МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
І-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ САЛАСЫН РЕТТЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ. 6
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.. 6
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары. 12
1.2.1. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері 12
1.2.2. Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары 21
1.2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар. 28
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары.. 38
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ. 49
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері 49
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі 60
2.2.1. Өндірістік қатынастар мен шаруашылық санаттарындағы өзгерістер. 72
2.2.2 Саланың реформадан кейінгі материалдық базасының жағдайы.. 77
2.2.3. Негізгі өндіргіш күштің жағдайы.. 79
2.2.4. Жер шаруашылығының жағдайы.. 81
2.2.5. Мал шаруашылығындағы жағдай. 85
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру. 86
ІІІ-БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ. 90
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту. 90
3.2 Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары 93
3.3 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.. 99
ҚОРЫТЫНДЫ.. 105
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 110
І-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ САЛАСЫН РЕТТЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ.
1.2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар
... Еуропалық қауымдастықтың бірқатар елдерінде (АҚШ, Англия, Германия, Белгия) ауыл шаруашылығы өндірушілері қосымша құн салығы бойынша декларация берудің жалпыға бірдей жүйесімен қатар «қондарылған үстеме» жүйесін де пайдалана алады. Мұндай жүйенің мақсаты фермер өндіретін тауарларды сатып алу мен қызмет түрлеріне қосымша құн салығына өтемақы төлеу болып табылады.Фермер қондырылған үстеме бойынша жұмыс істегісі келетінін арнаулы өтінішпен салық ұйымдарына хабарлауы тиіс. Қондырылған үстеме тарифі Еуропа қауымдастығына мүше елдермен жеке тұрғыда және соңғы үш жыл ішінде қондырылған үстемені пайдаланушы фермерлер бойынша макроэкономикалық жағдайдың негізінде белгіленеді. Бұл жағдайда қондырылған үстеме қайтып алынатын төлем шығынға қосымша құн салығы сомасынан артық болуды білдірмейді.
Фермер тұрақты үстемеде басқа салық төлеушілерге сататын өнімге салықты шығарып тастағандағы тауар және қызметбағасына үстеме қолданылады. Бұл өтемақыға басқа шығарып тастау енгізілмейді. Қондырыл ған үстеме бойынша өтемақы тауар сату немесе қызмет көрсету қолданылған салық төлеушілерге төленеді.
Егер фермердің қондырылған үстеме бойынша коммерциялық сыбайлас декларация беретін салық төлеуші болса, онда бұл салық төлеуші өзінің декларациясында қосымша құнға салықтың дебиті ретінде төленген өтемақыны өзінің декларациясында көрсетуі керек. Сонымен қатар, мұндай салық төлеуші рұқсат етілген нормада шығын бойынша есептеу алуна болады.
Қондырылған үстеме мен фермерге қызмет ететін сыбайлас оған фактура құжатын беріп, ал оның көшірмесін өзінде қалдырады. Міне, осылай фермерге көрсетілген қызмет және сатылған тауар қосымша құнға салық жүйесіне жақындастырылған болып саналады. Бұл жерде фермерлерге әкімшілік мәндегі басқалай қосымша талаптар қойылмайды.
Мысал:
Фермер салық төлеушіге 60,000 доллардың ауыл шаруашылығы өнімін сатты, қондырма үстеме – 6%. Салық төлеуші өндірістік мақсатта сатып алынған өнімнің тек бір бөлігін, атап айтсақ, 50,000 доллар сомасында пайдаланады.
Фермер декларация бермейді және бюджетке салық аудармайды. Ол 60,000 доллардың 6%-іне тең, яғни, 3,600 долар өтемақы сұрайды. Осыған сәйкес сатып алушы оған 63600 доллар төлеуі қажет.
Сатып алушы – салық төлеуші қосымша құн салығы бойынша өзінің декларациясында былай көрсетеді:
Шығындық операцияның құны = 60,000
Қосымша құн салығының дебиті = 3,600.
Қосымша құн салығы бойынша рұқсат етілген есептеу = 3,000 (50,000 х 6%).
