Реферат: Социологиялық зерттеу әдістері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
18

ЖОСПАР

 

 

 

 

Кіріспе. 3

1 Социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері 4

2 Социологиялық зерттеу бағдарламасы.. 9

3 Социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілі 14

Қорытынды.. 17

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 18

 

 

2 Социологиялық зерттеу бағдарламасы

 

 

... Сонымен проблема, проблемалық жағдай анықталып, зерттеу нысаны анықталды. Эмпирикалық социологияның нысаны мен пәнін белгілеп алған соң, алдағы жұмыстардың мақсаты мен міндеті айқындалуы тиіс. Мақсат – зерттеудің жалпы бағыты, күтілетін соңғы нәтижесі. Проблеманы шешу барлық уақытта да мақсатқа байланысты. Мақсатты дәл айқындау – бағдарламаның аса маңызды методологиялық талабы. Эмпирикалық зерттеудің мақсатын белгілегенде, міндетті түрде тапсырыс берушімен келісу керек. Егер эмпирикалық социологиялық зерттеудің мақсаты зерттеуші мен тапсырыс берушіге толық түсінікті болмаса, онда соңғы сатысында екеуінің арасында келіспеушілік тууы мүмкін. Мақсат дәл де түсінікті болуы үшін ол бүге-шүгесіне дейін аәқындалады және бағдарламада мақсатқа негізделген басты және қосымша міндеттер көрсетіледі. Міндеттер болашақ зерттелуге дайындық, белгілі бір әдістемелік мәселені шешу үшін де қойылуы мүмкін. 

 

Міндеттерді негізгі және қосымша деп бөлу социологтарға күші мен уақытын тиімді пайдалануға, ең алдымен, басты міндеттерді шешуге күш салуға мүмкіндік жасайды. Алға мақсат пен міндеттің қойылуы социологиялық зерттеу ісінде жүйелілікті қамтамасыз етеді.

 

Бағдарламаны жасаудың келесі сатысы – жұмыс болжамдарын ұсыну. Болжам дегеніміз – зерттелінетін социологиялық нысанның құрылымы, оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстардың сипаты, әлеуметтік проблеманы шешудің мүмкін жолдары жайлыалдын ала жасалынған пайымдаулар. Болжам – ғылым дамуының деңгейін көрсететін білім түрі де болып табылады. Бірақ социологиялық зерттеулерде нақтылы бір проблеманы қарастыруға қажетті теориялық білімдер қоры барлық уақытта бола бермейді. Жұмыс болжамдары деп құбылыс пен процесті алдын ала түсіндіретін және зерттеудің алғашқы сатысында қолданылатын болжамдарды айтамыз.

 

Болжам жасауға белгілі бір талаптар қойылады. Болжам арнайы не жалпы социологиялық теорияға сәйкес, ғылыми негізді (яғни дәлелденгенге қайшы келмейтін), зерттелінетін проблема бойынша мағыналы, эмпириялық жолмен тексерілетін, логикалық тұрғыдан қайшылықсыз балуы керек.

 

Болжам жасаудың негізгі қиындығы оның зерттеу мақсаты мен міндетіне сай келіп, ұғымдарының анық ойдың екі ұшты болмауына байланысты.

 

Ереже бойынша эмпирикалық зерттеу алдын ала сұрыпталған жиынтық нысанға жүргізіледі. Сұрыптаудың түрі мен тәсілі зерттеудің түріне, оның мақсаты мен болжамына тікелей байланысты. Талдамалық зерттеудегі сұрыптауларға неғұрлым қатаң талаптар қойылады. Олардың ішіндегі ең бастысы – оның репрезентативтілігі, яғни сұрыпталған жиынтық бас жиынтықтың негізгі сипаттамаларын білдіруі қажет.

 

Сұрыптау тәсілі екі принципті шартқа негізделген: 1) зерттеу нысаны сапалық сипаттамасының өзара байланыстылығы мен шарттылығы; 2) құрылымдық жағынан біртұтас бас жиынтықтың шағын моделі болып табылатын оның бөліктерін қарастыру негізінде алынған тұжырымдардың бүгінге айналуға да қақылығы.

 

Сонымен, бағдарлама зерттеу жұмыстарының белгіленген бағытта жүргізілуін ұйымдастырып, бағыттап, оның жүзеге асыру жолдарын көрсетіп отыратын өзіндік бір темірқазық сияқты.

