Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!
... Иасауи шығармаларында жүректі тазалайтын зікірге зор маңыз берілген, тіптен “Диуани-хикметтің” өзін бастан-аяқ Алланы ықыласпен еске алудан тұратын болғандықтан зікір деп білуге болады. Зікір әрбір адамның орындау мүмкіндігі бар шартсыз, қиындықсыз орындалатын ғибадаттың түрі болуымен қатар, сопылық әдебінде муридтің тариқат жолында ілгерілеу әрекетіндегі негізгі ғибадат түрі болғандықтан да тікелей ұстаздың немесе пірдің басқаруымен және тапсырмасымен жүзеге асады. Зікірдің әрбір адамның жанына шипа, дертіне дәру, рухына дауа ұлық ғибадат екендігінің көптеген дәлелдері бар. Әйтсе де, Иасауи дәстүріндегі зікірдің маңызы зор. Ол — шәкірттің күнделікті құлшылық ғибадатында ерекше орны бар рухани кемелдену құралы. Нәпсі хауаспен күресу де, сопылық мақамдарды игеру де, жүректі ояту және тірілту, яғни шын мәніндегі таным органына айналдырудағы басты қару — Иасауи шығармаларында “ху семсері” деген атпен белгілі осы — Зікір.
18 хикметте:
887. “Фа азкуру уа аллаһу касиран”, — деп аят келді, зікір айтып, зар илеумен жүрдім мен — деген ғұлама зікір, Құран хадисте бұйрық етілген парыз деп біледі. Сонымен қатар ғашықтың хаққа ынтығын арттыратын, уағда қылған нұр дидарын көруге жеткізер құрал. “Өлім алдында өліңдер” деген хадисте нәпсіні жеңуді өсиет қылса зікір осы нәпсіні жеңу жолында ғамал-әрекет.
907. Нәпсіден безіп шын ғашықтар Алла деді, Сахар тұрып, “Чор дароб” ұрып көзін ойды Рахым ойлап Алла өзі назар салды,
Онан соңыра дария болып тастым мен,
- деген жолдардың сопылық әдебіндегі зікірден, закир құлдың (зікіршінің) халінен хабар беретін аса терең мағынасы бар. “Сахар тұрып дароб ұрып көзін оюды” деген жолдың бойында зікір жайлы бірнеше хадистегі пікірлерді қамтиды. Сахар тұрудың маңызы “олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып), раббыларына қорқа-дәмете (үмітпен) жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізді тиісті орнына жұмсайды” (Сәжде, 16 аяты).
Тағы бір хадисте адам түннің таңға жуық үшінші бөлігінде Аллаға жақын, мүмкіндік болса Алланы осы уақытта зікір етіңдер делінген.
Ал “чор дароб” парсы тілінде төрт жақ деген мағынаны береді. Қазіргі қазақ тілінде де “шартарап” сөзі жан-жақтан, әр қиырдан деген мағынамен кездеседі. “Чар, дароб ұру” төрт тарапқа дене қимылына, ырғала отырып ишара жасап зікір айтуды меңзейді. Оңға, солға, артқа және алдыға басы мен кеудесін серпе тастап, зікір айту, шайтанның адам баласын аздырамын деген антына орай, “Оңымнан, солымнан, артымнан алдымнан келіп уәсуас салатын, азғырушы шайтан малғұннан сақта” деген ниеттің ишарасы. Ниет исламдағы әрбір ғибадаттың басты парызының бірі. ...
Пайдалынған әдебиеттер
1. Ш. Құдайбердіұлы «Шығармалары». – Алматы, 1988
2. Тәжікова К. Ислам: дүниетаным, идеология, саясат. – Алматы, 1989, 79-б.
3. Иассауи Қ. Хикмет жинақ. – Алматы, Жалын, 1998. 628-б.
4. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті «Мәдени мұралардың танымдық негіздері». – Ақтау, 2004. ...