МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 2
1.АҚШ – ӨЗБЕКСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ АҚШ-ТЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ. 8
1.1 АҚШ – Өзбекстан қатынастарының қалыптасып даму эволюциясы. 8
1.2 Жаңа қауіптер жағдайындағы АҚШ – тың сыртқы саясатындағы Өзбекстан. 12
1.3 Америка қауіпсіздік контекстіндегі Орталық Азия және аймақтағы АҚШ-тың экономикалық әскери-саяси мүдделері. 18
2 ЖАҢА ҚАУІПТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ АҚШ-ТЫҢ АЙМАҚТАҒЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ФАКТОРЫ. 33
2.1 XXI-ғасырдың басындағы жаһандық халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орта Азия елдері және АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты стратегиясының өзгеру. 33
2.2 АҚШ - тың Орталық Азияға қатысты саяси жобалары және аймақтағы АҚШ саясатына Өзбекстан факторының ықпалы. 44
ҚОРЫТЫНДЫ.. 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72
1.АҚШ – ӨЗБЕКСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ АҚШ-ТЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ.
1.3 Америка қауіпсіздік контекстіндегі Орталық Азия және аймақтағы АҚШ-тың экономикалық әскери-саяси мүдделері.
... Осы орайда, орыс саясаткерлері Ресей «аймақтағы басқа да дағдарыстар» деген нені білдіретіндігін түсіндіруді АҚШ-тан талап етуге құқылы. Орталық Азия мен Ресей қас-қағым сәтте келесі бір американдық «зұлымдықпен күрес» науқанына тартылып кетуі мүмкін деген болжам айтады. АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Д. Фейт «өзге дағдарыстарға» түсініктеме бере келе: «Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі кезеңдегі әскери қақтығыстар әскери күштерден жылдам реакция мен орналасуды талап етеді, себебі алдыңғы шепте шоғырланған әскерлер ешқашан өздері орныққан жерде шайқаспайды. Олардың табан тіреген жерінде әскери қақтығыстар орын алу ықтималдығы өте төмен. Қақтығыстар шеткері, шалғай аймақтарда орын алуы мүмкін Сондықтан біз бұндай қақтығыстарды реттеу үшін әрқашан сақадай сай тұруымыз керек. Ал бұл АҚШ әскерлеріне үшін жаңа базалар мен тірек пункттері қажет» екендігін айтты [70].
Каспий теңізінің екі жағалауында орналасқан елдердің үкіметтері мен қарулы күштерімен кең көлемде қоян-қолтық әрекет жасаудан өзге, Вашингтон «алдыңғы шептегі операциялық пункттер» - Forward Operating Locations (FOL) деп аталатын мақсаттарды көздеуде. Американ стратегтерінің ізденістері 2004 жылдың тамызында Дж. Буш жария еткен жаһандық стратегиялық ниеттер декларациясына - Global Posture Review тірелген сияқты. Аталған декларацияға сәйкес, АҚШ Транскаспий аумағында тұрақты базаларды иемденудің орнына өзіне қажетті нысандарға «тұрақты қол жеткізуді» қамтамасыз етуі тиіс [38].
АҚШ Орталық Азияға қатысты стратегиялық амалдарындағы төңкеріс бағдарламасын сәйкес аймақ елдеріндегі ішкі және сыртқы саяси ақуалды зерттеу үстінде. Мысалы, АҚШ Иракқа әскер кіргізер алдында Қазақстанда қоғамдық сауалнама жүргізіп, 83,5 % қазақстандықтардың АҚШ-тың Иракқа қарсы әскери қимылдар жүргізуіне қарсылық білдіргендігін анықтаған. Орталық Азия елдерінің саяси элитасы мен әсіресе қала халқы, Өзбекстаннан өзгесі АҚШ-тың Иракқа қарсы соғысы бұл елдерді әскери қимылдар орбитасына тартып әкетеді, нәтижесінде республикалар исламистермен және өзге мұсылман елдерімен қарым-қатынастың нашарлауын алып келуінен секемденді. Ал екінші жағынан Орталық Азия елдерінің үкіметтері Ирактағы АҚШ соғысын өздерінің билігін, саяси оппозиция мен исламдық күштерді тұншықтыру үшін пайдаланды. Яғни американдардың Орталық Азия елдерінен күткен қолдау деңгейі өте төмен болды. Ресей сарапшылары мұндай жағдайды АҚШ-тың Орталық Азияға бөлген экономикалық көмегін республикалар тұрғындарының жан басына шаққанда 53 центтен келетіндігі және бұндай жағдайда американдардың Орталық Азия халқы тарапынан қолдау табуы өте қиын деген қорытынды жасайды [71].
