі күнге дейін елімізге тікелей инвестициялар көлемі шамамен  40 миллиард долларды құрады. Инвестициялық саясат тек қана мұнай-газ кешенін дамытып қана қойған жоқ. Ол экономикасы толыққанды модернизациялану жолына түсті. Соның арқасында Қазақстанның соңғы бес жылдағы жиынтығы ішкі жалпы өнімнің өсуі 50 пайыздан асып түсті. 2004 жылдың қорытындылары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10 миллиардтан асып, 1 триллион 530 миллиард теңгені құрады. Шетелдік инвестициялар көлемі 1998 жылғыдан 6 есе дерлік, ал 1993 жылғы көрсеткіштен 200 есе көп дәрежеде өсті.[13] 

 

Жоғарыда айтылған ойлармен деректерді қорытындылап сараптасақ, инвестиция саясаты өз нәтижесін 1993 жылдан бастағанын  көреміз.  ТМД-ның басқа мемлекеттерінен  өзгешелігі ел экономикасына инвестицияның аса мол көлемде  салынуы. Кейінгі жылдары  Қазақстан инвестициялық саясаттың қыр-сырын меңгере бастауға  қол жеткізе білді. Шетел инвестицияларын тартуда  1995 жылғы бірқатар нормативті актілері бар екі жақты заң жобаларын енгізу Қазақстанға инвесторлардың белсенді келуін қамтамасыз етті. Инвестициялық жобаларды ұсына отырып, Қазақстан үкіметі шетел инвестициясының технологиясын меңгерді. Бұл әрекеттер отандық инвесторлардың және ұлттық компаниялардың қалыптасуына, дамуына жол ашты. Қазақстанның әрбір облыс орталықтарында құрылыс инвестициясы жанданып, инфрақұрылымдық үлкен өзгерістер жасалды. Тау-кен өндірісін игеретін кәсіпорындар ашылып, іске қосылды. Мұнай және газ салаларының дамуы елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейітті. Табиғи ресурстарды игерудің өзге де салалары жанданды. Дамыған елдермен бірігіп экономикалық жаңа жоба үлгілерін жүзеге асыру жұмыстары  жолға қойылды. Жұмыссыздықты жоюға үлкен қадамдар жасалды. Жалпы ішкі өнім жыл санап өсті. Ұлттық қорымыз ұлғайды. Ұлттық валюта дүние жүзілік қаржы рыногында нақты ойыншыға айналды. Қазақстанның алтын қоры өсті. Халықтың тұрмыс деңгейі мен күн көрісі  жоғарылады. ...