Курсовая работа: Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
31

Жоспар

 

 

 

Кіріспе. 3

1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары.. 4

2  Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары   17

3  Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері 24

Қорытынды.. 30

Қолданған әдебиеттер тізімі 31

 

 

1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары

 

 

... Осы кезге дейін бизнес-жоспарды құруда қиындықтар туындады. Оның себебі біріншіден, банктердің қатаң талап қоюы, екіншіден, кәсіпкерлердің бизнес жоспар құру үшін қажет білімі мен тәжірибесінің болмауы. Қазіргі кезде бизнес-жоспар құруға көмектесетін бірнеше ұйымдар бар.

 

Несиені тіркеу кезіндегі консалтингті қызмет көрсетуші ұйымдар

 

Туындаған қиындықты шешу үшін, несиені тіркеу үшін кәсіпкерлер әртүрлі субъектлерден көмек сұрайды. Олар:

 

-  үкіметтік емес субъектлер;

 

-  ақпараттық-консалтингтік ұйымдар;

 

-  жеке тұлғалар;

 

-  банктер;

 

-  басқа субъектілер.

 

Жалпы алғанда, Қазақстанда жылдан жылға шағын бизнесті дамыту бойынша ілгері қадамдар жасалуда. Мәселен, біз Қазақстанда жаңа бизнесті тіркеу үшін кейде қырыққа және одан да көп күнге созылатын кезеңді бастан кештік, ал бүгінде бұл рәсімдер 10 күнді алады. Бұл біздің еліміз үшін, әрине, үлкен прогресс. Сонымен қатар құқықтық қамтамасыз етілу тұрғысынан да айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқалып отыр. 2006 жылдың қаңтар айында «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң қабылданды. Бұл құжатта тексерулер жүргізудің жаңа тәртібі бекітілген. Егер бұрын бұл тәртіп кәсіпкерлік қызмет саласына байланыстызаңды жүзеге асыру және ведомстволық нормативтік-құқықтық актілермен регламенттелсе, ендігі жерде мұның бәрі заңнамалық деңгейде реттеледі. 

 

Сонымен, шағын бизнестің құқықтық және ұйымдастырушылық түрғыдан қамтамасыз етілуін саралау негізінде бизнестің осы түрінің дамуындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді айқындадық, сонымен бірге оның құқықтық та, ұйымдастырушылық та сипатта қамтамасыз етілу барысына қатысты бірқатар мәліметтерді айқындадық. ...

 

 

 

3  Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

 

 

... Германиядағы жеке кәсіпекрліктің экономикалық маңызы, біріншіден, барлық еңбекке жарамды халықтың 2/3 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретінде; екіншіден,елдің жалпы ішкі өнімнің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретінде; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығының өндріске енгізудегі үлесі 2/5 бөлігі келетін ғылыми-техникалық  прогрестің катализаторы ретінде; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 85% қамтитын кадрларды даярлау көзі ретінде анықталады.

 

Жеке кәсіпекрліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес.Қазіргі кезеңде Германида бірқатар жағдайлар шағын  және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігінің өте бір маңызды,көкейкесті мәселеге айналып отыр.Олардың ішінде:

 

1)Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын  шегіне жеткізе шиеленістіретін товарлар, қызметтер,жұмыс күші және капиталдар қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;

 

2)»таза» технология мен табиғатты сақтау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы оларға жұмсалатын, күрделі қаржыны барынша арттыруды талап етеді;

 

3) заңды негізге жұмыс уақытын одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың икемділігін күшейту.

 

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуы барынша  ынталандыратын  негізде көмек беру болып табылады.Бағдарламаның  жалпы мақсаты-ол шағын  бизнестің тиімділігі мен  бәсекеге қабілеттілігін  арттыру.Қазіргі кезде бірінші орынға арнайы шаралардың жиынтығы мен нақты бағдарламалардың өмірге келуіне талап етіп отырған  Германияның жаңа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпорындарды ынталандыру проблемасы қойылып отыр. Осыған орай мынадай шараларды атап өтуге болады.

 

Германияның федералды үкіметі іс  жүзіне асырып отырған құрылымдық саяси шаралар. Олар шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке  жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған .Бұл жердегі басты тетік 1957 жылы заңды түрде бекітілген және шағын  фирмалардың  позицияларын нығайтуға байланысты  бірінші рет қайта қарастырылған картельдік құқық. Картельдердің қызметін қадағалаушы  ведомства (біздіңше, монополияға  қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір –біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады, екіншіден, орынсыз тыйым  салуларды алып тастап, шағын кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

 

Шағын бизнеске қолдау жасауға құрылымдық саяси шаралардың екінші бір құрымды бөлігі мемлекеттік келісімшарттарды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан теңдік қамтамасыз ету.  1976 жылдан бастап Германияда мемлекеттік тапсырмаларды бөлу шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ережесі бар. ...

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі

 

 

1. ҚР-ң Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім)

2. Мамыров Н.К. «Основы предпринимательства», Алматы, Экономика, 1997

3. Закон РК “О государственной поддержке малого предпринимательства” от 19.06.1997г., ст.4.

4. Попов В.М., Ляпунов С.И. Практика малого бизнеса. - М. 2001. ...