Курсовая работа: Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Маркетинг
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
31

Мазмұны

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

I-ТАРАУ. КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАРКЕТИНГТІҢ РОЛІ. 5

1.1. Маркетингтiң әлеуметтiк –экономикалық мәнi және мазмұны.. 5

1.2 Маркетингтің негізгі түрлері мен принциптері. 9

1.3 Кәсіпорынның  маркетингтік мүмкіндіктерін зерттеу. 11

II-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ.. 15

2.1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының  технико-экономикалық анализі. 15

2.2 “Рахат” АҚ-ның  маркетингтік қызметін талдау. 19

III-ТАРАУ. “РАХАТ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР. 24

ҚОРЫТЫНДЫ.. 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 31

 

 

 I-ТАРАУ. КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАРКЕТИНГТІҢ РОЛІ.

 

1.3 Кәсіпорынның  маркетингтік мүмкіндіктерін зерттеу 

 

 

 

... Ішкі кәсіпорындық ақпарат шындықты,  пайдалылықты, жеңіл алынатын және жүйелеуге ықшам келетіндігін білдіреді. Бірақ, кәсіпорынның әлуетін анықтау үшін ол жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда сыртқы ақпаратты таңдау түрлі белгілі үлгілер мен әдістерді пайдалана отырып, салыстырмалы көрсеткіштерді қолданған жөн.

 

Кәсіпорынның мүмкіндігіне іріленген талдау кәсіпорын үшін үлкен  мүддеге сенім білдіретін қосымша нықтылы бағытта болуы керек.

 

 Ал егер өнімдер бойынша қарастыратын болсақ,онда  қандай бұйымдар ең көп немесе ең аз  айналым береді, қандай бұйымдарды сату ең көп немесе ең аз  табыс әкелетіндігіне назар аудару керек.

 

Рыноктар бойынша- қандай рыноктар кәсіпорын өнімі үшін ең көп немесе ең аз басымдылықта болады.

 

Салалар бойынша- қандай салаларда кәсіпорынның өнімдері сатылады, бұл салаларда рыноктың қандай үлесі кәсіпорында орын алады. ...

 

 

 

II-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ

 

2.1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының  технико-экономикалық анализі. 

 

 

 

... Осы есптеулерден көріп отырғанымыздай  өнімді өткізуден түскен табыс 273604 мың теңгеге немесе 20,36 %-ға өскенін байқаймыз. Бұндай табыс өсуі  өткізілген  өнімнің өзіндік құнымен тікелей байланысты.Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 206899 мың теңге немеес 17 пайызды құрап отыр. Ал осы екі көрсеткіштің айырмасы бізге кәсіпорынның  жалпы табысын береді. Ол өз кезегінде 66705 мың теңге немесе 60,72 пайызды құрап отыр. Егер осы көрсеткіш сақтала беретін болса, онда кәсіпорын өткізілген өнімнен түскен пайда темптерін төмендетпей, керісінше осындай қарқында жұмыс істеуді жалғастырады. Сөзсіз табыс көлемінің өсуі компания басшылары мен коллективтің бірігіп жұмыс істеуінің  жемісі. Ал егер осындай қарқынмен кәсіпорын өзінің жұмысын ары қарай жалғастыра беретін болса, онда оған өнім көлемін көбейту үшін қосымша еңбек күші қажет болады. Сол себептен кәсіпорын жұмысшылар санының 500 адамға немесе 20 пайызға өсіруге шешім қабылдайды. Бірақ бұл жерде  еңбек өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 9,5208 пайызға кемиді. Кәсіпорынның  табысы өскен сайын компания басшылары өз жұмысшыларын ынталандыру мақсатында жалақыны өсіруді жөн санап отыр және жалақының өсімі 261 теңге  немесе өткен жылмен салыстырғанда 2.1 пайызды құрағандығын байқаймыз және  осы фактор  негізінде  еңбекақы қорының мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 80274000 мың теңге немесе 36.15 пайызға өскендігін көреміз. Сонымен қатар маркетингтің бөлімнің оң жұмысының нәтижесінде компания 2003 жылы 2002 жылға қарағанда көбірек өнім өткізген болатын, ал бұл өз кезегінде компанияның елеулі жетістіктерге жеткендігінің бірден-бір көрстекіші. 24626 мың теңгеге өскен салық салғанға дейінгі табыс, өз кезегінде копоративті салықтың 7282 мың теңгеге өскендігін көрсетеді. Егер корпоративті салық өскен болса, онда ол  салық салғаннан кейінгі  табыстың ұлғайғандығы көрсетеді. Ол 2003 жылы кестеден көріп отырғанымыздай ол  17344 маың теңге немесе 78.42 пайызды құрап отыр.

 

Компанияның таза табысы өткен жылға қарағанда 17344 мың теңгеге өскендігіне немесе 78.42 пайызды құрап және осыған байланысты, өткізілген өнімнің түскен пайдасының ұлғаюына байланысты кәсіпорынның өнім рентабельділігі де өсіп отыр. Ол  2002 жылға қарағанда 0,007 немесе 47,89 пайызды құраса; Өткізілген өнімнің  өзіндік құнының  206899 мың теңгеге өскендігіне және таза пайданың ұлғайғандығына байлансты  стау рентабельділігі 0,009 немесе 52,47 пайызды құрап отыр. Осы көрсеткіштерді қарастыра келіп, қорытындылайтын болсақ, онда біз ,,Рахат”  Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайы тұрақты деп айтуға болады.

 

 ,,Рахат” АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері қарастырып кеткеннен кейін бұл жерже осы кәсіпорынның негізі қорларының да көрсеткіштерін  қарстырып кеткенді жөн санап отырмын. Төменде ,,Рахат” АҚ-ның негігі қорларының көрсеткіштері келтіріледі. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1. Қазақстан Елбасының  “Қазақстан-2030”  Қазақстан халқына Жолдауы

2. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2004 жыл 19 наурыз

 3. «Рахат» акционерлік қоғамының жылдық қаржылық есебі (2002-2003ж.ж.)

4. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы, Алматы “Экономика” 2003 ...