Курсовая работа: Кірістерді құру көздері және банктің қаржылық нәтижесіне оның әсері. Банк кірістері мен шығындарының есебі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
41

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1 Бөлім.  Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері 5

1.1.   кірістер мен шығындардың белгіленуі 5

1.2.   Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі 8

1.3 банк шығындарының жіктелуі 15

2 бөлім.  Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі 19

2.1. банктің кіріс операциясының есебі 19

2.2. Банктің шығын операциясының есебі 22

2.3. Қаржылық нәтиже, таза кіріс есебі мен талдауы.. 28

3 Бөлім.  Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар. 36

Қорытынды.. 40

Қолданылған әдебиеттер. 41

 

 

1 Бөлім.  Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері

 

1.2.   Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі

 

 

... Сақтау бизнесі- банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сый-ақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сый-ақымен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сый-ақыдан тұрады.

 

Банктің кепіл беру қызметі- клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әртүрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сый-ақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін. ...

 

 

 

3 Бөлім.  Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар

 

 

Банк өз қызметінің нәтижесінде таза кіріс немесе зиян шегеді. Қызметінің жақсы жүруі таза кіріс әкеледі. Таза кіріс көлемі – салыққа дейінгі пайыздық,  пайызсыз кіріс пен пайыздық , пайызсыз шығынға тең.

 

Бағалы қағаз бойынша операциялар таза кіріске әсер етеді. Бағалы қағаз бойынша кіріс немесе шығынға ұшырауы мүмкін. Егер де бағалы қағаз мемлекеттік болса, онда оның өтімділігі де, кірістілігі де жоғары болады. бұл бағалы қағаздан түскен кірісті банк жалпы пайыздық кіріс құрамына қосады. Ал несиеге келсек, бұл банктің ең көп кіріс табу көзі болып табылады. Бірақ тәуекелділігі де жоғары болып саналады. Банктер бұл операция түрінен кіріс табады, егер де ол операция қайтымды болса. Қазіргі таңда банктердің таза кірісіне осы проблемалық несиелер кері әсер етеді. Себебі, несиелік зияндарды жабуға құрылған резервтер банктің таза кірісін төмендетеді. Егер несие тәуекелділігі жоғары болса, онда банк бағалы қағаз бойынша кірістерді көздейді.

 

Қаржылық нәтижеге тағы бір әсер етуші фактор активтердің орналасуы. Сондықтан активтерді дұрыс орналастыра білу қажет.

 

Актив – акцияның қозғалмайтын мүлкі.  Ол ө құзырындағы қозғалмайтын мүлікті сатып капиталын көбейе алады. Бұл ағымды кіріске әсер етеді. Таза кіріс екіге жіктеледі: акционерлерге және бөлінбеген таза кіріске – банк ресурсының базасын көбейтеді.

 

Дегенмен, қазіргі таңда Қазақстан банктерінің қызметі соңғы жылдары жоғарылап келе жатыр. Бұл банктердің кірістілігі жоғары екендігін статистикалық мәліметтерден көріп, байқаға болады. бұқаралық ақпараттардан банктердің жоғарғы нәтижеге жетіп кірістілігін ұлғайтқанын көруге болады. соның ішінен мына мәліметтерді, яғни Қазақстан банк секторының кірістілігін ұсынамын.  ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы 30. 03. 1995. №2155 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30. 05. 2001. №182-II);                                                                     

3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31. 08. 19995. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 25. 04. 2001. №179-II);  ...