Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ РӨЛІ 5
1.1 Коммерциялық банктер түсінігі және олардың жіктелуі. 5
1.2 Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы.. 7
II ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 12
2.1. Банк қызметтерінің сипаттамасы.. 12
2.2. Коммерциялық банкте жүргізілетін операциялар. 15
III ТАРАУ. ЕЛІМІЗДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРЫ.. 23
ҚОРЫТЫНДЫ.. 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 26
II ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.2. Коммерциялық банкте жүргізілетін операциялар
... Банктің 2003ж. 31 желтоқсандағы жалпы активі бойынша Қазақстан Республикасындағы ең ірі банк. Жыл қорытындысы бойынша, яғни 2003ж 31 желтоқсанда, банктің таза пайдасы 8761 млн. теңгені құрайды (58,6 млн. АҚШ доллары),актив мөлшері 434241 млн. теңге (3,011 млн. АҚШ доллар), акционерлік капитал – 45579 млн. теңге (316,0 млн. АҚШ доллары) құрайды. Ал қарыз портфелі 302132 млн. теңге (2,1 млн. АҚШ доллары) құрайды.
Бұл жерде Қазақстан Републикасындағы банк секторы туралы жалпылама мәлімет айта кету маңызды болып отыр:
2004ж. 1 қазандағы мәліметтер бойынша еліміздегі банк секторының жиынтық капиталы 311,2 млрд. теңге, яғни есепті айда 19,6 млрд. теңге немесе 6,7%-ға өсті.
Жиынтық активтері 70,5 млрд. теңгеге (3,2%) өсті, ол 2252,4 млрд. теңгені құрайды.
Банк мекемелерінің қарыз портфелі 51,4 млрд. теңгеге өсті (3,4%), яғни 1578,8 млрд. теңгеге тең. Бұл қаржылық сектордың тұрақтануының, жалақы деңгейі өсуінің нәтижесі. Несиелік портфель 492,2 млрд. теңгеге өсті. Оның ішінде стандартты несие – 56,3%, күмәнді – 41,1%, үмітсіз – 2,6%. Алайда бұл көрсеткіштердің жоғары болуы банк тәуекелін жоғарлатады.
Заңды және жеке тұлғалардан тартылған қаражат 1334,7 млрд. теңгені құрады. Ол 2,6%-ға өскен. Соның ішінде, заңды тұлға 927,6 млрд. теңге (3,3% - өскен), жеке тұлға – 407,1 млрд. теңге (1% - өскен).
Екінші деңгейдегі банктер 2004ж. 1 қазан бойынша пайдасы – 222,3 млрд. теңге. Ол өткен жылмен салыстырғанда 38,3%-ға өсті. Шығындары 187,4 млрд. теңге, бөлінбеген пайда 35 млрд. теңге.
Қазақстан Республикасының капитал құрылымы жағынан ірі елдерге кіреді. Республикадағы 3 ірі банк – “Казкоммерцбанк”, “ТұранӘлембанк”, “Халықбанк” – банк секторындағы активтердің 60% иеленуде. ...
III ТАРАУ. ЕЛІМІЗДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРЫ
... Соңғы кезде отандық банктер өздерінің қызметін клиенттер талғамына қарай бейімдеуге аса көңіл бөлуде. Аталмыщ банк өзінің көрсететін қызметтері қатарында төлем және несие карточкаларын шығаруды кеңейтті. Кез-келген уақытта ККБ-те депозит ашып, қалаған уақытта өз салымдары есебінен несие ала алады. Мұндай операциялар Visa Classic, Master Carol, Master Europay карточкалары арқылы жүзеге асады.
Әлемдік қаржы нарығында банктік қызметтерді клиент ыңғайына сәйкестендіру бұрыннан бері бар. Ал мұндай қызмет түрі елемезде осы күнге дейін дамыған жоқ. Бұл құбылысты ККБ түбірімен өзгертті, яғни ол өзінің депозиттерін персоналдандыруды жүзеге асырды. Депозит жинақтаушы ретінде және ағымдық шот ретінде пайдалануы мүмкін. Клиентің барлық талғамдары персоналды менеджермен талқыланып, нәтижесінде клиент өзіне ыңғайлы позиция таңдай алады. Бұл банктің клиенттерге ұсынатын депозиттерінен көрінеді. Банк жедел депозит, жинақтаушы VIP – депозит, әмбебап депозит, үшінші тараптың жедел депозиті үшінші жақтың жинақтаушы депозиті шартты жинақтаушы депозиттерді ұсына алады.
Жедел депозит ақша сақтауға арналған. Мұндай салымдар үшін сыйақы жоғары. Ал жинақтаушы VIP – депозитте мүмкіндіктер көбейе түседі, яғни депозитті кез-келген уақытта және шектелмеген сома көлемінде толықтырып тұруға болады. Ең қызығы - әмбебап депозит. Бұл депозит бизнеспен белсенді түрде айналысатын тұлғаларға қолайлы дәнеол депозитте ақша жинақтаумен қатар ағымдық шот ретінде пайдалануға болады. Депозитте жойылмайтын қалдық қалдыра отырып, оның үстіне қосылған соманы айналымдағы ақша ретінде пайдалануға болады. Қалдық мөлшері 55000 долларды құрайды және оны келісімнің уақыты біткенде ғана алуға болады. Егер жай депозитте клиент банкке комиссия ақысын төлесе, әмбебап депозитінде банк керісінше сыйақы төлейді. Бұл депозит бизнесмендерге өте қолайлы, олар белгілі-бір соманы тиілмейтін қор ретінде қалдырып, қалғанын айналымға жібереді.
Сонымен қатар ККБ үшінші жаққа салынатын салымдарды ұсынады. Ол арқылы клиентке өзінің балаларына, ата-анасына, серіктесіне салымдар салуға болады. Шартты жинақтаушы депозитте үшінші жақтың ақшаны пайдаланудың белгілі-бір шарттарына сәйкес қолданылады. Мысалы, ата-ана өзінің шетелде оқитын баласына ақша шығаруының белгілі-бір лимитін белгілейді. Бұл лимитті, яғни соманы баласы бір күнде немесе бір апта, бір айда қолданады.
Осыдан келе, ККБ өзінің енгізген жаңашылдықтарына байланысты, клиенттер талғамын қанағаттандаруға бағытталған банк екендігі айқындалды. Банк өзінің әлемдік банктік тәжірибесін қолдана келе, отандық қаржылық секторды әлі де көптеген жетістіктерге жететіні сөзсіз. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтік-құқықтық актілер:
1 .“Қазақстан Республикасындағы банктер және қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңы. 30.08.1995
Ғылыми әдебиеттер:
1. Ғ.С.Сейітқасымов “Ақша, несие, банктер”, Алматы: Экономика, 2001.
2. Б.А. Көшенова “Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары”, Алматы: Экономика, 2000.
3. Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Финансовые рынки и посредники» Учебник. – Алматы: Экономика, 2005.
4. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банктердің операциялары”, Алматы: ИздатМаркет, 2002. ...