Қырғызстанда жүргізілген сауалнама кезінде сұралғандардың 66 % АҚШ-тың Иракқа қарсы соғысы мәселесінде бейтарап позиция ұстанған. Бұдан да қызықтырақ нәтиже Ирактағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігін нығайта алады ма деген сауалға Қазақстанның 46 % , Қырғызстанның 42 % , Тәжікстанның 31 % халқы нығайта алмайды деп жауап берген. Қазақстан халқының 77 % Иракқа өз әскерлерін жіберуге қарсылық білдірген [40]. Ал АҚШ-тың Ирактағы әскери операцияларына мейлінше түсіністікпен қараған Өзбекстан халқы болған. Кейіннен Өзбекстан Орталық Азияда алғашқы болып американдық К-2 базасын жапқан ел болды. Өзбекстан мен АҚШ арасындағы қатынастардың салқындауы, Вашингтонды басқа да Орталық Азия елдеріне қатысты саясатын белсенді жүрзізуге мәжбүрледі. ...
2 ЖАҢА ҚАУІПТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ АҚШ-ТЫҢ АЙМАҚТАҒЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ФАКТОРЫ.
2.1 XXI-ғасырдың басындағы жаһандық халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орта Азия елдері және АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты стратегиясының өзгеру.
... 2005 жылға қарай Өзбекстанға қатысты артында американдық конгресс тұрған Мемлекеттік департаменттің ұстанымы ақыры басым болды. Бұл ұстаным Ташкенттің оның ішкі саясаты үшін тоқталмас критикасынаие болды. Екінші жағынан, Қырғызстан мен Тәжікстанға қатысты Қорғаныс министрлігінң прагматикалық ұстанымы жеңді, бұл 2005 жылдың шілде айының соңындағы Д.Рамсфилдтің аймаққа сапары барысында көрсетілді. АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатында жоспарланған өзгерістерде келесідей фактілерді атап өту қажет: аймақтағы жағдайдың бағалануыресми түрде өзгере бастады, оны Еуропа мен Еуразия бойынша мелекеттік хатшының көмекшісі Д.Фрид 2005 жылдың 27 қазанында өткен Таяу Шығыс пен Орталық Азия істері бойынша подкомитеттің жиналысында құрастырды. Фрид айтқандай, АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиясы реформалар арқылы қауіпсіздік, энергетика, экономика және еркіндік облысындағы аймақтық ынтымақтастықтың балансын қарастырады. Сонымен қатар аймақтың барлық елдеріне сипаттамалар берілді. Қазақстан аймақта «потенциалды көшбасшы» болып табылады. Қырғызстан мен Тәжікстан «жас реформаторлар» болып келеді. Түркменстан «автократиялық мемлекет» болып қала береді, бірақ АҚШ оған қарамастан, үкіметпен диалог саясатын жүргізеді. Өзбекстанда «АҚШ өзінің қам істеушілігін халық алдында және конфеденциалды түрде жалғастыра береді».[79]
Шамамен сол уақытта мемлекеттік хатшының басқа көмекшісі Э.Уэйннің (экономика мен бизнес істері бойынша) Американдық сауда палатасында жасаған сөзі дәлірек көрінді. Э.Уэйн атап көрсеткендей, Қазақстанның экономикасының дамуына байланысты ол Орталық Азия аймағындағы өсу локомотиві болады. Мемлекеттік хатшы К.Райстың жақындағы сапарына қатысты американдық аналитиктер көрсеткендей, осы сапармен АҚШ осы аймақтағы өздерінің мүдделерін анық құрып алғысы келді және К.Райс болған елдердің басқарушы элиталарына өздерінің мүдделерін көрсеткісі келді және же сонымен бірге Мәскеуді осындай қимылдарға шақырғысы келді, ол өзінің мүдделерін құруға, оларды орталық азиялық елдердің басқарушы элиталармен келісуге және осы аймақтағы өздерінің мүдделерін американдық мүдделермен ашық және түсінікті келістіріп алуға шақырды. Шамамен осындай рухта Г.Киссинджер өзінің 2005 жылы қазандағы Астанаға сапары барысында сөз қозғады. Американдық саясаткер атап өткендей, Қазақстан ірі өркениеттердің тоғысында орналасқан және аймақта да, сондай-ақ бүкіл әлемде де маңызды рөл атқарады.
Дұрысында, 2005 жылы АҚШ «Қызғылт революцияны» өршіту немесе laisser faire (яғни, барлығын өз қалпында қалдыру деген ойда) принципі бойынша жасау дилеммасы алдында қалды. Вашингтонда екінші нұсқаны таңдады. «Ньюсуик» атты журналдың бас редакторы Ф.Закарианың сөзі айтқан сөзі еленбей қалған жоқ шығар, ол айтқандай, автократикалық режим жүргізген экономикалық модернизация түбірлі демократиялық дәстүрлері жоқ елдердегі жағдайды дестабилизациялайтын «либералды емес демократиядан» гөрі артығырақ көрінеді.[80] ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Том II: Внешняя политика США на современном этапе и Центральная Азия.-Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2006.-С.296.
2. Евстафьев Г.М. Безопасность Центральной Азии. М., 2006. С.142.
3. А. Анохин. Большая Центральная Азия и Казахстан. Россия – Казахстан. На пути к интеграции. Т. ІІ. Москва 2007 ...