Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!
... Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалык қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада — "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".
Қазір біз бұл салаларды да реформалауға жеттік. Темір жол саласын қайта құрылымдау бағдарламасы басталды. Электр энергетикасы жөне телекоммуникация салаларын монополиясыздандыру міндеті қойылды.
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 пайызға жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
Экономикалық реформалар ІЖӨ құрылымында жақсы байкалады. Мәселен, 1991-ден 2003 жылға дейінгі кезеңде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2-ден 52,3 пайызға дейін өсті. ІЖӨ құрылымының мүндай өзгерісі осы заманғы жалпы әлемдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ІЖӨ құрылымындағы қызмет көрсетудің үлесі Достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарысы (ТМД бойынша орташа 44 пайыз). Әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі шамамен 60-73 пайызды құрайды, атап айтқанда Жапонияда — 66 пайыз, Ұлыбритания мен Германияда — 71 пайыз.
Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган жөне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру жөне өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды.
1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.
Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялык деңгейдегі кредит рейтингі берілген.
Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазакстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.
Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы баскд трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.
Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда өлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "ШевронТексако", "Тоталь", "Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да куаттайды.
Соңғы 30 жылда коры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты.
Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бүдан кем емес болатын. Кеңестік кезеңде ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба кұбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сеңді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайрандағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба кұбырының құрылысы басталады. ...