Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!
... Жеке деңгейлер қатынасының мөлшерін көрсететін болғандықтан, экологиялық пирамида үшбұрыш түрінде бейнеленеді. Экологиялық жүйедегі қоректенудің әр турлі деңгейі трофиктік (грекше: "trophe — қорек, қоректену") немесе қоректік деңгей деп аталады. Кез келген бірлестікті сол бірлестіктегі түрлер арасындағы өзара қоректік байланыссыз түсіну мүмкін емес. Дарақтардың түрлер арасындағы мұндай байланысын қоректік байланыс деп атайды. Қоректік байланыс әдетте бірнеше қоректік тізбектен тұрады, олардың әрқайсысы зат пен қуат берілетін жеке арна болып табылады.
Биогеоценоздың ауысуы. Табиғатта еш уақытта өзгермейтін биогеоценоз болмайды, өйткені оның қалыптасуы үшін эволюциялық ұзақ уақыт қажет. Эволюция барысында тірі ағзалар мекен ету ортасына, бірімен-біріне бейімделуде болды. Биогеоценоз тұтас бір ағза іспеттес болғандықтан, бір қалыптан екінші қалыпқа табиғи заңдылықта ауысады. Белгілі бір аумақтан орын алып, бір түрге жататын дарақтар (популяция) ұзақ уақыт тіршілік. еткен кезде мекен ету ортасын өзгертеді. Мұны өсімдіктер мысалында түсіндіретін болсақ, суда өсетін өсімдіктердің қалдықтары жағаға жинала-жинала — шымтезек қабатын, ал сумен ағып келген құм және сазбалшық су түбіне шөгіп, терең сулардағы планктон қалдықтары тұнып, майда түйіршікті лай түзеді. Сөйтіп көгілдір айдынды көл, батпаққа айналады, ал ондағы тірі ағзалар тіршілігін жояды. Енді бұл маңнан батпаққа төзімді өсімдіктер мен жануарларды ғана көре алатын боламыз. Бұл құбылыстың кері жүзеге асуы да мумкін. Жер бетіндегі бір үлескіде бірлестіктердің біреуінің екіншісімен бірте-бірте ауысуы сукцессия (латынша: "successio — мирасқорлық, тұқым қуалау, орын басушылық") деп аталады, ол өтпелі қалыпты даму сатысы болып табылады. ...