Біз агробизнесте салықты реттеудің барынша кең тараған тегерішін келтірдік. Ал шын мағынасында нақты міндеттер мен реформалаудың кезеңдерін, елдің ерекшелігін, экономиканың жағдайын және салықтық әкімшілік деңгейін есепке ала отырып, әр түрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Алайда, жалпы бағыт мемлекеттің салық саясатының агробизнеске өркениетті салық жүйесін енгізудің обьективті принциптері толық есепке алынатын жағдайында жүргізілуін аңғартады. (12) ...
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
... Осындай жағдайдан құтылудың жолы меніңше мынадай сияқты: жер үлесі иелерінің шаруа қожалығын (фермерлікті) ұйымдастыру мақсатымен АШӨК, ЖШС құрамынан шығу құқығын заң жүзінде бекіту қажет, бұл құқық өз үлесіне құқығын басқаға қашан бергеніне қарамастан бекітілуге тиіс. Ал кімде-кім шаруашылық жүргіудің ұжымдық пошымының құрамында жұмыс істегісі келсе жерін біреуге беру жөніндегі шартын жалға беру шартына айналдыру қажет. Өйткені ауыл шаруашылық жеріне меншік әзірге мемлекет монополиясында, ал басқаларға жер тек аренда шартымен ғана беріледі. Өзінің жер үлесін жер иелерінің өмір бойы билеп-төстеу, өз мұрагеріне қалдыру, ондай адам болмаса, басқаға тапсыру құқығын сақтау керек.
Бірінші кезекте жердің жеке меншікке тікелей отбасылық еңбек негізінде ұйымдасқан, жерді міндетті түрде мақсатты пайдаланатын шаруа қожалықтарына (фермерлерге) берілуін жүзеге асыру қажет. Бұл шаруашылықтардың көлемінің белгіленген норма шегінде (ұлғаюы) кемуі жерді жалға алу немесе мемлекеттік аукциондар мен конкурстарда бағалық аймақ негізінде белгіленген базар бағасымен сатып алу арқылы жүзеге асады. Жеке меншікте бір қолға шоғырланатын жердің нақты көлемін Қазақстандағы өнім беретін бос жерлерді, оларды айналымға тарту мүмкіндігін ескере отырып анықтаған жөн. Бұл кездн шаруашылық жүргізудің кооперативтік пошымдары үшін Қазақстан Республикасының «Жер туралы» күшінде бар заңына сәйкес аренда қатынастарының механизмін сақтаған дұрыс.
Екінші кезекте ауыл шаруашылық жүргізудің корпотивтік пошымдарын қызметкерлеріне жеке меншікке беруді біртіндеп, бір қолға шектен тыс жер көлемі шоғырлануына, алыпсатарлыққа жол бермейтін тетіктер жасай отырып, салық және баға тетіктері арқылы реттей отырып, мемлекеттік атқарушы органдардың жермен жасалатын операцияларға қатал бақылауын жүргізе отырып рұқсат ету керек. Жерге жеке меншік институтын енгізу кезендерінің мерзімі жүргізілген инвентаризация мен бағасы бойынша аймақтандыру (бұлар ұзақ уақыт пен қаржы қорын бөлуді талап етеді) негізінде жерді экономикалық бағалау жөніндегі жаңа әдістеменің жасалуына байланысты. (14) ...
ІІІ-БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.
3.2 Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
... Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.
Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфалтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда – 129 метр, Украинада – 324 метр, Эстонияда 600 метрге жуық. Халықтыңаз орналасуы да (бір шаршы километрге бар-жоғы алты адам) Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.
Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтық-климаттық аймақтың көптүрлілігі мен олардың биоклиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік береді. (18) ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- 1. Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы.1997.32-44 бет.
- 2. Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 1997 жылғы шілде. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 жыл. №17-18, 216 құжат.25-34 бет.
- 3. Қазақ ССР-індегі тұтыну корпорациясы туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомстары. №51 1990 ж. 38-44 б. ...