Жоспар
1 Қылмысқа қатысушылық формасының түсінігі...........3
2 Қылмысқа қатысушылық формалары жөніндегі теориялық негізгі ағымдар............7
3 Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру...........31
4 Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру негіздері...........61
1 Қылмысқа қатысушылық формасының түсінігі
Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқықтың жеке институты ретінде, ерте ғасырлардан бастау алып, соған қарамай қылмысқа қатысушылық мәселесін арнайы зерттеген заңгерлердің арасында дау тудырып, осы күнге дейін жалғасуда. Осы теорияны бекітуде және дамытуда заңгер ғалымдардың көптеген ойлары мен шешендіктері көрінуде. Вербовая О.В. “жеке адаммен қылмыс жасау әлдеқашан топ болып қылмыс жасауға айналды, ал топ күйінде қылмыс жасау тез ұйымдасқан сипатқа айналуда” дейді [21. 92]. Қылмысқа қатысушылық тақырыбындағы жете зерттелмеген, әлі де өз шешімін толық таппаған жеке мәселелердің бірі қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігі болып табылады.
2 Қылмысқа қатысушылық формалары жөніндегі теориялық негізгі ағымдар
Қылмысқа қатысушылық формалары жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған даулы мәселе болып келеді. Зерттеуші ғалым криминалистердің қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру және оларды бөлу критерийі бойынша жасаған қорытындыларында ұқсастық байқалғанымен айырмашылықтар да жетіп жатыр.
Қылмысқа қатысушылықтың формаларын біркелкі және дұрыс шешудің теориялық қана емес, сонымен бірге практикалық мәні зор.
Бұл мәселенің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің арнайы бабында бейнеленуіне ұзақ уақыт өтпесе де, қысқа уақыт ішінде әр алуан бейнеленіп үлгерді.
3 Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру
Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру мәселесін қарастыруда, бірінші формаларды анықтау керек пе немесе оларды бөлу критерийін атау керек пе - бұл да ойландыратын жәйт. Бізге дейінгі зерттеушілер қылмысқа қатысу формаларын қарастырғанда бөлу критерийін алдымен ұсынады. Бұл дұрыс. Бірақ келтірілген критерийге анықталмаған формалардың сай келмеуі - бұл екі мәселенің арасындағы байланысты дұрыс аша алмауды білдіреді. Формаларды топтастырудан бастау үшін топтастыру негізіне жарамды бір белгіні қойып соған қарай бөлу керек сияқты. Біз қылмысқа қатысу формалары олардың түсінігін ашатын белгілеріне қарай ажыратылады дедік. Бірақ ондай бір тұтас ажыратушы белгіні қылмысқа қатысушылық формаларының белгілерінен таппадық. Бөлу критерийін бірінші атап, осы негізде топтастыру үшін қылмысқа қатысушылық формаларының ішінен бір немесе бірнеше белгі ерекшеленіп тұруы керек. Қылмыстық кодекстің 27 бабында көрсетілген анықтамадағы белгілерді ала алмаймыз.
4 Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру негіздері
Қылмысқа қатысушылық формаларын бөлу белгісі, қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігін ашатын белгілерінің арасынан шықпайтынына көз жеткіздік. Зерттеушілердің аталған белгілерді бөлу критерийі ретінде қолдануы нәтижесінде, осы күнге дейін олардың арасында қызу дау тудырды. Яғни бұл формаларды бөлуші белгі – Қылмыстық кодекстің 27 бабындағы қылмысқа қатысушылықтың түсінігін құрайтын белгілерінен және 31 баптағы әр қылмысқа қатысу формаларының түсінігін құрайтын белгілерден де шықпайды. Оның басты себебі, бөлу критерийін 27 баптағы қылмысқа қатысудың түсінігін құрайтын объективтік және субъективтік белгілерден алсақ, онда “дәреже” деген күңгірт, анық емес критерийді қолдануға итермелейді.