МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.. 5
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық. 5
психологиясының ерекшелігін анықтау. 5
1.2. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар. 14
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау 24
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ 29
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері 29
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы.. 29
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.. 33
Қорытынды.. 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
... Өмірлік позициялардың бейімсіздігі жасөспірімнің өзінің өмірге деген көзқарастарын, принциптері мен дағдыларын, қарым-қатынас ортасын т.б. өзгеріссіз сақтауға ұмтылуда көрінеді. Мұндай күй көбінесе жастарда өмірінің қандайда бір жақтарын өзгертуін қаламаудан немесе қиындықтарға бетпе-бет келіп, белсенділік танытуға ұмтылмаудан көрінеді. Жасерекшеліктік қарама-қайшылықтар өмірлік позиция, өмір жолы, өмірлік бағыттылықтың өзгеруімен байланысты қарама-қайшылықтармен шиеленіседі. Тәрбиеленуі қиын жасөспірімдер өмірінің ең қиын кезеңі-бұл колониялық өмір кезеңінен жаңа өмір кезеңіне өту болып табылады. Мұндай жасөспірімдер колонияда қайта тәрбиелеуден өтіп, жаңа өмірге белсенді бейімделуі керек. Бірақ олар жаңа өміріндегі жағымды өмірге, ондағы жұмысына қанағаттанбаушылықпен қарап, өзіне жақын топты іздеуге тырысады. Бұл жағдай мұндай жасөспірімдердің сыртқы қайшылықтары шешілгенімен, ішкі қайшылықтардың шешімін таппағандығын көрсетеді.
Жалпы, жасөспірімдердің өмірлік жоспарларының өзінде де, әртүрлі ерекшеліктер көрінеді: бір жасөспірімдер өз болашағын әлеуметтік жетістіктер сферасында көретін болса, басқалары, өзіндік көрінудің жеке тәсілінде, ал үшіншілері, өз болашағын шығармашылықты түрде көрсетеді. Өмірдің ең маңызды жағы- бұл рухани, мәдени, және өнегелі құндылықтардың құрылуы, таңдалуы және анықталуы болып табылады. Осы құндылықтардың таңдалуы, олардың адам өмірінің принциптеріне айналуы және олардың құрылуындағы күрес өмір стратегиясын, өмірдің негізгі стратегиялық бағытын құруы мүмкін.
Жалпы, өмір мағынасы жасөспірімнің өмірлік концепциясын, өмірінің саналы және жалпыланған принциптерін, оның өмірлік мақсаттарын бейнелейді. Психологияда мағыналылықты- субъект үшін қандайда әрекет, ішкі жағдай, мотивацияланған индивидуалды мағына деп атау қабылданған. Жасөспірім қандайда бір әрекет жасағанда оны не үшін жасайтынын түсінеді және саналайды, ал бұл оның мағыналылық сферасын бекітеді. Кең көлемде мағына - бұл құндылық және оны құру процесіндегі адамның сол құндылықты сезінуі.
Өмір мазмұны- іс-әрекет, еңбек және қажеттіліктер болып табылады. Жасөспірім өз өмірінде осы қажеттіліктерді нақты түрде біріктіреді және олардың қанағаттануының тәсілін бөліп шығарады. Осылайша, жасөспірім өмірінің мағынасы қалыптасады. Өмір мағынасы бір жағынан жасөспірімнің талаптануын, оның ұмтылыстары мен қажеттіліктерін білдірсе, екінші жағынан, оның шынайы жетістіктерінің, өмір формаларында өзін көрсету қабілеттілігінің жүзеге асуы болып табылады. Сондықтан да, өмір мағынасы бұл тек жасөспірімнің болашағы ғана емес, сонымен қатар, оның жетістіктерге өз күшімен жету бағасы болып есептеледі. ...
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
... Зерттеу барысы. Эксперименттік зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдерге, яғни қайта түзету мекемесіндегі жасөспірімдерге жүргізілді. Сонымен қатар қылмысқа бармаған, яғни мектепте оқитын жасөспірімдерге салыстырмалы түрде зерттеу жргізілді. Эксперименттік зерттеу 2006 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың сәуір айына дейін жүргізілді. Эксперименттік зерттеу кезінде қылмысқа барған жасөспірімдердің кейбіреулерінде қарсылықтар да болды. Бірақ сол мекеменің психологының көмегімен барлық қиыншылықтар шешілді. Ал бақылау тобының жасөспірімдері керісінше эксперименттік зерттеуге қызығушылықпен қарап, белсенді қатысты. Зерттеу алдында зерттелінушілерге арнайы дайындалған жауап бланктері таратылды және әдістемелерге жауап беру жөнінде инструкция айтылды. Инструкцияны түсінуде екі топта да қиындықтар болған жоқ. Бұл эксперименттік зерттеуде эксперименттік және бақылау тобының жасөспірімдеріне болашақ өмір бейнесінің жағымды қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылықтық бағдарының ерекшеліктерін анықтауға арналған М. Рокичтің құндылықтық бағдар әдісі жүргізілді. Бұл әдісте құндылықтар жүйесінің екі тобы ұсынылды. Зерттелінушілерге бірінші, терминалды құндылықтар жүйесі, артынан инструменталды құндылықтар жүйесі ұсынылып, оларды ең маңыздысынан бастап біртіндеп қойып шығу сұралды. Ал зерттелінушілердің болашақ өмірі мен өткен шағына деген және кінәлі сезіміне деген қатынасын анықтауда «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі жүргізілді. Бұл әдістің инструкциясы берілгеннен кейін зерттелінушілерде кейбір сұрақтарды түсінбеу себебінен қиындықтар туындады, бірақ бұл қиындықтарды оңай жеңдік. Экспериментті жүргізудің соңында еркін сауалнама жүргізілді. Бұл әдісті орындауда зерттелінушілерде ешқандай қиындықтар болған жоқ. Жалпы эксперименттік зерттеу әдістері қазақ тілінде жүргізілді. Жасөспірімдердің қылмыстық мінез-құлқын анализдеу кезінде бұзылушылардың төрт типін бөліп шығарамыз: ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с.
3. Столяренко А.М. Прикладная юридическая психология. Юнити, 2001.-639с. ...