Дипломная работа: Акционерлік қоғам формасындағы ұйымның ресуртарын қолдануын бағалау


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Финансы, Қаржы
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
65

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

1  НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ЖАЙ ЖӘНЕ ЖАЙ ЕМЕС ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ 5

1. 1 Акционерлік қоғамдардың қалыптасуы.. 5

1.2  Акционерлік қоғам қызметтерінің ерекшеліктері 9

2 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ФОРМАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМНЫҢ РЕСУРТАРЫН ҚОЛДАНУЫН БАҒАЛАУ.. 15

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму  тенденциялары мен ақуалын талдау. 15

2.2. ҚР коммерциялық банктердегі адамзат ресурстарын басқару. 32

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ РЕТІНДЕДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.. 40

3.1 Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың стратегияларын қалыптастыру жолдары.. 40

3.2. ҚР коммерциялық банктердегі кірістер мен шығыстар құрылымын оптимизациялау  50

ҚОРЫТЫНДЫ.. 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63

 

 

2  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ФОРМАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМНЫҢ РЕСУРТАРЫН ҚОЛДАНУЫН БАҒАЛАУ

 

2.2. ҚР коммерциялық банктердегі адамзат ресурстарын басқару

 

... Басқарудың жеделдігін оның қарқыны анықтайды. Мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге, талдауға және шешімдер қабылдауға және оны орындауға кетірілген уақыт басқару сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Соңғы уақытта күшейген динамизм процесі қаржы жүйесінің алдына қажетсіз жағдайда орындалған іс-әрекетке өз уақытында шара қолдану қажеттілігі жайына қатысты ерекше өткір сұрақтарды қойды. Басқарудың жеделдігі мәліметтерді жинақтау мен қайта өңдеуде тек автоматизация процесін құрап қана қоймайды, сондай-ақ басқару звеносындағы қысқартулар, әрбір адам үшін еңбектің нақты ұйымдастырылуын енгізеді. .[25]

 

Басқарудың оптимальдығы оның сапасының ең маңызды критериі болып табылады. Ол үшін өте прогрессивті шешім қабылдауға болады, бірақ та ол коммерциялық банктерде орын алған жағдайларға жауап бере алмайды. Екінші жағынан, ұжымда бар, алайда оны пайдалану мүмкіндіктерін қолданбайтын шешімдерді қабылдауға болады. Мұндай шешімдер шаруашылық қызметтің белгілі бір көрсеткіштерін дамытып ілгері жылжытуға мүмкіндік бере алмайды. Оптимальды шешім ұжым қызметінде бәріне танымал салмақ түсіреді, шығармашылық, жоғарғы ұйымшылдық, еңбек өнімділігін қажет ететін мақсаттарды қояды, сондай-ақ оның орындалуына шын мәнісіндегі мүмкіндіктерді алға шығарады. Басқарудың компьютеризациясы оның жұмысының оптимизациялау мүмкіндігін арттырады. Басқарудың оптимизациялау мүмкіндігі мен бұл мүмкіндіктің шындыққа ұласуы – басқару сапасының маңызды тіреуіші болып табылады.

 

Басқарудың нәтижелілігі басқару сапасының негізгі критериі болып табылады. Нәтижелілік жұмыстың өткен бөлімінде қарастырылған көрсеткіштермен анықталады. Сапалы басқару критериін ала отырып біз ресурстарды басқарудың бағыты мен арттыру жолдарын қарастыра аламыз.

 

Басқару тиімділігін арттырудың басты бағыты оның компьютеризациясы болып табылады. Мәліметтерді қарапайым автоматизациялау пооцесі үлкен жеңіске қол жеткізеді, еңбекті басқарудың дәл сол процестеріне жауапты жақтарының өндірістілігін едәуір жоғарылатады,  Бұл процестің автоматизациясы еңбек шығындарын тек қысқартып қана қоймайды, сондай-ақ басқару процесіне жаңа сапалы құбылыстар алып келеді, алайда басқарудың оптимальдығын, жеделдігін арттыруға көмектеседі.

 

Дегенмен, біз басқарудың компьютеризациясы нәтиже бермейді деп есептейміз, өйткені басқару негізінің экономикалық әрі ұйымдасушылық негізінде өткізіледі.

 

Басқарудың тиімділігін арттырудың екінші бағыты бүкіл басқару процесін тұтас жетілдіру болып табылады. Бұл дегеніміз коммерциялық банктерде басқару құрылымы, мамандандырылу рационалды ұйымдастырылуы тиіс дегенді білдіреді.

   

 

3  КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ РЕТІНДЕДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

3.2. ҚР коммерциялық банктердегі кірістер мен шығыстар құрылымын оптимизациялау

 

 

 

... Еңбекті басқарудың сапалық мінездемелері әржақтылы, олардың арасында экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық және басқа да түрлері бар. Оларды бағалау банк қызметінің шын мәнісіндегі талаптарының сапалы мінездемелерін міндетті салыстыруды жоспарлайды.

 

Аталған еңбек сапасының мінездемелеріне мәліметтік ресурстар, басқарудың техникалық құралдарының талаптарын қосқан дұрыс; жұмыскерлер мен ұжым арасындағы сапалы қарым-қатынастар мінездемесі, еңбектік жағдай мен мотивациялар.

 

Қазіргі уақыттағы коммерциялық банктерде басқарушылық мінездеменің өзгерісі байқалады, бұл қызметкерлердің мотивациясы, ұмтылушылығы, бір-бірімен ара қатынас, т.с.с. проблемаларына аса мән берілуідің күшеюімен сипатталады.

 

Коммерциялық банктерде еңбекті басқарудың терең мамандандырылуы жүзеге асырылуда, бұл жұмыскерлердің білімі, дайындығы, қызығушылығы деңгейіне қарай сұрыптау кеңінен орын алған, сондай-ақ жұмыскердің жеке тұлғасына да аса мән беру талап етілуде. Коммерциялық банктерге кәсіби менеджерлер қажет.

 

Банк жұмысының тиімділігін арттырудың тағы да бір маңызды көрсеткіші ретінде кадрлық саясат пен банк қызметкерлеріне жалақы төлеу жүйесінің тиімділігін жоғарылату табысқа қол жеткізеді. Банктерді зерттеу барысында анықталғандай, 2000 жылдағы банктерді қамтамасыз етуге кетірілген қаражаттардың орташа деңгейі барлық шығындардың 17,7% құраса, 2005 жылы – 14,3% құрады. Коммерциялық банктердегі кеңейтілген штаттар үлкен шығыстарды талап етеді, ал жалақы төлеуге кетірілген шығыстар ұйымның қаржылық көрсеткіштерін төмендетеді. Керісінше, салыстырмалы түрде шамалы белсенді ұжымдар акционерлер үшін қосымша таза кіріс әкелуге қабілетті. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 1. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и    политической модернизации. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана. - Астана: Ел орда, 2005.

 

2. Нуреев P.M. Курс микроэкономики: Учебник для вузов. - 2-е изд.,изм. - М: Норма, 2004. ...