 

Бағдарламаны дайындау жоғары кәсіптік билікті, уақытты қажет етеді. Ереже бойынша, оны жетекші мамандар даярлайды; ал оны жасауға зерттеу ісінің өзіне кететін уақыттан артық болмаса, кем уақыт кетпейді. Эмпириялық социологиялық зерттеудің жетістігі көбіне жүргізу бағдарламасының сапасына байланысты.

 

 

 

 

 

3 Социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілі

 

 

 

Зерттелінетін нысанды түгел қамту аса көп материалдық және уақыт шығынын қажет ететіндіктен социологиялық зерттеулер, әдетте, сұрыптау түрінде өтеді. Сондықтан да жұмыстың жобасын түзегенде әрі өкілетті, әрі үнемді сұрыптау жасау негізгі міндеттердің бірі саналады.

 

Сұрыптаудың өкілеттілігі (репрезентативтілігі) деп оның нәтижесінде алынған жиынтықтың зерттелуге тиіс социологиялық нысанның жай-күйін дұрыс бейнелеуін айтады. өкілеттілік қатал сақталатын жұмыс тәртібінің екі деңгейі арқылы қамтамасыз етіледі: біріншіден сұрыптаудың стратегиясы мен әдіс-тәсілдері арқылы, екіншіден, сұрыпталған жиынтық нәтижелердің дәлдігін мүмкіндігінше қамтамасыз етуге жарамды барынша шағын ауқымы арқылы.

 

Сұрыптаудың экономикалық тиімділігі оның ауқымынан, сондай-ақ сипаты мен мерзімінен шығатын жалпы құнына байланысты. Сұрыптаудың сипаты бас жиынтықтың сипатымен және зерттеудің мақсатымен айқындалады.

 

Соңғы жылдардығы статистиканың дамуы зерттеулерді ұйымдастыруға деген көзқарасты айтарлықтай өзгертіп жіберді: талдау міндеттері тек тәжірибелік негізде ғана емес, сипаттамалық сұрыптау кезінде де шешілетін болды. Сонымен бірге бір зерттеуде әрі сипаттамалық, әрі талдамалық зерттеу мақсаттарын бірдей шешу мүмкіндіктерінің әрдайым бола бермейтіндігін де есте ұстаған жөн.

 

Егер сұрыптауды бас жиынтықтың зерттеу құралы ретінде қарастыратын болсақ, онда оған қойылатын басты талап – сұрыптап зерттеудің нәтижесін бас жиынтыққа қолдану мүмкіндігі айқын болады.

 

Сұрыптап зерттеудің бас нәтижелерін бас жиынтыққа қолдану сұрыптаудың екі мақсатына сәйкес, екі бағыттан тұратын статистикалық қорытындының қатаң индуктивтік әдісі көмегімен жүзеге асады: 1) сипаттамалық зерттеуде қолданылатын статистикалық бағалау; 2) талдамалық мақсатта қолданылатын болжамды статистикалық тұрғыдан тексеру. Бұлайша жинақтап қорыту мүмкіндігі математикалық статистиканың теориялық тұжырымдарына негізделеді, ал ол өз кезегінде бас жиынтықтың кез келген нысанын іріктеп алуға және ықтималдықтар теориясын қолдануға сүйенеді. Бас жиынтықтан жай кездейсоқ сұрыптаудың өзінде: 1) бас жиынтықтың біртектілігі; 2) оның барлық құрамдас бөліктерінің зерттеу үшін бірдей деңгейде ашықтылығы; 3) бас жиынтықтың құрамдас бөліктерінің толық тізімі; 4) осы тізімге кездейсоқ іріктеу әдіс-тәсілдері қолданылатын болады.

 

Жай кездейсоқ сұрыптаудың негізгі проблемаларына: 1) бас жиынтылығы біртектілік ұғымының күрделілігі мен түрлі мағыналылығы; 2) оның құрамдас бөліктерінің толық тізімін алудың мүмкін еместігі;        3) респонденттер қабілеттілігін және олардың зерттеуге қатысу деңгейінің түрліше болуы жатады.  ...

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

1. Қанапия Ғабдулина. «Құқық социологиясы». Алматы – 2003ж.

2. Аристотель. Социология. – М., 1983, т.4, 384-бет.

3. Аристотель. Социология. – М., 1983, т.4, 396-бет. ...