Жоспар
КІРІСПЕ. 3
І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 4
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары.. 4
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың ерекшеліктері 8
ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ.. 14
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы,оны жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру жолдары.. 14
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге. 19
асырудың құралы ретіндегі Ел басы жолдауы.. 19
2.3 "Қазақстан-2030" Стратегиясы іс үстінде: табыстың 10 жылы.. 25
ҚОРЫТЫНДЫ.. 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың ерекшеліктері
... Бағалы немесе құнды қағаздар нарығы дамуының жоқтығы — респуб-лика шаруашылығының түрлі саласындағы кәсіпорындарының ілгерілеу мүмкіндігін тежейді. Қомақты инвестициялық қаражатты жинаудың осы тиімді тәсілін пайдалану және олардың дұрыс бөлінуін қадағалау қаржы жетіспей жатқан шикізаттық емес салалардың жандануына игі әсер етіп, ұлттық байлықтың елеулі өсуіне әкелер еді. Қазақстан экономикасының тағы бір осал тұсы — ішкі инвестициялардың көзі болып табылатын жиынтық жинақтау нормасының әлі де болса төмендігінде. Кейбір деректерге қарағанда, оның мөлшері 2004 ж. 8 пайыздан аспады, ал экономикамыз үшін 25 пайызға жеткені қажет. Сондықтан қордаланған ұлттық капитал көлемі келешегі үлкен ірі коммерииялық жобаларды игеруге шамасы жетпейді. Инвестациялық "гэп" ұғымының мәні осында.
Қысқа мерзімдік уақытта валюталық дағдарысгың болу қаупі болмағанмен, ұзақ мерзімдік перспективада жоқ емес. Капиталдың еркін қозғалысы мен толық конверттелінген валюта тәртібіне өту мақсатында 2005—2007 жж. аралығында валюталық тәртіпті толық ырықтандыру көзделгені мәлім. Сөйтіп, лицензиялау операцияларының қазіргі түрлерінің басым көпшілігі 2007 ж. кейін алынып тасталынады. Дегенмен, ұлтгық қауіпсіздік тұрғысынан кейбір маңызды операцияларды қадағалау сақталады деп сенеміз. Біздің пікірімізше, 2006—2008 жж. Қазақстан, "голландиялық ауруға" шалдыққандығынан, өддеуші өнеркәсібінің сапалық және бағалық бәсекелестік қабілеті мейлінше төмен және валюталық дағдарыс қаупі жоғары экономикасымен сипатталатын елге айналуы мүмкін. Өндірістік-құрылымдық реформалардың жоқтығынан, егер болса, тым баяулығынан, валюталық тәртіпті ырықтандыру-ды жүзеге асыруы жағдайында республика экономикасы валюталық дағдарысқа ұшырауы ғажап емес. Өңдеуші өнеркәсіп рөлін күшейтуге бағытталған Индустриалды-инновациялық стратегия бойынша өндірістің интегралданған жүйесін құру тек 2010 ж. белгіленгендіктен мұндай жағымсыз құбылыстың орын алу мүмкіндігі артады. Валюталық ырықтандыруды тым ерте іске қосқан жағдайда экономиканың салыстырмалы тұрақтығы мен теңгенің бекемдігі орта мерзімдік кезеңде бұзылу қаупі бар.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторында орын алған мәселелер экономиканың нақты секторының әлсіздігі мен тиімсіздігінен туындайды. Экономикалық дамуымызға кедергі жасайтын келесі қатерлерді атауға болады: ...
ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы,оны жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру жолдары
... Тұрақты өрлеуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау көмектеседі. Қазірге бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу процесі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы бағытта жүріп барады. Өндірістің құлдырауы мен оның керітартпа құрылымы бұдан былай есепке алмауға болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады. Егер еркін рынок шын мәнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер туғызады. Біздің міндетіміз Қазақстанды дүние-жүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғұрлым маңызды салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.
Бірақ әзірге тек рыноктың күшіне ғана сенуге болмайды. Үкімет диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс.
2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыс-керліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.
2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды. Ол әлі әлемдегі ең бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады. ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 1990 жыл.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991 ж.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999жыл. ...