Доклад/Баяндама: Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
23

Жоспар

 

Кіріспе. 2

1.   Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары   5

2. Шет елдегі балалар қоры жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асуы. 10

Қорытынды.. 21

Пайдаланған әдебиеттер. 23

 

 

2. Шет елдегі балалар қоры жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асуы.

 

 

...  Сауықтыру бағдарламасы бойынша Панфилов ауданы және Жаркент қаласында көп балалы отбасыларындағы ауру балалар үшін 131 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалып, 21 жолдама алынған. Балалар Жаркент   Арасан,  Көктал   Арасан демалыс үйлерінде емделген. Талдықорған қаласындағы ата  анасы мүгедек алты бала «Айналайын» сауықтыру лагеріне жіберілген. Сондай  - ақ аз қамтамасыз етілген 30 отбасына 151266 теңгенің нақты көмегі берілген. Азаматтардың өтініштері бойынша 280 балаға 130 мың теңгенің жәрдемі көрсетілген. Облыстағы балалар және сәбилер үйлеріне қайырымдылық көмегі ұйымдастырылған. « Балбөбек» қорының бастамасымен Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстанның тұнғы рет «Тұсау кесер» тойы өткізіліп, онда Есік қаласындағы сәбилер үйінде 16 баланың тұсауы ұлттық дәстүрге сай кесілді.

 

Сонымен қатар, халқымыздың тағы бір өнегесі   өкіл әке белгілеу жаңғыртылды. 16 адам өкіл әке атанып, оларға «Балбөбек» қорының грамотасы тапсырылды. Осы той барысында Есік қаласындағы сәбилер үйіне ақшалай және заттай 1млн. Теңгеге жуық сыйлық жиналды.

 

 «Балбөбек»  салт - дәстүлер туралы кітапшалар, плакаттар шығаруды жоспарлауда. Соның ішінде Паршек ата ілімінің әдістерін жақсы түсіну үшін «Семь встреч мудрецов» атты кітапшалары жарық көрді. Онда әлем данышпандары денсаулық және рухани байлық мәселелері төңірегінде ой бөліседі, өйткені рухани тазалықсыз денсаулық жоқ екені бәрімізге аян. «Балбөбек» қоры Алматы облысының аудандарында тұратын балаларға мысалы, Райымбек, Күрті, Балқаш сияқты елді мекендерін аралап, азық - түлік, киім  - кешек таратып берді. Сөйтіп 1997 жылы 8 сәуірде Алматы қаласында қоғамдық «Балбөбек» балалар қайрымдылық қоры дүниеге келді. Бұл Республикамыздағы құрылған 19 -  балалар қоры.

 

 Нарық заңдылықтары тұрмыс  -   тіршілігімізге енгелі бері халық күнкөріс қамымен қалаларға, оның ішінде оңтүстік астана мәртебесіне ие Алматыға көп шоғырлануда. Бұл қаламыздағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әсер етуші қосымша фактор болып отыр. Осы халық көп шоғырланған қаламызда кездесетін жәудір көздер саны күн сайын көбеюде.

 

   Алматы қаласында балалардың қоғамдық қорының ашылуы уақыттың өзі тудырып отырған елеулі оқиға. Өйткені қалада ата -  аналары тастап кетіп, қараусыз қалған балалар жеткілікті. Мәліметтерге жүгінсек, мұндай балалардың 70 пайызының ақыл  есі кеміс. Тоғыс арнайы мектеп  - интернатта жетілуі кем балалар оқып тәрбиеленуде. Ал, бөджет олардың толық қажеттілігін өтеуге жетпей жатады. Бұл қор өз жұмысын құрылтайшылармен басқа да қаржы көздерінен түскен қаражаттар арқылы жүргізіліп, денсаулықтарын түзеуге көмектесіп отыр.

 

 Алматы   қаласындағы тағы бір қор-   «Эльдани» балалар қайырымдылық қоры. Бұл қор 1996 жылы мамыр айында Алматыда дүниеге келген. Негізгі мақсаты  -   орталық нерв жүйесі зақымдалған сол аурулармен ауыратын балаларға көмектесу мақсатында емдеу орталығын ұйымдастыру. Осындай орталық Бішкек қаласында жұмыс істейді.  Ондай емдеу орталықтарында ауру балаларға қоғамның толыққанды азаматы сияқты оларға барлық мүмкіншіліктер жасалады: білім алуына, компьютерден сабақ алуына мәдени орындарға баруға, спортпен шұғылданып, оның өсу жолы да ойластырылған. Осы жоспарларды іске асыруда әр ай сайын 10 бала емделсе, қор құрылғалы екі жыл ішінде 200 адам көмек алды.

 

  Онда қаладағы ірі компаниялардың, серіктестіктердің көмегінің арқасында балалар үшін мерекелік іс шаралар өткізіліп, сыйлықтар дайындалды.  ...

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Городецкая Ирина Константиновна «Международная защита прав и интересов детей» М.1973

2. Табанов С.А. «Общество, родители, дети» Алма- Ата. Казахстан,1986

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы  - Алматы,1998 ...