Жоспар
КІРІСПЕ. 3
I.Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері 4
1.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні. 4
1.2.Сақтандырудың салалары, сыныптары және түрлері. 9
II.Еліміздегі сақтандыру түрлерінің жүзеге асуы. 11
2.1. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру. 11
2.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру. 15
2.3 Медициналық сақтандыру. 21
III. Қазіргі жағдайдағы Қазақстан сақтық рыногының даму ерекшеліктері 23
Қорытынды.. 30
Пайдаланған әдебиеттер: 32
Бақылау сұрақтары.. 33
I.Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері
1.2.Сақтандырудың салалары, сыныптары және түрлері.
... Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі
сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Жеке басты сақтандыру – жеке тұлғаның мүддесін – оған қатысты оның өмірін, денсаулығын және сақтанушының өзінің де және үшінші жеке адамдардың да басқа қасиеттерін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы – азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір оқиға болған кезде алдын ала келісілген ақша сомасын төлеу.
Мүлікті сақтандырудың арналымы дүлей апаттардың және басқа кездейсоқ оқиғалардың әр түрлі мүлікке келтірген зиянын өтеуінде. Демек, сақтандырудың объектісі әр түрлі материалдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болады.
Мына негіздемелердің: сақтандыру келісімшартымен белгіленген кезеңнің өтуі бойынша, не сақтық жағдайы болған кезде кез келгені бойынша сақтық төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру жинақтаушы болып табылады.Олардың қайсысы бірінші болып келетініне қарай.
Жинақтаушы емес сақтандыру тек сақтық жағдайы болған кезде сақтық төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру болып табылады.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары(түрлері) шеңберіндегі пруденциялдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру келісімшартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар міндетті сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актімен белгіленеді. ...
III. Қазіргі жағдайдағы Қазақстан сақтық рыногының даму ерекшеліктері
... Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған рыноктық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтерін көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, рыноктық экономикада тұрақты жайғасымдарды алып отыр.
Ерекше сақтық қатынастарын, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңи тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау “Сақтық қызметі туралы” Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң үдерістер байқалуда. 2005 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі (іс жүзінде – рыногының көлемі) 66,3%-ға көбейіп, 73,3 млрд. теңгені құрады. Міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 2,9 есеге (13,8 млрд. теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80%-ға (23,3 млрд. теңгеге дейін) соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5%-ға (1,3 млрд. теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 53,0%-ға (45,3млрд. теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 2,5 есеге жуық (2,1млрд. теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2005 жылы Қазақстанда 66,3%ға көбейіп, 73,3 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 37 сақтық ұйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6-шетелдіктердің қатысуымен және екуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар, 6 сақтық брокерлерінің, 30 актуарийлердің, 34 аудиторлық ұйымдарының және 67 аудитордың сақтық қызметінің аудитын жүзеге асыруға лицензиялары бар . ...
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы Алматы,2002
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы: Қазақстан,2000.-96 бет.
4. Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Астана:2001.-37 бет. ...