МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ 5
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ғылыми теориялық негізі 6
1.2 Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері 12
1.3 Қаржылық тұрақтылықты талдаудың ақпарат көздері 14
2 “РИЗА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТЕРЕҢ ТАЛДАУ.. 21
2.1 Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара қатынасын талдау 22
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау. 28
2.3 Іскерлік белсенділікті талдау. 32
ҚОРЫТЫНДЫ.. 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 37
2 “РИЗА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТЕРЕҢ ТАЛДАУ
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау
... Төлеу қабілеттілігі дегеніміз - ақшалай қаражаттардың және олардың эквиваленттерінің жедел жабуын талап ететін, қарызды есептерді толтыру үшін жеткілікті көлемде бар болуы. Осыған қоса баланстың өтімділігі деген түсінік бар, ол кәсіпорындардың міндеттемелерін олардың активтері мен орнын толтыру дәрежесі ретінде анықталынып, олардың ақшаай түрге айналу мерзімі міндеттемелерді төлеу мерзіміне сәйкес. Баланстың өтімділігін талдау кәсіпорынның өтімділігімен төлеуқабілеттілігіне қатынасы бар.
Өтімділікті талдаудың сұранымы нарық жағдайларында кәсіпорынның қаражаттық шектерін күшейтумен және несие төлеуқабілеттілігін бағалау қажеттілігіне байланысты. Баланстың өтімділігі талдау - өтімділіктің дәрежесі бойынша топтастырылып, өтімділіктің кему тәртібінде орналасқан, ал активтерді өтімділік орны бойынша топтастырылып және мерзімнің ұлғаю тәртібінде орналасқан пассивтермен салыстырады. Төменде берілген топтар балансқа қатынасы бойынша кәсіпорындардың активтері келесі топтарға бөлінеді:
А1 - ең өтімді активтер-ақшалай қаражаттар және қысқамерзімді қаржылық салымдар; А2 - тез өткізілген активтер-дебиторлық қарыз және басқа активтер; А3 - төмен баппен өткізілетін активтер - тауарлы-материалдық құндылықтар; А4 - қиын өткізілетін активтер - негізгі қаражаттар және басқа айналымнан тыс активтер. Баланстың пассивтері оларды төлеу мерзімінің дәрежесі бойынша топтастырылады:
***************************
П1 - ең жедел міндеттемелер: дер мезгілінде өтелмеген кредиторлық қарыз және ссудалар;
П2 - қысқа мерзімді пассивтер: қысқа мерзімді несие мен қарыз;
П3 - ұзақ мерзімді пассивтер: ұзақ мерзімді несие мен қарыздар;
П4 - тұрақты пассивтер: кәсіпорынның меншікті капиталы.
Баланстың өтімділігін анықтау үшін пассив пен актив бойынша берілген топтардың қорытындыларын салыстыру керек. Егер төменде берілгендей қатынастар болса: А1 ³ П1 ; А2 ³ П2 ; А3 ³ П3 ; А4 £ П4 онда баланс абсолютті өтімді деп саналады. Ал енді “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігіндегі келесі қатынастар:
1999 жылғы есеп беру кезеңінің басы:
А1=805,2 ; П1=7565,8 ;
А2=3844,37 ; П2=0. А3=5957,39 ; П3=0; А4=373,74 ; П4=3414,9.
Ағымдағы жыл есеп беру кезеңі: А1=73 ; П1=9744 ;
А2=8618 ; П2=0. А3=4226 ; П3=0; А4=537 ; П4=3710.
2000 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: А1=2113 ; П1=7307 ;
А2=2926 ; П2=0. А3=5663 ; П3=0; А4=1478 ; П4=4773.
Осының бәрін салыстырғанда мынадай қатынасты берді:
*******************************
Осы теңсіздіктерге қарасақ есептік жылдардың бәрінде бірінші теңсіздік орындалмайды, ал басқалары орындалады. Төртінші теңсіздік үлкен экономикалық мағынаны көрсетеді. “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестік меншікті айналым қаражаттарына ие болды, сондықтан анықталған тұрақтылығына ие. Бірақ кәсіпорынның балансын абсолютті өтімді деп санауға болмайды, себебі кірістер мен төлемдердің қатынастарын көрсететін бірінші жағдай орындалған жоқ.
Жалпы кәсіпорынның жақын уақыты (арада) төлеу қабілеттілігін куәландыратын өтімділікті, бірінші және екінші топтарды салыстырғанда табамыз. Сонда “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде ең өтімді және тез өтетін активтердің сомасы:
1999 жылғы есеп беру кезеңінің басы: 805,2+3844,37 = 4649,57;
Ағымдағы жыл есеп беру кезеңі: 72 + 8618 = 8690;
2000 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 2113 + 2926 = 5039.
Жоғарыда айтқандарға негізделсек, мынадай қорытынды жасауға болады: кәсіпорынның балансы абсолютті өтімді болмаса да, “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестік ағымдағы өтімділікке ие болды, бұл кәсіпорынның жақын уақыт ішінде төеу қабілеттілігіне куә болды.
Сонымен бірге “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің өтімділікпен төлеуқабілеттілігін анықтау үшін келесі қаржы коэффициенттерін қолданамыз.
1. Кәсіпорынның жалпы толтыру (ағымдағы өтімділік) коэффициентін табамыз (Кж.т.).
Кж.т.= (ағымдағы активтер) / (ағымдағы міндеттемелер);
1999 жылғы есеп беру кезеңінің басы: 10606,96 / 7565,8 = 1,44;
Ағымдағы жыл есеп беру кезеңі: 12952 / 10500 = 1,24;
2000 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 10680 / 8330 = 1,29.
Берілген көрсеткішті есептеудің мәні: кәсіпорындар қысқа мерзімді қарыздарде ең біріншіден ағымдағы активтер есебінен өтейді. Коэффициенттің теориялық мәндері қызметтің түрлері бойынша құрылады, ағымдағы активтердің мөлшері ағымдағы міндеттемелерден асып кетсе, кәсіпорынның қызметі жағымды тенденция ретінде қарастырылады.
Батыс тәжірибесінде коэффициенттің теориялық мәні 2-ге тең деп саналады. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абрютина М.С., Грачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. -М: Финансы и статистика, 1998.
2. Ажибаева З.Н., Сейдахметова Ф.С. Учет и анализ дебиторской задолженности./Библиотека бухгалтера и предпринимателя/, 1998, №1.
3. Белых П.П. Финансовый анализ в оценке инвестиционной привлекательности предприятий. /Бухгалтерский учет/1999, №10.
4. Бернстайн П.А. Анализ финансовой отчетности: теория, практика и интерпретация. /Гл.ред.серии Я.В.Соколов. -М: “Финансы и статистика”, 1996. ...