Курсовая работа: Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
30

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 3

1. НЕСИЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ. 4

1.1. Несие, мәні және қажеттігі 4

1.2. Несиенің қызметтері. 6

1.3. Несиенің негізгі формалары және олардың жіктелуі 7

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ.. 17

2.1. Несие жүйесінің жалпы сипаттамасы мен құрылымы.. 17

2.2. ҚР банк жүйесі 19

2.3. Банктердің мәні және қызметтері 20

ҚОРЫТЫНДЫ.. 28

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР. 30

 

 

1. НЕСИЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.

 

1.3. Несиенің негізгі формалары және олардың жіктелуі

 

 

 

... Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

 

Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

 

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

 

Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені  - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені – банктік деп атайды.

 

Қалған несиенің түрлері осы екі формасыың тәжірибеде қолдануынан туады.

 

Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.

 

Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты –  тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

 

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.  ...

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ

 

 

2.3. Банктердің мәні және қызметтері

 

 

... Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі  “несие” болғандықтан, банкті - “несиелік мекеме” деп атаған.

 

Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа  эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.

 

Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.

 

Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.

 

Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банкбұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.

 

“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк –осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.

 

Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәкес банктік операцияларға мыналар жатады: ...

 

 

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 1. “ҚР-ғы Ұлттық банк туралы” ҚР заңы (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы)  // 30.03.1995.

2. “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңы (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы)  // 30.08.1995. ...