Курсовая работа: Инвестициялар мен инвестициялық шешімдердің жалпы сипаттамасы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Финансы, Қаржы
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
28

Мамзұны

 

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

1.ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.. 5

1.1. Инвестициялық шешімдердің мәні мен мазмұны.. 5

1.2. Инвестициялық шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету. 7

1.3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару. 9

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІН БАҒАЛАУ   12

2.1. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері 12

2.2. Альтернативті инвестициялық жобалар бойынша шешімдер қабылдау. 16

2.3. Инвестициялардың оңтайлы қоржынын қалыптастыру әдістемесі 18

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ.. 21

3.1. Кәсіпорындардағы нвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері 21

3.2. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары.. 23

ҚОРЫТЫНДЫ.. 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

 

 

1.ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

1.3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару

 

 

... Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.

 

Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.

 

Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.

 

Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.

 

Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.

 

Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады. ...

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

 

 

 

3.1. Кәсіпорындардағы нвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері

 

 

 

... Кәсіпорындардың инвестициялық қаражаттар тарту құрылымы да көңіл аудартады. Әдетте, қарыз қаражаттар тарту экономиканың қаржы институттары жүйесі – банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, лизингтік компаниялар, шағын несие ұйымдары. Қаражаттар тартудың нысандары алуан түрлі болады.

 

Тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі артып келеді. Айталық, 2000-жылы тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі 14,5% болса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 20,1% жеткен.

 

Өзге инвестиция көздерінің құрылымында лизингтік несиелердің ерекше орын алатынын айта кету керек. Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың құрамында лизингтік несиелердің үлесі дамыған елдерде 20-30% құрайды, дамушы елдерде 10-20% дейінгі шамамен сипатталады. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2003-жылы небәрі 1% құраса, 2004жылы 2% жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 5% құрайды. Бұл, әрине, отандың тауар өндірушілердің негізгі қорларын жандандыру мәселесіне қажетті көмек бере алмайтындығының куәсі.

 

Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелердің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде шағын несиелердің үлесі небәрі 2% ғана жетеді.

 

Қазақстан экономикасының негізі болып саналатын шағын бизнес субъектілеріне тоқталар болсақ, олар үшін инвестициялық қаражаттар тарту қазіргі таңда ең көкейтесті мәселе болып отырғаны анық. Олар үшін бүгінде инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі – банктік несиелер болып отыр. Шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар елімізде енді ғана қалыптасу үстінде. Шағын кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің үлесі де жыл санап азайып келеді (3.2-кесте).

 

3.2-кестенің мәліметтеріне сүйенсек, банктік мекемелердің шағын бизнес субъектілерін қаржыландыруға жұмсаған қаражаттары соңғы жылдары абсолюттік көрсеткіші бойынша динамикалық түрде артып келеді. Айталық, аталған секторға берілген несиелер 1999-жылы 39,9 млрд. теңгені құраса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 196,2 млрд. теңгеге жеткен, яғни, бір көзбен қарағанда, соңғы бес жыл ішінде шағын кәсіпорындарға берілген банктік несиелердің сомасы 5 есе өскен. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998

2. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2

3. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998 ...