Доклад/Баяндама: Міндеттемелік құқық


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
11

Жоспар

 

 

Кіріспе. 2

1.Міндетеменің пайда болуымен негіздері мен  түрлері. 4

2. Шарттық және шартсыз міндеттемелер. 5

3. Үшінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелер, регрестік міндеттемелер. 5

4. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. 6

5. Міндеттемені тоқтату. 6

6. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы. Несие беруші жақтан тараптың    ауысуының құқықтық ерекшеліктері. 8

Қорытынды. 10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 11

 

 

4. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

 

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау орын алатыны тағы анық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын шараларды көздейді.

 

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету оны орындауға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан сол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерде қолданылыды. Азаматтық кодекстің 292-ші бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге:айып пұл төлеу, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.

 

Қамтамасыз ету әдістерін өзідерінің сипатына қарай төрт ропқа бөлуге болады. Қамтамысыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда борышқордың немес тиісінше орындағанда борышқордың белгілі бір ақша соммасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші топтың әдістері несие беру арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіріп алуды қамтиды. Төртінші топқа біздің заңмызда бұрын соңды тән болмаған әдіс – борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.

 

Міндеттмені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме ретінде көрінеді. Мысалы сатып алу шарты негізгі міндеттеме болып табылады, ал сол шартты жасаған шақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырылады.

 

 

 

6. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы. Несие беруші жақтан тараптың    ауысуының құқықтық ерекшеліктері.

 

 

...   Бұл бөлімдегі несие беруші тарапртардың ауыстырылуы азаматтық кодекстің  339-ші бабында көрініс табады, яғни ол жерде келесідей етіліп баяндалады.

 

Міндеттеме негізінде несие берушіге тиесілі құқықтың ол мәміле бойынша басқа адамға берілуі: немесе құқық заң құжатының негізінде басқа адамға ауыстырылуы мүмкін.

 

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы жөніндегі ережелер регресті талаптарға қолданылмайды.

 

несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделсе, борышқордың келісімі талап етілмейді.

 

егернесие беруші құқықтарынң басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаң несие беруші осындай оысдан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндетті орындағаны тиіс несие берушіге орындағаны болып табылады.

 

Сонымен қатар басқа тұлғаларға ауыстырылмайтын құқықтар болады, олар келесідей анықтамада болады.

 

Несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың атап айтқанда алимент жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді.

 

Осы аталғандармен бірге тұлғалар арасындағы борышта ауысып отырады. Оның мағанасы Азаматтық кодекстің 348-ші бабында көрініс табады.